Оқу үдерісінде интербелсенді технологиясын пайдалану

Қалиева С.Қ.

Қарағанды қаласы № 15 ЖББОМ-ң бастауыш сынып мұғалімі

   «ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры» болып отыр. Сондықтан жаңа формациялы мұғалім интерактивті технологияны, тақтаны пайдалану мүмкіншілігі мен оның тиімділігін білу, оны оқу үрдісінде қолдануда оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажет. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда, оқушыларды шығармашылық іске баулу, оқушыларды іріктеу, еңбекке және қоғамдық істерге араластыру, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс істеу керек.

 

Қоғамның бүгінгі басты мақсаттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген, соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу

   Білім беруді ақпараттандыру және оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын  ажырата білу керек. Соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды оқулықтардың көмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әртүрлі ойындар, т.б.. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни, оқытуда компьютердің екі бағыты болады. Біріншісі бойынша компьютердің мүмкіндіктерін сезініп және оны әртүрлі жағдайларда пайдалана білуге қажетті білім, дағды іскерліктерімен қаруландырса, екінші бағыт бойынша компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылататын, сапасын көтеретін күшті құрал болып есептеледі.  «Мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді.                                                                                                       Қазіргі кезде интерактивті үрдістері компьютерлік білімді тереңдетуге, оқу мерзімін қысқартуға ықпал етіп ,жағдай жасайды. Мұның нәтижесінде білімді, білікті, дағдыларды шығармашылықпен іске асыру, яғни тиісті ойлау ұстанымдарына тоқталсақ, оқытудың технологияларын, әдістерін және формаларын таңдау және қолдану жалпы дидактикалық ұстанымдарымен қатар басқа бірнеше ұстанымдарға негізделед.Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамда шешім қабылдаудың маңызы арта түсті.Осы бағытта оқушылардың белсендігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер-интерактивті деп аталады.

Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді.Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек. Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады. Оқытудың интерактивті әдісі өте тиімді. Себебі, бұл әдіс оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды және құндылық жүйесін қалыптастырады. Сабақ мұғалім мен сынып тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда мұғалім хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технолгиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

  Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.                              

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net