Патриоттық тәрбие беру-заман талабы

Ильясов Рахметулла, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,Түгіскен ауылы, Ж.Сәдуақасов атындағы ЖОББ мектебі АӘД пәнінің

оқытушы-ұйымдастырушысы

 

Болашақ ұрпақты кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды ұлттық тәрбиеге аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие. Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу, халқының салт-дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау, өз отандастарына, сондай-ақ басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіру - осының барлығы да патриоттық тәрбиеден басталады. Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Қазір Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет.

Мұнда көптеген ұлттар мен халықтардың бір-бірімен тату-тәтті, сыйластық, ынтымақта өмір сүруі қуантарлық жағдай. Қазақстан олардың бәрінің отаны болғандықтан, біздің елді мекендеген барлық халықтар отаншылдық рухында тәрбиеленуі қажет. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген жұмыстарда, сабақтарда оларды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеуге ерекше мән беруі керек.Ал қазақ жастарын отаншылдыққа тәрбиелеуге үлкен міндеттер жүктеледі Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды айта отырып, түсіндіру қажет. Мектебімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру барысында бірнеше іс – шаралар өтті. Онда барлық оқушылар мен мұғалімдер қатысты. Әскери –рухты тәрбиелеу жөніндегі мектеп оқушыларының қоғамдық кеңесі ұйымдастырылды, взвод, бөлімше командирлері айлық жұмыс жоспармен танысты. «Отан қорғау менің міндетім» жоғарғы сыныптар арасында әңгіме өткізілді. Онда жас ұрпақты әскерге дайындау, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу жөнінде әңгімелер қозғалды. 9 – 11 сыныптар арасында. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай өткізілген мылтық атудан мектеп ішілік жарыс өтті .Сәуір айында Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жерлесіміз Е.Мақажановтың отбасымен кездесу өтті. Жерлесіміз Е.Мақажановтың мектептегі тақташасына бірнеше майдангер қаруластары келіп, гүл шоқтарын қойып, Еркебұланның ерлігі жайлы оқушыларға баяндамалар жасады. «Ерлік өшпейді» тақырыбында жоғарғы сыныптар патриоттық кеш өткізді. Жеңістің 72жылдығы және Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай өткізілген «Ерлік сабақтары...» тақырыбында ашық сабақтар өтті. «Жеңімпаздардың  даңқты жолы» тақырыбында оқушылар арасында викториналар өткізілді «Соғыс жылдары беттерінен» тақырыбында кітап көрмесі және «Соғысты ұмытпайтын себебім» тақырыбында сурет көрмесі өтті. «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» тәрбие сағатын 9 сынып оқушыларымен өткізді. «Жас Ұландар» сапта жүру сайысы 8-11 сыныптар арасында өтті. «Шын жүректен» Ұлы Отан соғысы және тыл еңбек ардагерлерімен кездесу өтті. 7 – 9 мамыр аралығында Даңқ мемориалына құрметті қарауыл ұйымдастырылды.Барлық жүргізіліп жатқан іс-шаралар оқушыларға патриоттық тәрбие беру негізінде жүргізілуде.

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net