Балабақшада өзге ұлт балаларын қазақ тілін үйретуде ойынның маңыздылығы

Турсанина Гульнара Акимжановна

Саран қ. КМҚК «Колобок» б/ж, қазақ тілі мұғалімі

 

Мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларды тәрбиелеу жан-жақты қамтылуы тиіс.«Тәрбие тал бесіктен» дегендей қазіргі таңда балабақша табалдырығынан бастау алатын өзге ұлт бүлдіршіндерін қазақ тілін үйретуде ерекше маңыздылық қажет.«Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір» екенін балалықтан бастау алатын етіп тәрбиелеу міндетіміз. Бүгінгі күн талабына сәйкес баланың ойын, тілін дамыту, уақыт көшінен қалып қоймауына, ұшқыр ойлы, жігерлі, ұлтжанды, қайратты етіп, сапалы білім, саналы тәрбие мен ұштастыра алсақ қана ұлт тілегі орындалады. Ауызбірлік пен түсіністік болған жағдайда ғана тыныштық мамыражай өмір болатынын бүлдіршіндерге қарапайым тілде, түрлі әдістер мен бойларына сіңіруге өз үлесімді қосудамын. Баланың ой-өрісіне балаша үңілсе ғана нәтижеге жетесің.Бүлдіршіндерді яғни біздің келешегімізді қазақ тілін меңгерту біздің басты мақсатымыз.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Әр мұғалім заман талабына сай өз сабағына жаңашылық енгізіп, шығармашылық ізденіспен өткізеді.

Өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде ойын және жаңа ойын технологиялар арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып,тілдесім әрекетіне жетелеу тиімді болып табылады.Ойын  — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.

Балабақшада балаларға қазақ тілін үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше.Ойын-балалар үшін қоршаған ортаны танып білудің ең жеңіл-де ұтымды тәсілі. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру балалардың тіл үйренуге деген қызығушылығын,ынтасы мен зейінін арттырады.Бала ойын ойнау барысында жан-тәнімен ойынға кірісіп кетіп, қызығушылық танытып, белсенділік   пайда болады. Ойын ойнаған кезде тіпті  тілді үйренгісі келмейтін баланың өзі қызығушылық танытып ойынға араласып кетеді.

Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері-де әр түрлі болып келеді.Оқу әрекеті барысында қолданатын ойындар бірнеше түрлерге бөлінеді:дидактикалық ойындар,сюжетті-рөлдік ойындар,қимыл-қозғалыс ойындар,ұлттық ойындар,саусақ ойындары,фонетикалық ойындар, логикалықойындар,үстел үсті ойындары және т.б.

Біздің балабақшада балаларға қазақ тілін үйрету үш жастан басталады. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді жаттату,қайталау арқылы үйретпей, оларды ойын мен ойын технологияларын қолдану  арқылы үйретемін.

Ұйымдастырылған оқу әрекеті  барысында балалардың қызығушылығын арттырумақсатында мазмұнды көрнекі суреттер, кейіпкерлерді қатыстыру ,әр-түрлі ойыншықтаржәне  ойындар қолданылды. Екінші кіші тобында  «Қуыршақта қонақта», «Хайуанаттар бағында», «Әжемнің үйінде қонақта» және тағы да басқа саяхат- сабақтарыойын түрінде өткізіледі.Осы  іс-әрекетте балалардың сәлемдесу,танысу жәнезаттың атауын атап үйрену  арқылы  тілгеқызығушылықтарыартады.

Ортаңғы тобында дәстүрден тыс сабақтарында «Қызықты  кездесу»,«Ауылда»,«Кішкентай балапанның саяхаты», «Дүкенде»,«Асханада»саяхат-ойындары балалардың ойлау қабілетін,ой санасын,түйсігін арттыруға себебін тигізуде.

 Қазақ тіліндегі тән дыбыстарын дұрыс айтуды үйрету үшін балаларға дыбыстық жаттығулары,сергіту сәттерін қолданып, қысқаша тақпақтар мен жаңылтпаштар айту әдістері жиі пайдаланылуда.Сонымен қатар балалардың  санау қабілеттерін арттыру мақсатында «Бір-көп»,«Тауық жәнебалапандар»

ойындары және т.б. ,саусақтар моторикасынының дамуын көздеу мақсатында «Қуырмаш,»,«Балақай»,«Отбасы»сияқты ойындар ойналады. Мысалы,

Мына саусақ ата,

Мына саусақ  әже,

Мына саусақ әке,

Мына саусақ  шеше,

Мына саусақмен.

Барлығы менің-отбасым

Ұйымдастыру оқыту әрекетінде  балаларға қонаққа Алдар көсе,Ата,Әже, қуыршақ  Сәуле сияқты кейіпкерлер келеді.Оқу барысында балалардың ойлау және ой санасының артуына себебін тигізетін «Сиқырлы дорба», «Дүкен», «Телефон», «Кім жылдам ?», «Мен бастайын,сен жалғастыр» және тағыбасқа дидактикалық ойындары қолданылды,ал «Не артық?»,«Үй  жануарлары»,«Кім қалай дыбыстайды?», «Хайуанаттар бағында», «Жеміс-жидектер», «Құстар», «Көңілді алаң» сияқты ойындар  кезінде қимылды-қозғалыс ойындары ойнатылады. Осы әдістерді пайдалану балалардыңөздерін қоғамдық орындарда емін еркін ұстау нормаларын машықтанып,олардың қазақ тілінде ауызекісөйлеу дағдылары қалыптасады.

Ересектер тобында балалардың қойылған  сұраққа дұрыс жауап беруіне,тілді түсінуіне көп көңіл бөлінуде. Балалардың белсенді сөздерінің сан жағынан өсуіне байланысты сабақта кем дегенде 1-3 сөздік жаттығулар енгіземін.

Мысалы, «Ойыншықтар»тақырыбында «Не бар,не жоқ?», «Ғажайып қапшық»,«Балабақша»,«Танысу»тақырыптарына «Қонақты қарсы алу», «Қонақты балабақшамен таныстыру» ойындары ойнатылады.

«Лото»ойынында балалардың алдында түрлі үй жануарларының немесе ойыншық түрлерінің қиынды –кубиктері таратылып беріліп,аталған заттарды жинастыру тапсырылады. Осы ойындарды қолдану  балалардың заттардың атауын есте тез сақтап ,олардың ой өрісінің ықтималды дамуына әсер етеді.

  «Ғажайып дорба» ойынында заттардың жекелей атауларын,түр-түсін,қимыл-әрекеттерін айтқызу үшін бұл ойынды бірнеше түрде қолдануға болады. «Ыдыс-аяқ», «Киім», «Ойыншықтар»,«Көкөністер»т.б тақырыптар бойынша жеке атаулармен қатар заттардың жалпылама мәнді сөзбен аталуын бекітуде де бұл ойынның мәні зор.

«Поезд»немесе «Ал,кеттік»ойынында балалар дөңгелене отырады да,топтама суреттер оларға таратылып беріледі.Бұйрық берілісімен беті теріс қаратылған карточкаларды балалар жылжыта бастайды. «Тоқта» деген белгі берілісімен қозғалыс тоқтатылып,әрбір  бала алдына келген суреттің атын атайды.Бұл ойындарда балалар суретке қарап заттардың атауын атап ,есте сақтау қабілеттерідамиды.

Тілді дамытуға арналған дыбыстық жаттығуларды өткізуде ,балалар сөздердегі қазақ тіліндегі тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйреніп, дауыс ырғағын дамытып,тілдерін жаттықтырады.

Мысалы:Дән-дән,сән-сән,дәмді сүт,дәмді нан

Ән,ән,қамба толы дән

Әжем айтқан ән,құрып жүрген сән

Ойын арқылы балалар қазақ тілін меңгеріп, сөздік қорын байытады және жаңа материалды жақсы қабылдап,есте сақтайды,зейіні дамиды,

қызығушылығы артады.

Оқу жылының аяғында балалар оқу бағдарламасының талабына сәйкес ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгеріп,байланыстырып сөйлеуге үйренеді,қазақ тіліндегі сөздік минимумы қалыптасады.

  Түрлі ойындарды өткізу сөзсіз оқу іс-әрекетін жандандырып, қызығушылығын арттырады. Осылайша ойын түрлері баланың дұрыс сөйлеуі мен тілін дамытуда жетістікке жеткізер жолдың бірі болып табылады.

«Ұстаздық еткен жалықпас,

 Үйретуден балаға» -деп, Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылықпен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесек қана еңбегің жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеумен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін ұмытпайық.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net