«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ ДАМЫТУ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ»

Абишева Алмагул Жумановна, логопед-мұғалім

Абуева Самал Даулетовна, дефектолог

Қарағанды қаласы.  КММ«№25 ЖББОМ»

 

  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Жеке  адамның шығармашылық,  рухани  және  дене  мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік пен салауатты өмір салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру, жеке  басының  даму үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»- дейтін ұсыныстар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы  қиын болып тұрған  мәселелерді қозғайды. Оқушылардың  тіл  мәдениетін  арттыру мен  дамыту, сапалы  білім  беру   қазіргі  кезде  мектеп  мұғалімдерімен  тіл  мамандарының алдынды  тұрған  басты  міндеттердің  бірі.

 

  Қазақ тіліндегі тіл дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Баланың тілін дамытатын ең бірінші өзінің қоршаған ортасы, айналадағы  оқиғалар, ойнаған ойындары, ұстаған заттары, жанұясы, оқыған кітабы, көрген кинолары баланың ойлау әрекетін дамытады және  көргенін сөзбен айтып тілін дамытады. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыру. Әр мұғалім тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсініп, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана алады. Тіл дамыту жұмыстары ауызша-жазбаша жаттығулар, мәтінмен жұмыс, мазмұндама, ертегі тыңдау, шығарма, диктант, мақала жазу, мінездеме беру, суретпен жұмыс, сұраққа жауап жаздыру, жоспар жасату, кітап оқу сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асырылады. Сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын аттырады және оқушылардың бірінен-бірі қалғысы келмей тапсырмаларды орындап, нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушы дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.

  Оқушының сөздік қорын байытып, тілін ұстартуда шешуші рөл атқаратын жұмыстардың бірі – сөздік жұмысы. Сөздік жұмысы арқылы оқушының тіл байлығын молайтумен қатар, дұрыс жазуға да дағдыландыра аламыз. Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау.Озық педагогика: әрбір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш-қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді. Жаңа қоғамда жаңа ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жастарға білім беру жүйесі реформалардың бірі-адамзат қоғамы тарихында қарым-қатынас құралы міндетін өтеп келе жатқан тілдерді меңгерту, мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілінің кеңістігін кеңейту. Өйткені қазақ тілі қазіргі таңда өмір қажеттілігін өтейтін қоғамдық қарым-қатынас құралы. Қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуды бастауыш сыныптан бастап ыждағаттылықпен қолға алған жөн. Бұл мұғалімнен көп ізденіспен қатар әр оқушының тіл үйренудегі ерекшелігін жете зерттеуді қажет етеді. Бастауыш сыныпта граматтика ерекшеліктерін меңгермеген бала жоғары сыныпта да жақсы үлгерімге жетуі қиын. Бұл жерде сабақ жүргізу әдістемесін меңгерген ұстаз сабақты түсіндіріп қана қоймай, оқушының өз бетімен ізденуіне түрткі болып отыруы, жетектей білуі қажет. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөледі. Тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу (сөздің, сөйлемнің үлгілерін беру) оны дұрыс  беру, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығулар арқылы іске асырылады. Қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық қазақтың әдеби тілінің нормасына сай, дұрыс айта білуге үйретумен бірге екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып, олардың не нәрсені білуге жаны құмар екенін аңғару,  неге қызығушылықтары басым екеніне дұрыс бағыт-бағдар беру, жетелеу арқылы тіл дамыту жұмыстары ұйымдастырылады. Оқушының тілін дамыту жұмысы ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз өйткені оқушы қай пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы көрген –білгені туралы күнбе –күн сөйлеп ойын қалыптастырып отырады. Тіл дамыту жұмысы күрделі де шығармашылық процесс.Тіл байлығының мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс, ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты.

   Дауыстап оқыту арқылы - оқушының сөйлеу элементерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі – оқушылар бірінің қатесін бірі түзетіп отырады. Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей шапшаң оқу үшін бір мәтін беріліп, қай жерге дейін оқу керектігін белгіленеді. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Осылайша оқушылардың оқу шапшандықтарының мөлшерін мұғалім өзі белгілеп отырады.  Мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Қазақ тілі сабағында оқушылардың білімдерін қорытындылау кезінде топтастыру сызбалары, венн диаграммаларын пайдалануға болады

  Сұрақ:- Мейірімділік дегенді қалай түсінесің? 
Оқушылардың жауаптары сызбаға жазылады. Берілетін мәтіндер қызықты, тартымды болғаны жөн. Мәтіндерді, сұхбаттарды көбінесе балалардың өздеріне құрғызған жақсы. Ойларында жақсы сақталады. Күнделікті сабақта қолданып, үйретілетін жаңа сөздерді ауызша қайталатып, түсіндіріп,  дәптерлеріне жазғызып, келесі сабақта сол сөздерді сұрау керек. Жаңа сөздерге байланысты мәтінді оқытып, сол сөздердің жанына синонимін, омонимін, антонимін көрсетіп жаздыру қажет. Бұндай әдісті қолдану кезінде әрбір оқушының мәтінді оқуға қызығушылығы артып, орындауға деген ынта-жігері байқалады және танымдық белсенділіктері артады. Өйткені сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушы жаңа сөздерді естерінде сақтайды, ұтымды жерінде пайдаланады осы арқылы олардың сөздік қорларын молайтады. Қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамытуда өз ұлтымыздың ауыз екі шығармашылығының тигізер пайдасы көп. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары,  жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды.

 Мақал-мәтелдерді пайдалану сөз байлықтарын көбейтеді. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы. Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім өз жұмысына талдау жасап, қызметіндегі артықшылықтары мен кемшіліктерін көре алады. Өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, кемшілік болса түзеп, артықшылықтарымен өз әріптестерімен бөлісе алады, олай ету әр маман үшін өте тиімді. Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады; қазақ тіліне қызығушылық көтеріледі, ауызекі сөйлеуі дамиды, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.  Сыныптан тыс оқуды  ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болу керек. Кластан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастау керек. Себебі сауат ашу кезінде оқушылардьщ ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі- түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі. Екінші сыныпта мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан  кітап алуды ұсынады. Оларға кітапты дұрыс ұстап, күте білудің ережелерін үйретеді: кітапты тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамауды үйретеді. Мұғалім бұл ережелерді тәрбие сағатында айтып отыруы керек . Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Қазақ тілі » оқулықтарындағы жаттығулардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынын  айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы керек. Мұғалім өз оқушыларына кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың, қандай кітап оқу керек екенін айтып отырады. Осы әдіс қазақ тілі сабағында оқушылардың тілінің дамуына бір себеп болады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Білім туралы ҚР заңы. 3-бап, 8-бет. Алматы,2001ж.
  2. Орысша-қазақша сөздік. 
  3. Ұстаз сайты, Бастауыш мектеп сайты«Бастауыш сыныптың тіл сабақтарында дамыта оқыту ерекшілігі»
    1. Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытудағы ролі // Бастауыш мектеп.- Алматы, 2013.- № 5.-Б.5-7.

 

 

 

 

.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net