Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Р.Б. Дюсенбаева, 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ,

Инновациялық дамуды әдістемелікпен

қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы

 

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өркениетті ел болуға қажетті рухани дамуды қамтамасыз етуге негізделген мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деген сөзі қазақстандықтардың көкейінде жүрген ой десек артық айтпаймыз. 2017 жылдың қазан айында қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдап, ол көпшіліктің талқысына ұсынылып, 2018 жылдың ақпан айында латын әліпбиі толық нұсқасы қабылданды. Сонымен бірге мемлекет басшысы осы жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу қажеттілігін атап көрсетті. Яғни, баршамыз елдік істе бірігіп, маңызды жұмыстың жанашыры болуымыз қажет. Сан саладағы білікті мамандар мемлекеттік маңызы зор жобалар аясында атқарылар шараларға барынша үлес қосса, нәтижелі болуына жұмыла кірісіп нәтижеге жеткен болар едік. 

Қазіргі таңда елімізде әліпбидің жаңа нұсқасы таңдалып, оның ішінде латын графикасына негізделген қазақ жазуын жасау мәселесі күн тәртібіне өткір қойылуда. Осы уақытқа дейін кирил әліппесі ұлт санасын өшіруге жақындатып, өзіндік болмыс-бітімізге көлеңке түсіргені айдан анық. Өйткені, қазіргі қазақ жазуы ұлттық сипатынан ауытқып, басқа жаққа бет алғаны өкінішті. Мұны күнделікті газет, журнал, ғылыми кітап, оқулықтардың кез келгенін алып, ондағы мәтіндердегі сөздерді орфографиясына қарай топтастырып, саралап көрсек, таразының бір басына қазақ тілінің заңдылығымен жазылған, екінші басына бөтен тілдің тәртібіне түскен тілдегі оқылықтарды көреміз. Күнде байқағанымыздай тілімізді шұбарлайтын сөздердің саны еселеп өсіп, көбейіп бара жатыр. Мұның өзі қазақ тілінің ежелден келе жатқан дәстүрлі нормасының бұзылу қаупін күшейте түседі, ал дәстүрлі нормасынан айырылған тіл қанатынан айырылған құстай дәрменсіз болып, қоғамдық қызметін ойдағыдай атқара алмайтындығы белгілі.

Бізге бағдаршам болатыны – Ахмет Байтұрсыновтай ұстаздың тіл тазалығына байланысты ұстанымы. Бұл жерде Ахаң ұсынған араб әліпбиінің байланысты айтып отырған жоқпыз. Ахаңның қазақ тіліне дән лайық жазудың емле-ереже қисынын сақтау туралы пікірін естен шығармау керек. 

Көпшілік айтып жүрген латын графикасына көшу арқылы біз тіліміздің табиғатын сақтаймыз, даму заңдылығына бұзылуына жол бермейміз, фонетикалық жүйесін қалпына келтіреміз, орфографиямыздың түзеп аламыз, жоғатқанымызды түгендейміз.

XX ғасырдың 20-жылдарында белгілі болғандай 1928-29 жылдары қазақ жазуын латыншаға негізделіп, 29 әріптен тұратын жазуға көшірілді.

Ал саясат 1940 жылы кирил қарпіне көшірді. Бұл дегеніңіз, өзгетілдік сөздердің тіліміздің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына бағындырылмай қабылданылуына кең жол ашылды деген сөз.  Себебі, оның табиғи дамуына да кері әсерін тигізді, өзгетілдік сөздерді өз сөзіне айналдырып, сөздік құрамын толықтыра түсуіне зор кедергі келтіргені анық. Ақыр соңында орыс сөздері мен орысшаланған өзге де шетел сөздерін қаз-қалпында жазылуын талап ететін, біздің тілімізде жоқ, бірақ орыс тіліне тән барлық дыбыс-әріптер қабылданып, 42 әріп саны бар қазақ әліпбиі қолданысқа енгізілді.

Бүгінгі күні, қазіргі қазақ әліпбиі мен емлесі ұлттық бағыт алып, қазақ тілінің қабылданған латын әліпбиі ұлттық дыбыстық жүйеге негізделгені анық. Сондықтан латын әліпбиіне көшу арқылы біз Елбасы атап көрсеткен ұлттық жаңғыруды жүзеге асыруды сонда ғана қамтамасыз ете аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы барша отандастарымыздың рухани өркендеуіне жаңа тыныс береді.

    

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net