Қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау

Мырзаканова Тогжан Мейиржановна Баймырза ауылы

«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ

          

Қазіргі дамыған өркениетті Қазақстанның болашағы мектеп оқушылары. Сондықтан осы оқушыларға жан – жақты білім беру, ойын еркін жеткізе ала білу, білімге құштарлығын ояту – ұстаз міндеті. Осындай маңызды мәселелердің бірі – оқушы тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынып, өмірге көзқарасын қалыптастырып, өз бетінше білім алуға дайындығы ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге  тиіспіз деген. Сонымен бірге, елбасымыз жолдауында Қазақстан халықтарының рухани дамуы және жаңаша оқыту мұғалімнің талабы екенін айтып өткен.

 

            Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, өтетін тақырыптың мазмұнын аша білу. Білім негізі пән арқылы берілгендіктен , әр пән заман талабына сай өз деңгейінде игерту маңызды мәселе болып табылады.  Мұғалім үшін басты мәселе оқыту әдісін дұрыс  таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына басты рөл атқарады.

           Инновациялық технологиялар – білім  сапасының арттырудың кепілі. Бұл технологияның ерекшелігі – оның оқушыға жан – жақты ықпал етуі. Жалпы  қазіргі күнгі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, деңгейлеп – сарала оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы, «Дебат» технологиялары, тіл дамыту технологиялары түрлі әдіс - тәсілдермен қатар қолданылып сабақтарды қызықты етіп өткізуге көптеген мүмкіндіктер жасалуда.

         Осы жаңа педагогикалық технологиялардың тек қана мұғалімнің ғана емес, оқушы бойында да, қызығушылық тудыратыны анық. Себебі, бала жаңашылдыққа құмар. Бұл технологияның тиімді жағы көп. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады және өз орталарында бәсекелестік пайда болады. Осындай инновациялық технологиялар оқытудың тиімділігін арттырады.

          Сын тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. Сыни тұрғыдан ойлануды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтіргендер – Джинни, Л.Стил, Куртис, С.Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның тұрғыдан ойлану әдіс – тәсілін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзін – өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артқаны байқалады.

          Қазақ тілі сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы – тапсырмаларды орындау, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін арқылы шығармашылықтарын дамыту.Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта – ықылдасын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз біліміне, тәжірибесіне сүйенуіне негізделген. 

         Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

  1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға білу.
  2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
  3. Проблеманы шеш білу.
  4. Пікірталасты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

Осы технологияны қолдану барысында төмендегідей міндеттерді шешуге болады:

-         Оқушылардың өзара бірлескен іс – әрекеттің ұйымдастыру, соның

нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету;

-         Өз – өзіне сыни көзқараспен қарау;

-         Өзін – өзі жетілдіру;

-         Сыни ойлауды дамыту;

«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады: 1. Қызығушылықты ояту; 2. Мағынаны тану; 3. Ой – толғаныс.

          Сын тұрғысынан ойлана отырып, балалар сабақтың мақсатын аша білуге талпынады. Бұл қызығушылықты ояту кезеңі оқушылардың бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыруынан тұрады. Жалпы оқушыларға сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын орындауда оқылым мен тыңдау арқылы тапсырмаларға дәлеледер жинастырып, шешім қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net