КӨПТІЛДІЛІК –ТАБЫСТЫ ДАМУҒА АПАРАР ЖОЛ

Карбозова Динара Командировна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы  бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының

оқу жұмысы және мониторинг қызметі бөлімінің бас маманы

       

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.

Тіл – адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құрал. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс – тәжірбиесі мен даналығы бар. Тіл – оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Халықаралық кеңістікте қалыптасып келе жатқан көп тілдік жағдай қоғамдық қызметтің қай саласында болмасын жеке адамға деген қосымша жаңа талаптарын ұсынуда. Мұның үстіне белгілі бір мамандықты игеріп қана қоюдың жеткілікті бола бермейтіндігін күнделікті өмірдің өзі көрсетуде.

 

Қазіргі қазақстандық білімнің өзекті мәселелерінің бірі – көптілді тұлға қалыптастыру. Бұл мәселенің өзектілігі еліміздегі жүргізіліп отырған үш тұғырлы тіл саясатымен, "Үштұғырлы тіл" мәдени жобасының кезеңдік жүзеге асырылуымен байланысты. Қазақстан үшін үштұғұрлы тіл - елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың бірінші баспалдағы. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ену тілі болып есептеледі, сондықтан да осы тілдерді оқыту сапасын арттыру жүзеге асырылуда. Көптілділік және жаһандану, ұлтаралық қарым-қатынас мәселелері жағдайында оқушыларды өмірге бейімдеу үшін бір немесе бірнеше тілді меңгерту қазіргі әлемдік тенденцияларға сай жүзеге асырылып отырылуы қажет.

Көптілділік интеграция факторы ретінде көптілді тұлғаның жарқын болашағына кепілдік беріп, әлемдегі барлық құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Көптілді мәдениет пен қазіргі тіл білімі адамға тек қана өзінің ұлтының өкілі ғана емес, көптілді кеңістікте қалыптасқан тұлға ретінде танылуына жағдай тудырады. Коммуникативті құзыреттілік мобильдікті қамтамасыз етіп, уақыт пен қоғамның талабын қанағаттандырады.

Көптілділік – кез келген қоғам үшін, кез келген формация үшін тұйықтықтан шығудың, интеграцияны негізгі ұстаным етіп алған бағытты айқындайтын жол деп танылған. Бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде  ақпараттың басым көпшілігі ағылшын тілінде жарияланады.. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар.

Әлемдік өркениетпен жан-жақты интеграцияға түскен біздің халқымыз үшін ағылшын тілін үйрену ұлтымыз үшін игі мұраттардың бірі болмақ. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ ағылшын тілін үйрену мен оқытудың іс жүзіндегі қажеттілігін сезінуде. Осыған орай халықаралық стандарттарға сай білім алуды мақсат етеді. Ағылшын тілін білу қазіргі кезеңдегі байланыс шекарасының кеңеюіне, өркениет ағынына ілесуге, ақпараттар кеңістігінде еркін байланыс жасауға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі қазақ тілінің құнарлылығын, халықтың салт-дәстүрін, мәдениеті мен жетістігін әлемдік кеңістікке жеткізуші көз болып табылады.

Мемлекетіміздің мектеп реформасына енгізген үш тілде оқыту бағдарламасы –жаһандану заманы туғызған қажеттілік. Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

Үш тілді меңгеру - жарқын болашақтың кепілі. Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту және тілдердің үштұғұрлығы қағидатын іске асыру. Шет елдегі отандастармен мәдени байланыстарды нығайту және дамыту. Үштұғұрлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың формасы ретінде пайда болған жоқ, ол - өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы толайым табыстарға ілім-білімге алып барар жол - ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді уйрену.

Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Ағылшын тілін оқыту - жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің басты талабы.

 «Өрлeу» біліктілікті aрттырaтын ұлттық oртaлығы» AҚ филиaлы Қaрaғaнды oблыcы бoйыншa пeдaгoгикaлық қызмeткeрлeрдің біліктілігін aрттыру инcтитутында «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердің физика, химия, биология, информатика мұғалімдеріне арналған білім беру бағдарламасы бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын өткізу жоспарланып, өткізілді. Бағдарламаның мақсаты: шет тілдерін меңгеру деңгейлерін айқындайтын жалпы еуропалық параметрлерге сәйкес Common European Framework of Reference А2 деңгейінен В2 деңгейіне дейін мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіру және ағылшын тілінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесін меңгеруі болды. Ағылшын тілінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту оқушылардың ағылшын тілінде коммуникативті даму біліктілігін арттырды, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік берді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алды.

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында 2019 жылы 300-ге жуық  ағылшын тілі пәні мұғалімдері жаңартылған бағдарлама негізінде біліктіліктерін арттырды.

Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оны жүзеге асыру – ұстаздардың міндеті. Сондықтан да заманауи ұстаздарға тоқтаусыз ізденіс қажет!

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж