Алтын күз!

Амангелді ауданы Қарасу ауылы

 Жасбуын орта мектебі

                                                                    Абсалықова Ғалия Ғалымқызы

тәрбиеші, бастауыш сынып мұғалімі

                                                        

Жыл сайын оқу жылының басында «Балапан» шағын орта тобымызда  күзгі мерекелерді атап өтеміз. Биыл көкөністер, жемістер мен табиғи материалдардан «Күзгі қолөнер шеберлері» атты көрмелік  байқауын өткіздік. Мұнда балалар мен олардың ата-аналары өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қиялдарының шексіз екенін  көрсетті.

 

 Байқаудың қатысушылары күзгі сыйлықтардың барлық материалдарын қолданды: бұл әртүрлі ағаштардың жапырақтары,  жемістер мен көкөністер, сондай-ақ ерекше қауырсындар, қылшықтар, бұтақтар және тағы басқалар. Көрмеге қатысқан әр бүлдіршін мақтау қағаздарымен марапатталды. Белсенді қатысқан ата-аналар мен бүлдіршіндердің шығармашылық жұмыстары үшін алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар «Алтын күз!» атты мерекеміз де аталынып өтті. Балалар кішкентай болса да өздері жаттап келген тақпақтарын ұялмай айтып берді.  Балалар жапырақтар биін билеп ән салып берді. Онымен қоса қыздарымыз да қалыспай қолшатырларын алып «Қолшатыр» биін билеп берді. Қорыта келгенде  көптеген балалардың сүйікті мезгілі-күз екенін атап айтқым келеді. Таза ауа, күн сәулелері ағаштан құлаған жапырақтармен бірге шағылысады.  Бір сөзбен айтқанда, «Күзгі уақыт» ... .

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net