ОЙЫН ОЙНА, БІЛІМ ОЙДА

 

Бесимбаева Алия Кабдыманаповна

Қарағанды қаласының білім басқармасының

«Ақпараттық технологиялар ММЛИ» КММ тәрбиешісі

 

Биылғы оқу жылы бәрімізге ауыр тигені бәрімізге мәлім. Әсіресе, ұстаздар мен оқушылар қиындықтар туғаны анық. Дегенмен де еңсемізді түсірмей, білімімізді, тәлім-тәрбиемізді оқушыларға қашықтықтан оқыта отырып, жеткізуге тырыстық десек болады. Соның ішінде, оқушыларға берері мол зияткерлік ойындарға тоқталғым келеді. Мұндай ойындар баланың ойлау өрісін кеңейтуге, белгілі бір дағдыларын қалыптастыруға, шапшаң ойлауға, есте сақтау қабілетін жақсартуға, білім деңгейін көтеруге көмегін тигізеді. Зияткерлік ойындарды өткізу үшін танымал «Kahoot» білім беру желісін өз тәжірибемде жиі қолдануға тырысамын. Себебі, «Kahoot» қазіргі заман талабына сай, қашықтықтан да ойындар өткізуге тиімді, берері мол бағдарламалардың бірі болып табылады.

Яғни, бұл бағдарлама арқылы оқушылармен кері байланыс жасау өте ыңғайлы. Тоқтала кетсем, Қарағанды қаласының мерейтойына орай, «Kahoot»  бағдарламасын пайдалана отырып, «Қарағанды – менің қалам!» зияткерлік викторинасын өткіздім. Аталмыш бағдарлама арқылы оқушылар уақыттарын көңілді өткізіп қана қоймай, Қарағанды қаласының тарихымен танысып, білімдерін ұштай түсті. Бұдан да басқа, осыған ұқсас ғарышкерлер күніне орай «Қазақстан – жердің ғарыш айлағы» және «Менің Отаным – Қазақстан» атты патриоттық сезімге тәрбиелейтін, білімдерін кеңейтетін зияткерлік викториналары оқушыларға керемет әсер қалдырды. Осындай викториналар қоржынымда әлі де бар. Және де өсіп келе жатқан жасөспірімдеріміздің болашақ мамандық таңдауда қателеспеуіне оң әсерін тигізетін «Жас мамандықтар компасы» атты ойынның алар орны ерекше. Бұл ойынды мен зияткерлік ойындар қатарына жатқызамын. Себебі, ойын барысында бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау, жұмыс тепе-теңдігін сақтау, жүйелік ойлау, көркем шығармашылық қабілеті, экологиялық ойлау, ерік-жігердің рөлі сияқты маңызды нәрселер талқылану арқылы кәсіби дағдылар дамиды. Оқушылар ойын арқылы болашақ мамандықтармен таныса отырып, топпен жұмыс жасауды және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады. Біздің мектептің бағытына сай, осы ойынды ойнау арқылы, оқушылар ақпараттық технологиялар мамандықтарымен танысады. Мысалы: ИТ-генетигі, ИТ-аудитор, энергиямен жабдықтаудың жергілікті жүйелері жөніндегі маман, медициналық роботтардың операторы, желілік дәрігер, жеке бақылау қауіпсіздігі бойынша кеңесші, ақпараттық кауіпсіздік кураторы тағы да басқалары. Келешекте бұл ойынды әрі қарай дамыту туралы ойдамын.

Тобықтай сөзді түйіндей келе, қандай ойын өткізсем де, оған аса жауапкершілікпен қарап, оқушы үшін пайдалы уақыт өткізуді көздеймін. Ойындардың көзделген мақсатына жетуге тырысамын. Демек, ойын арқылы оқушының уақытын көңілді өткізе отырып, тәрбиесі мен білімін жақсартуға ықтимал етемін. Болашақта өзімде білікті маман ретінде, тәжірибемді ұштастыра отырып, жаңашыл ойындар ұйымдастыруға талпынамын.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж