Заманауи білім беру үрдісінің жаңашылдығы және үштілді білім беру жарқын белеске жетелейді

Елеубекова Айжан Болатбековна

ЖББ «М.П.Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты» КММ

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

 

Заманауи білім беру үрдісінің жаңашылдығы және үштілді білім беруді қолға алу қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Білім саласында жаңашыл өзгерістер мен реформалардың жиі болып тұруы өте жақсы деп ойлаймын. Себебі, әлем күн сайын  өзгеріп, заман талаптары жоғарылауда. Сондықтан, біз әрқашан заманның ағымына ілесіп,жаңашылдықпен жаңарып отыруымыз керек.

 

Сонымен қатар, бүгінгі таңда ағылшын тілі – жаңа технология,жаңа экономика тілі.Көптеген жаңа технологияларды меңгеру,жаңа индустрия мен жаңа экономиканы жүзеге асыру ағылшын тілінде жасалынады.Қай заманда болсын бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған.

Егер мен осы мәселеге ата-ана ретінде өз көзқарасымды білдірер болсам, әлбетте мен өз баламның үш тілде білім алып, келешекке жарқын бағыт табуына септігімді тигізгім келер еді.Бірнеше тілде сөйлей де,жаза да білетін азамат өз елінде де,шет елдерінде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз.Өйткені,Үштұғырлы тіл -өмірлік қажеттіліктен туындаған идея.Қазақстан Республикасының даму саясатында Үштұғырлы тіл саясаты бірнеше жыл бұрын ғана қолға алынған. Назарбаев зияткерлік мектептері, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары оқуын бітіргенде бірнеше тілді меңгеріп шығатыны қуантарлық жағдай. Өз баласын осы мектептерде оқыту, әр ата-ананың арманы болар. Бірақ, қазіргі таңда бұл әзірше көптеген ата-ананың ұшқыр қиялы болып қана тұр.

Сол ұшқыр қиялды жүзеге асыру әрбір педагогтың міндеті деп санаймын. Осы орайда қаламызда Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін тарату қолға алынған. Білім ордаларында бірнеше семинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар, ашық сабақтар өткізілуде.Сонымен қатар, жыл сайын әр мектепте «Ашық есік күні» атты іс-тәжірибе алмасу іс-шарасы ұйымдастырылып отырады. Бақытыма орай,былтырғы оқу-жылында мен өз мектебімізден осы Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату бойынша координатор болып қоғамдық жұмыс атқардым. Яғни, мен өз мектебімнен бөлек басқа мектептердің іс-тәжірибесімен бөлісіп,ол өз мектебіміздің іс-тәжірибесінде қолдануға септігін тигізіп отырды деп санаймын.

Қазіргі таңда әрбір педагог ізденімпаз,жаңа бағытты ұстанушы,үш тілді меңгерген болу керек. Себебі, сабақты сен жаңартылған мазмұнда,үш тілде өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып қана қоймай, сен олардың жарқын белеске қадам басуына себепкер боласың. Сонымен бірге әрбір ата-ананың ұшқыр арманының орындалуына өз септігін тигізесің деген ойдамын.

Әрине осы тарапта мен ағылшын тілін өзім білмесем оны қалайша оқушыларға үйретемін деген жалқау бір ой келеді. Бірақ, қазір дамыған заман.Тіпті қолымыздағы ұялы телефондарымыз арқылы да ағылшын тілін меңгеріп алуға болады.Тек әр адамға ынсап керек. «Ел боламын  десең, бесігіңді түзе!» демекші, біз жаңашылдықтан қорықпауымыз керек. Керісінше алтын уақытымызды дұрыс пайдалана біліп, балаларымызға жарқын белеске қол жеткізуге өз үлесімізді қоссақ деймін.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net