Lesson Study тәсілі- Нұрмақов мектебі ұстаздарының шығармашылық алаңында

                                                                                   Акимбекова Гулзира Зейноллаевна

                                                                               Нұрмақов атындағы мамандандырылған 

                                                                            мектеп-интернатының қазақ тілі мен

                                                                                       әдебиеті пәні мұғалімі

              Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім - жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі  оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болатындығы айқын. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады.

Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік, педагогикалық тәсілдер қажет. Сондай тәсілдердің бірі - мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын Lesson Study. Бұл тәсіл - сыныпты зерттеу нысандарының бірі, сондықтан бұл мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл. Осы тәсілді қолдана отырып, мұғалімдер демократиялық түрде сабақты зерттеп, оны зерделеу барысында оқыту мен оқуды жетілдіру арқылы өзінің кәсіби шеберлігін дамыта алады. Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында мектебіміз қаламыздағы педагогикалық шеберлік орталығымен тығыз қарым-қатынаста байланыс жасайды. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Байжігітова Төлеубике Рымханқызы мектептегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге Lesson Study тәсілінің теориясы, практикадағы қолданысы жайлы арнайы коучингтер өткізді. «Оқыту жүйесінде мұғалімнің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар оқушыға педагогикалық қолдау беру қажет» деген пікірді басты назарда ұстайтын білім ордасында мектеп менеджері Жазира Қазыбекқызының ұйымдастыруымен Lesson Study – ді жүзеге асыру үшін құрылған мұғалімдер топтарын шағын қоғамдастықтың бастауы ретінде қарастыруға болады.

            Осындай мақсатта құрылған фокус топтардың бірі (Зерттеуші топ құрамы: Зәуреш Жұмағалиқызы, Фарида Әліпқызы, Айнұр Сағатқызы, Гүлзира Зейноллақызы)  «9а сынып оқушыларының ынтасын арттыратын топ 10 әдіс» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді. Таңдап алынған зерттеу жұмысын бірлесіп жоспарлауда,

А,В,С деңгейіндегі оқушыларды  бірлесіп қадағалауда, жоспарланған сабақтарды бірлесіп талдауда топ көшбасшысы Айнұр Сағатқызы ұйытқы болып, ынтымақтастық жұмыс арқылы нәтижеге қол жеткізуге болады деген бірлескен пікір қалыптастыра алды. «Оқушылардың сабаққа ұйымдасқан түрде дайындалу дәрежесін, материалды қабылдау процесіндегі белсенділігін арттыратын және танымдық ойлаудың жоғары деңгейіне жетелейтін әдіс-тәсілдерді іріктеу» - зерттеу жұмысының мақсаты. Аталған сыныптың таңдалу себебі, сынып оқушыларының белсенділігі орташа. Сабақтағы ойы шашыраңқы. Сыныптың басым көпшілігін орташадан төмен оқитын оқушылар құрайды. Мысалы, сабақ бойында ешбір әрекетсіз отыратын оқушылар да кездеседі. Сондықтан, аталмыш сыныпты зерттеу қажеттілігі туындады. Зерттеу үш циклды қамтыды. Бірінші циклда зерттеудің мақсаты айқындалды, жоспар құрылып, әдіс-тәсілдер іріктелді, оқушылардан кіру сауалнамасы алынды. Қазақ тілі мен әдебиетінен өткізілуге жоспарланған Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» тақырыбындағы сабақ жоспары  алдын ала талданды. Ұлы ойшыл еңбегінің маңыздылығын ашу, хикметтерінің негізгі түйінді ойын зерделеу» оқу мақсаты ретінде алынды. Сабақта «Кесте» сұлбасы, «Метафоралық модель», «Пирамида», «Сәйкестендіру» тесі әдіс-тәсілдері және 7 модуль қамтылды. 1 циклдың қателіктері ескерілген 2 цикл жоспары бірлесе құрылды. Екінші циклда «Кальций  және оның қосылыстары» тақырыбында химия пәнінің мұғалімі Фарида Әліпқызы және «Агроөнеркәсіп кешені» тақырыбында Зәуреш Жұмағалиқызы сабақтар өткізді. Тұлғаның кәсіби әлеуетін арттыруда, белгілі бір ғылым, мамандық саласына бейімділігін дамытуда бұл сабақтардың маңыздылығы, нәтижелілігі зор болды. Екінші циклда өткізілген сабақтардың жоспарлары да  ынтымақтастық ортада күні бұрын талданып, айтылған пікір-ұсыныстар ескерілді. Үшінші циклда нәтиже сабақты тарих пәні мұғалімі Айнұр Сағатқызы «Қазақстанда әскери-өндірістік-кешеннің қалыптасуы» тақырыбында өткізді. «А», «В» деңгейіндегі оқушылардың: «Әлемдегі бейбітшілікті  қолдаймыз!» деген ұранды ойлары және «С» деңгейіндегі оқушының «Отанымыздың тарихын өте жақсы білгім келеді және бұл менің кішігірім арманым» деп ой түйіндегені - біздің ұжым болып жүргізіп жатқан жұмыстарымыздың нәтижесі деуге болады. Зерттеу мақсатына сай,  үш циклда да өткізілген сабақ барысында таңдап алған әдіс-тәсілдерді қолданғанда оқушылардың ынтасы артып, белсенділіктері жоғары болды, шығармашылық және жағдаяттық тапсырмаларды орындауда көбірек қызығушылық танытқандары байқалды, сонымен қатар  топтық жұмыстар кезінде оқушылар арасындағы ынтымақтастық, жанашырлық,  сыйластық, жауапкершілік, қызығушылық, ынталану, бірін - бірі қолдау  әрекеттері білінді.  Әр оқушының өзіндік ойы, пікірі пайда болып, олар бойындағы жауапкершілікті сезінді. Әр берілген тапсырманы өте салмақты қабылдап, тапсырмаларды сапалы орындауға тырысты. Зерттеуге алынған оқушылар сабақ барысында өздерін керекті тұлға екендігін түсініп, талданған мәселенің түйінін алып шығуға талпыныс білдірді. Мақсатқа сай таңдап алынған әдіс-тәсілдер, стратегиялар оқушыларды белсенді әрекетке жетелей білді, оқушы танымдылығын, қызығушылығын арттыруда септігі тиді деп ой қорытуға болады. Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға,  инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов нағыз ұстаз бойынан табылар қасиеттерді атап кеткен болатын. Ендеше келер ұрпақты дара тұлға етіп қалыптастыру мұғалім еншілігінде, яғни ол үшін мұғалім білімін арттырып, әрқашан да ізденуге міндетті. Өйткені ол заман талабы...

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net