БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Шакабаева Сауле Тлеужановна

«№40 НМ» КММ химия пәнінің мұғалімі

 

Функционалдық сауаттылық – өмір бойы білім алуына ықпал ететін, авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы біріншіден, отбасынан екіншіден, мектептен үшіншіден, кәсіптік оқу және жоғары оқу орындарынан басталып, кейіннен мамандықтарында, өмірде білімділік дағдылары қолданыста болады. Білім беру жүйесін жаңғыртудың басты бағыты ретінде білім алушылардың өзін дамытуы және қоғам өміріне пайдалы үлес қосуы үшін ақпаратты өздігінен алу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалануын көрсетуге бағытталған.

 

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – білім алушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың үйлесімді жолы. Олай болса, функционалдық сауаттылық білім алушының белгілі ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және білім, білік, дағдыларының жиынтығы.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөледі. Сапалы есептер білім алушылардың логикалық ойлау қасиетін шыңдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, білім алушылардың ой - өрісін дамытуға, есептер шығару кезінде қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді.

Сапалы есептер шығару барысында білім алушыларға қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, өз бетінше шешім қабылдауға және болашақта мамандық таңдауына ынталандырылады. Сабақта сапалы есептер шығару арқылы алған білімдерін білім алушылар күнделікті өмірмен байланыстырып отырады, өйткені білім алушы ойлауға да ойлануға да қабілетті.

Танымдық саладағы оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша жіктелуі бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау процессінде кеңінен қолданылады. Бастапқы және түзетілген Блум таксономиясы оқуды күрделілік деңгейінің өсуі бойынша алты танымдық деңгейге бөледі. Әрбір жоғары деңгей алдыңғы деңгейде меңгерген дағдыларға негізделеді.

Оқушылар ғылыми танымды көрсетуге, эксперимент жасауға және өз жауабын негіздеуге, күрделі жаратылыстану ғылымдары бойынша құбылыстарға, оқиғаларға және процесстерге түсінік беруге қиналады.

Осы тұрғыда білім алушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру функционалды сауаттылықты дамыту үшін өте маңызды.

Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге және жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылықтың деңгейлері сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмаларды құру оқытудың белсенді әдістердің мәні- білім алушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.  

TIMSS, PISA зерттеулерінде жауапты таңдауға арналған тапсырмалар білімді меңгеру деңгейін бағалау үшін пайдаланылады, ал біліктер мен оқу-танымдық әрекеттердің қалыптасу деңгейін бағалауға қысқа және ашық жауапты талап ететін тапсырмалар пайдаланылады.

Мысалы: Арман су толтырылған шәйнекті плитаға қойды. Ол су қайнай бастаған кезден бастап оның температурасын өлшеді. Термометр 100 °С температураны көрсетті. Арман плитаның температурасын арттырды. Су 5 минут қайнап тұрды. Ол содан кейін судың температурасын қайта өлшеді. Термометр қандай температураны көрсетеді: 100 °С-тан төмен бе, 100 °С па, әлде  100 °С-тан жоғары ма?

Жауап: _________. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Физика мен математика сабақтарында пайда болған дағдыларды қолдана отырып, оқушылар тәжірибе  барысында температураны өлшейді және өздерінің бақылауларын жалпылап, сәйкес қызу және салқындау үрдістерінің графиктерін құрастырады. PISA, TIMMS халықаралық зерттеулерінде кестелер, диаграммалар, суреттер, графиктер түрінде берілген ақпаратты құру, түсіндіру, және жалпылауға бағытталған тапсырмалардың жиі кездеседі.

Шынайы өмірдегі кейбір маңызды биологиялық үдерістердің химиялық жағы қарастырылады. Биология курсынан алған білімді пайдаланып, оқушылар адам ағзасының химиялық құрамын, кейбір уытты заттардың адам ағзасына әсерін зерттейді. Осылайша, шынайы өмірмен тығыз байланысты оқу үдерісін жүзеге асыру, сонымен қатар білім алушылардың әлемге деген тұтас көзқарасын қалыптастыруға себептесетін оқуға ықпалдастық әдістемені қолдану күтілуде.

Функционалдық сауаттылық – өмір бойы білім алуына ықпал ететін, әдістемелік база жасау, яғни танымдық тапсырмалар жиынтығын жасау керек. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру.

Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әр түрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Функционалдық сауаттылықты дамыту аясында химия пәні мазмұны

химия мазмұнын басқа ғылымдармен кіріктіру негізінде қоршаған орта

мен тірі ағзалар заттардың өзара байланысы мен бірлігі туралы дүниетанымын қалыптастыру біліктілігін қамтамасыз етуі тиіс.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж