Халықтық тәрбиенің оқыту үрдісіндегі маңызы

Сках М

бастауыш сынып мұғалімі

Байқадам ОМ

Бұқар жырау ауданы

 

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес бағдарламаларының басым бағыттарының бірі – білім берудің қазіргі заманғы жүйесін дамыту, мәдениеттің өркендеуі мен халықтың рухани әуелетінің дамуы болып табылады. Әлеуметтік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және экономиканы индустриялық инновациялық дамытудың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін тиімділігі жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру.Сондықтан да, бастауыш сынып оқушыларының ой өрісін, білім, дағды деңгейлерін кеңейту, сана-сезім, таным әрекетін дамыту балалық шақтың жауапты кезеңі болып табылады. Бұл жастық шақ кезеңінің жоғарғы сензитивтілігі баланың жан-жақты дамуының үлкен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғартады.

 

Мектепке дейінгі кезеңде және бастауыш сыныпта балалардың дамуы мен ойын үстіндегі әр түрлі іс-әркеттері оларға өздерін қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстардың түрлі қасиеттерін танып білуіне, ақыл-ойының дамуына ықпал етеді. Сондықтан да ересек адамдар балалардың әр нәрсенің мән-жайын танып білуге деген ықыласына үнемі қамқорлықпен бағыт-бағдар беріп отыруы тиіс. Өйткені, әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік идеологиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар.

Білім беру саласында ұстаздар, балабақшалар мен мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері оқу-тәрбие ісіне ұлттық сипат беруге, оны бүгінгі заман талабына сай әсерлі, мазмұнды жүргізуге күш салуда. Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрету үшін жағдайлар жасау – негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Халықтық тәрбие – дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, жаңғырып, шым болаттай ширығып, бізге толыққанды болып жеткен баға жетпес бай мұра. Ол халқымыздың ұлттық қадір – қасиеті, ой – арманы, тіршілік-тынысы және салт – дәстүрлері мен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан құнды қазына. Қай заманда болсын адамзаттың басты міндеттерінің бірі – ақылды да саналы, тәртіпті де еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім. Әр халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұят мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет-ғұрпына, салт – дәстүріне арқа сүйейді.

Оқыту үрдісінде пайдаланатын ойындар бастауыш сынып оқушыларының үлкен қызығушылығын туғызады. Бұл – ойлауға мәжбүрлейтін баланың өз қабілетін тексеруге және дамытуға мүмкіндік беретін және оны құрдастарымен жарысқа түсіретін ойындар болып табылады.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net