АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Турсунова Ханифа Шераликызы, ағылшын тілі пәні мұғалімі

 «Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Бұқаржырау ауданы, Баймырза ауылы

            Әрбір Қазақстандық азамат  ең алдымен өз тілін, өзінің ана тілін  оқып үйренуге  міндетті. Мемлекеттік тілге деген құрмет–бұл өзіне деген құрмет,  ұлан байтақ еліне деген құрмет болып саналады. Бұл бағдарламаның басты өзектілігі- мейлі, ол қандай ұлт болмасын, Қазақстанның азаматы болғандықтан әрбір азаматқа мемлекеттік тілмен қатар, орыс және ағылшын тілдерін меңгерту.

Еліміз елу елдің қатарына қосылу мақсатында  тер төгіп, еңбек етіп жатыр. Біз де «көлге тамған тамшыдай» болсын  осыған үлесімізді қоссақ дейміз. Кішкентай өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге  мемлекеттік, орыс және ағылшын  тілді меңгерте алмасақ,  онда біз бір жалау астында біртұтас  ел бола алмаймыз. Бұл баршаға ортақ мақсат. Әрбір бүлдіршіннің бойына  еліне деген, ана тіліне, шет тілдерге деген  сүйіспеншілікті  тәрбиелеу ол біздің басты  міндет.

 

Қазақстанның болашағы жалынды жастар емес пе?! Тілімізді  меңгеріп, таза сөйлесек қана  биік белестерді  бағындырып, алынбайтын қамал бола аламыз. «Ана тілің –арың бұл, ұятың боп  тұр бетте» демекші, ел болып, бір болып түтініміз түзу ұшсын десек, еңсемізді  көтеріп, болашақ ұрпақтың бойына  тіліміздің қадір-қасиетін  сіңіріп,  еліне деген, жеріне деген, өз ана тіліне, шет тілдерге деген құрметті тәрбиелейміз.

Біздің мемлекттік тіліміз – ана тіліміз болса, ал орыс және ағылшын тілдері - бұл  қасиетті қазақ елінің  шаңырағының астында  шоғырланған  барша халықтың қатынас тілі. Өзге елдің тілін, салт-дәстүрін  сыйлай білсек қана қасиетті «қазақ» деген атқа лайықты болғанымыз. Жас ұрпақ өз тілімізбен қатар, қазіргі заман талабына сай  басқа да тілдерді меңгерулері керек. Осы мақсатта біз орыс, ағылшын  тілдерін оқып үйренуді міндет етіп отырмыз.  «Тіл тағдыры  бұл– ел тағдыры». Өз ана тілімізді өзгелерге сыйлатамыз десек, ең алдымен өзіміз  сол өзге ұлттың тілін сыйлай білуіміз керек. Өз тілімізден кейінгі қатынас тіліміз-орыс және ағылшын тілі. Қазақстанның кемелді келешегі жастардың қолында. Жас ұрпақтың санасына осы астарлы  сөздердің мағынасын жете сіңіре білдіру.

         Осы талаптарды  ескере отырып, мектеп алды даярлық сыныптарыңда «Тілдерді үйренеміз» ойын сабақтар бағдарламасын жобалап шығардық. «Тілдерді үйренеміз» ойын сабақ бағдарламасы оқу жылында ұйымдастырылған  оқу іс- әрекетінен тыс   5-6 жастағы  балалармен  20-25 минуттан орыс және ағылшын тілінен  18 ойын-сабақтар өткізіледі. 

Ойын-сабақтарда интерактивті технологиялармен бірге басқа да әдіс-тәсілдер қолданылады: сөздік, ойындық, тәжірибелік. Одан күтілетін нәтиже:

  • Ø Балалар үш тілді де жақсы меңгереді;
  • Ø Балалардың  активтік сөз қоры байып, дамиды;
  • Ø Балалар күнделікті  үш тілде де жақсы сөйлей алады;
  • Ø Балалар аудандық, облыстық  сайыстарға қатысады.

    Сабақтарымда балаларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандырып, тіл тазалығын сақтап сөздерді дұрыс қолдана білу жолдарын танытуды мақсат етіп  үйретуде, үш тілде еркін сөйлеуге, сөздерді дұрыс айта білуге дағдыландыруды көздедім. Ең бастысы, баланың таным қабілеттерінің мүмкіншіліктерін басшылыққа ала отырып, өзіне деген сенімін арттырып, қызығушылықтарын тудыру. Ал, үш тілді меңгеру - бүгінгі таңдағы білім жүйесіндегі педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі.

   «Тілі бірдің -тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында еңбек ету парыз.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net