Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың оқылым мен жазылым әрекеттерін дамыту

Какенбаева Гульнас Урмашевна,

Новодолинка кенті №11 ЖББМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

         Білім беру жүйесін  жаңартуға  арналған бұл экономикалық  дәлелдерге  қоса, қазіргі жиырма  бірінші ғасырда  басқа да негіздер бар:  өзара қарым-қатынасты арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа райының  өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының  қарқынды өсуі;  шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары  қазіргі заманда  және келешекте табысқа қол жеткізу  үшін   бұрынғыға  қарағанда  анағұрлым  көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.

 

        Бүкіл әлемде  білім беру  жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында  «Балалар  ХХІ ғасырда  табысты болу үшін  нені үйрену керек?» және «Оқытудың  тиімді  әдістері  қандай»  деген  сияқты  негізгі  сауалдар  туындайды.   Бұл  сауалдар оқу бағдарламасымен және  оқу  бағдарламасын  жүзеге асыруда қолданылатын  педагогикалық  тәсілдермен тығыз байланысты.

        Барлық  оқушылар өздері өмір  сүретін  әлемде жұмыс  істеуге дайын  болуы өте маңызды.  Оқушылар  күн сайын БАҚ және түрлі технологиялар арқылы орасан  зор  ақпаратпен танысатындықтан, тыңдалым, айтылым, оқылым және жызылым мүмкіндіктері  оқушыларды   барған  сайын  артып келе   жатқан  жаһандану  жағдайындағы  қоғамда  қарым-қатынас   жасауға  дайындайды. Бірінші  кезектегі және негізгі  тіл  болып  табылатын  қазақ тілі мен  қазақ  әдебиеті бойынша  сапалы  білім алу оқушылардың    өздерінің ойлары мен  эмоциясын  басқаларға  жеткізе  алу үшін  еркін  оқуына  және жазуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқылым  және тыңдалым арқылы  басқалар да олармен   қарым-қатынас жасай алады.

        Оқушылар оқу  арқылы мәдени,  эмоциялық, зияткерлік,  әлеуметтік және рухани жағынан дамуға  мүмкіндік алады. Оқу  оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеруіне  де, сондай-ақ алған білімін  әрі қарай дамытуына  да  мүмкіндік береді. Қоғамның  толыққанды  мүшесі  болу үшін   адамдарға барлық  тілдік дағдылар айтарлықтай  маңызды болып табылады.

         Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту мәселесі. Қазақ тілін оқытатын орыс мектептердің оқу бағдарламасында тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым және әдеби тіл нормалары бойынша берілген оқу мақсаттарына жетуде мұғалім осы мәселеге назар аударады.

                               Мәңгілікелнұрлыжолықазақтың!

   Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу – барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.

Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам, ақ түйенің қарны жарылған күн болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты...

Иә, ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманы қазақтың басына енді туды. Ол – Тәуелсіздік. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман – Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі мұратымыз!

 

Шын мәнісінде, педагогикалық білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж