Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік жан-дүниесін қолөнерге деген сүйіспеншілікпен ұштастыру

Таңжарық Рахимбаева

Қарағанды гуманитарлық колледжінің технология пәні оқытушысы

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Мен өзімнің еңбек жолымда, студенттерімізді тәрбиелей отырып оқытуда әрбір студенттің жан дүниесін түсіну, оларды өнерге үйретудің басты құралы, – деп айта аламын. Бүгінгі таңда студенттерімізді қолөнеріне баулу, заманның ағымына қарай тәлім – тәрбие беру біздің міндетіміз. Таңғажайып қайталанбас қолөнер бұйымдары үй-ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны шындық, әрине бұл бізді қызықтырғанымен, тудыратын қиындықтары бар, атап өтетін болсам қажетті материалдардың студенттерде болмауы, мұндай қиындықтарды жеңудің жолын іздестіріп, жетістікке жеткен кездерім көп, соның бірі студенттерді қызықтыру, бұйымның жасалу жолын бірізділікпен жүйелі көрсету.

Өрнек тоқу өнерінің қыры мен сырын үйренуі студенттердің креативті ойлауын, қабілетін, зейін -зерде ерекшелігін, дүниетанымын, парасат-пайым деңгейін, мінезін, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. қасиеттерін дамытады. Өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылығы, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, көңілді ашады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді.

Менің қолөнері пәнінен байқағаным өрнек тоқуға үйрету кезінде студент тарапынан үйренемін деген құштарлық болса, үйрету кезінде ешбір қиындықтың  туындамайтындығы. Қыз баланың өз қолымен өрнектеп безендіріп киген киімі  сырт келбетін ғана емес жан дүниесін де сұлуландырады, жинақылыққа, ұстамдылыққа, шыдамдылыққа сонымен қатар әдемі сөйлеуге тәрбиелейді. Өрнек өре білетін студенттің жүріс-тұрысының өзінен қызға тән қылықты байқауға болады ғой.

Менің студенттерімнің ішінде өнерге жақын қыздарымның жүріс-тұрысы ерекше екендігін байқауда келемін, сонымен қатар өрнек өру арқылы студент бойында патриоттық сезім ұялатуға, елім –жерім дейтін ер-азамат, азаматша тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. Сонымен қатар ата-анаға сый құрмет көрсетуге,  үлкенді, жолдасын сыйлауға тәрбиелеудің басты құралдарының бірі. Бүгінгі таңда техниканың қарқындап дамып жатқандығынан кейінгі  онжылдықтар белесінде ата-ана тұрмысқа шыққан қызының жағдайын ұялы телефон арқылы біліп отырса, ал ертеде мұндай мүмкіншілік болмағандықтан, тұрмысқа шыққан қыз бала ата-анасына  ою-өрнек арқылы сәлемдеме жіберген екен, мен осындай аңыз әңгімелер арқылы студенттерімізді өнерге тартамын. 

Бүгінгі таңда біздің басты міндетіміз ұлттық салтымызды, дәстүрімізді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу, сондықтан олар өнерімізді сыйлап, қастерлеп оны терең білуі тиіс. Зерттеуші А.Керімбаевтың пікіріне қосыла отырып, әшекей бұйымдары арқылы ауруды қуу, көз тиюден сақтауға, жолын ашуға болатындығын қыздарыма айтып отырамын. Студенттер де біздің пікіріміз де осылай, шынымен де бұл шындық, – деп менімен келіседі. Жетістікке жетуде, зергерлік бұйымдарды саралап, студент пікірімен келісе отырып, әйелдерге қатысты зергерлік бұйымдарды шартты түрде: бас киімге тағылатын зергерлік әшекей; шашқа тағатын зергерлік әшекей; сырт киімге тағатын зергерлік әшекей; бойға; қолға тағатын зергерлік әшекейдеп бөлдік.

Бүгінде заманның ағымына ілескен қазақ әйелдерінің талғам-танымы да өзгерді, бұрынғыдай шашын өсіріп, оны қос бұрым етіп өретіндер қазір кемде-кем. Әйелдердің көпшілігі шашын қысқа етіп қыйдырумен бірге оны өздеріне ұнайтын түрлі түске бояйтын болған. Ал шашы ұзын кейбір қыз-келіншектер шаштарына шолпы, шашбау,жемелек тәрізді талайды тамсандырған зергерлік тамаша туындыларды емес, темірден жасалып, қайсыбіріне алуан түрлі өрнек салынған қыстырғыштарды пайдаланады, сондықтан біз заманымыздың ағымына қарай, бүгінгі күннің талабына сай бұйым жасаймыз, әрине бұл үлкен еңбекпен қоса шыдамдылықты, табандылықты талап етеді. Келешекте өзінің бір кәсібін жоспарлау, әрбір студенттің өз қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын анасына, жолдасына сыйлағанда анасының, жолдасының қуанғанын көргенде өнерге деген құлшынысы арта түсетіндігі мені қуантады, әрине адамгершілік тәрбиенің міндеттері шешіледі. Сабақ барысында кестені мулине жібімен сонымен қатар таспамен, лентамен, ribbon кестелеу түрлерін үйретемін. Мысалы, таспамен кестеленген бұйымдар өте тартымды болады. Таспамен көбінесе пейзаж, яғни табиғат сонымен қатар алуан-алуан гүлдер кестеленеді. Кестелеуде ескерілетін басты талап, түс үйлесімділігі, негізгі фонға сай келетін түс таңдай білу немесе, кестелейтін бұйымымызға фон таңдау. Мұндай жұмыстар бүгінгі жастарды өте қызықтырады. Тәжірибе барысында «Лала гүлін» кестелеу техникасын игеру оңай жұмыстардың бірі болды. Онда ең алдымен жіңішке таспамен гүлдің үш күлтесін оң жағынан, сол жағынан тігу тігісі арқылы тігіп аламыз. Келесі үш күлтені жуандау таспамен тігеміз, күлтелерді тігіп болғаннан кейін, сары бояуға шамалы қызыл бояу араластырып аламыз да күлтенің ортасын  бояймыз. Қоңыр бояуға пва желімімен араластырып аламыз да шидің көмегімен күлтеге нүкте қойып шығамыз. Сымнан “Т” әрпін жасап, алдын ала араластырылған ұн, қоңыр бояу, пва желіміне айналдырып бояп аламыз. Енді гүлдің ортасын бізбен тесіп алып, сымды қадаймыз. Жапырақтарын тігеміз. Осылай гүліміз дайын болады. Осы тақырыпта тәжірибе алмасу мақсатында қолөнері пәнінен орыс, ағылшын тілдерінің элементімен өткізген сабағымның жоспарын құрып, ашық сабақ өткіздім.

Қорыта келгенде, мен еңбек жолымда алға қойған мақсатыма жету үшін, педагогикалық ұстанымыма жүгініп, қандай қолөнерінің бізге берері көп екен, шығармашылығымызды, таным процесімізді жетілдіріп қана қоймайды сонымен қатар пайдалы демалу,  өмірге деген өзгеше көзқарасын қалыптастыратындығына студенттерімнің көзін жеткізуге тырысамын. Сөз соңында айтарым «Өнер көзі - халықта», халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ, оны жаңғыртып іске асыру – біздің перзенттік парызымыз демекпін.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net