ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ РӨЛІ

Бидәулет Алмагүл Бидәулетқызы

«№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы –  заман талабына сай бағдарлама.    Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып ,алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет.

Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады. Бағдарлама сауат ашу, қазақ тілі,ана тілі пәндерінен оқушының тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Математика,жаратылыстану сабақтарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім бірнеше рет қайталанып отырады. Яғни, сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. [1] Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. [2] Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра ҚМЖ, тапсырмаларды, ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздім.

Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүзеге асыру барысында кіріспе бөлімінде тұлғааралық байланыс орнатудың түрлерін қарастырдым. Дәстүрлі сабақтарымда тапсырмаларды әрқашан жеке оқушыға бағыттап ойластыратынмын. Сабақтың басынан әркім өз білім деңгейін көрсету керек деп қарастырып, сол тұрғыда жұмыс жасайтынмын. Бірінші ынтымақтастық атмосферасы орын алу керек, топты бірлескен жұмыс түрлерін ұйымдастырамын деп шештім.

Сабақ кезінде оқушылардың бірлесе жұмыс атқаруына назар аударып «Шаттық шеңберін» ұйымдастырудан бастаймын, бұл жұмыстың нәтижелігі неде? Сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын құра алдым, сыныпта тиімді ортаны құру ол әр сабақтың нәтижелі жүргізудің бір ұтымды тұсы екен және әр оқушының психологиялық ахуалына ерекше әсер етті. Осы арқылы сабақтағы оқушылардың жұмысқа деген ынталары артты. Дәстүрлі сабақтарда әрқашан балаларды ұйымдастырумен бастағанда, олардың көңіл – күйін ескергенмен, ынталандыру, бірлесе жұмыс істеу  қабілеттерін ескермегенімді түсіндім. Әр сабақ басында оқушылар өздері шаттық шеңберіне жиналып, түрлі тақырыпта ой бөлісе бастады. Осы кезде сыныптағы ұяң оқушым А. ән орындап, өзінің ерекше қабілетін көрсете білді.

Сыныптың білім деңгейін анықтау, алдыңғы сабақты қысқаша қайталау кезінде «Ыстық орындық, Бес сұрақ, Ойлан, жұптас, бөліс, Симантикалық карта» әдістерін пайдаландым. Оқушылар «Ыстық орындықта» отырып үйге берілген  шағын шығармаларын оқып беріп, тарау бойынша қойылған сұрақтарға жауап айтты.

Дәстүрлі сабақтарымда кітап ішіндегі тапсырмаларды орындаумен шектеліп, ережелерді жаттап алуға көп көңіл бөлетінмін. Ал тізбектелген сабақтар жоспарымдағы сабақтарды өткізу кезінде оқушыларға мақсатты, өздерінің атқаратын қызметтерін өздеріне айқындатуға мүмкіндіктер бердім. Осы кезде олар өздерінің оқуына жауапты екендіктерін сезініп, тапсырмаларды орындағанда өздерінің ойларын білдіруге тырыстып жүрді.

Әдетте тапсырмаларды бір ізділікпен орындап, Қалай? Нәтижесінде не болды? деген сауалдарды ескермейтінбіз. Сабақ кезеңдері жалғасып, сабақ соңында бекітілетін. Енді әр кезенге тапсырмалар дайындап, бір жақты қарастырмай, сын тұрғысынан ойлану қалай тиімдірек?- деген ойлар мазалайды. Тұсау кесер бөлімінде  оқушылардың қызығушылығын оятуға, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар қолдандым. «Кубизм,10 сұрақ, Мен білгішпін!» әдістері оқушылардың жинақы отыруларына, тосынан келген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау шеберлігін , логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Үйлерінен арнайы сұрақтарға дайындалып, қосымша сұрақтарды мен ескертпей өздері дайындап келіп, пайдаланған әдістердің тиімділігін көрсетті.

Әрине, барлық оқушым бірден сыни ойлап, дәлелдерді тауып айтып, зерттеушілкпен жұмыс жасаған жоқ. Бірақ әр оқушының бойынан жаңаға деген қызығушылықты байқадым. Тіпті енжар оқушым У. деген пікір- талас, талқылаудың шебері екені байқалды. Топта жұмыс барысында талқылаған «Жарнама» әдісі кезінде берілген 5 саны жайлы шабыттана сөйлеп, топтың сенімін ақтады.

Негізігі бөлім кезінде тақырыпты жүйелі талдап, мағынасын түсіну үшін сын тұрғысынан ойлауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Әр жаңа тәсілді үйренген сайын, оқушылар тағы білгілері келетінін , олар үшін тапсырмалар қызықты да, жұмыс барысында ережелерді, тақырыпты жаттап алатындарын айтты. Әр тапсырма сыни ойлауға негізделгендіктен, олар ойлана отырып жұмыс жасауға бірінің айтқанын екіншісі қайталамай жаңа ой айтуға тырысып, 4 топқа берілген бірдей «Визуалды айғақтар» тапсымасын әртүрлі жолмен бірі өлең жолдарымен, екіншісі топтастыру әдісімен, үшіншісі  әңгіме құрау арқылы шеберліктерін танытты. Сонымен қатар,  «Өкіл, Қыдырымпаз әріптер, Пазл құрастыру, Ертегі әлемі» әдістері оқушылардың танымдық ойлауларының дамуына ерекше әсер етті. «Қыдырымпаз әріптер» әдісі кезінде берілген әріптерден 1 минут уақыт ішінде айтылған сөз табына сөздер құрау керек болатын, осы тапсырма кезінде «Ғарыш» тобының мүшелері бірде қатесіз бірнеші сөзден құрастырып, дәлелдеп отырды. Сабақ жоспарыма енгізген өзгертулерім нәтижесінде оқушылардың бойынан да жаңашылдық көзқарас байқадым, олар сын тұрғысынан ойланып, өз ойларын белгілі - бір дәлелдерге сүйеніп жеткізуге үйренді.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. [3] Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Әр тапсырмадан соң жүргізген бағалау жұмыстары оқушылардың сабақтағы ең ұнататын іс - әрекеттері болды. Оқушылар өздерін және бірін –бірі бағалауда «Қалыптастырушы бағалау» әдістері «Бағдаршам, Смайлик, Бас бармақ, Жапондық бағалау» пайдаланылды.Нәтижесінде оқушылар сабаққа ынталанып, өздерінің түсіну дәрежелеріне әділ баға беріп, түсініктемелер беріп отырды. Бұрын сабақта оқушыларды толық жауабына немесе жаттығуды орындауына, жіберген қателіктеріне қарап бағалау мұғалімнің атқаратын іс-әрекеті деп қарастыратынмын. Енді бағалау критерийлерін оқушылармен бірге ойластырып, тапсырма соңындағы қалыптастырушы бағалауды өздері талдап, сәтті және сәтсіз жерлерін анықтап, бір – біріне ұсыныстар айтып отырды.Тапсырма орындау кезінде барлық оқушылардың жауаптарын тыңдап немесе тексеріп үлгермейтінмін. Оқушылар бірін – бірі немесе өзін шынайы бағалауға қалыптасты. «Ақиқат немесе жалған екенін тап» тапсырмасын орындау кезінде Т. деген оқушым балдық жүйе бойынша өзіне 30 балл қойыпты, тапсырма орындау кезінде жылдам орындаймын деп үш бірдей қате жібергенін айтты.

Әр сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстың пайдасы көрінді, оқушылар бірін – бірі оқыту арқылы өздеріне сенімсіз, енжар оқушылар жұмысқа араласып, сабаққа деген қызығушылықтары оянды. Оқушыларға жеке жұмыс атқарғаннан, топта жұмыс жасаған ұнады.Тапсырмаларды жүйелі орындауда топта бәрінің жұмысы маңызды екенін түсінді. Олардың ішінде іске араласпай отырған топ мүшелерінің болмауын топ басшылары қадағалап, жүйелі жұмысты ұйымдастырды.

Оқушыларға арнайы күрделендірілген тапсырмалар дайындап, топта, жұпта жұмыс барысында Фриманның үздік оқушыларды анықтау өлшемдерін ескере отырып дарындылық қабілеттерін анықтадым. Дарынды және талантты оқушылар деп сабаққа қабілеттілік жағынан қарасытырып, басқа ерекшеліктерін ескерілмей келгендігімді білдім.        М. деген С деңгейлі оқушым өзі ұяң сабақ барысында белсенділік танытпайтын. Шығарма, мазмұндама жазған кездері сөйлемдерді жүйелі баланыстыра алатынын, ойын еркін жеткізетінін қадағалап жүретінмін. Бірақ ұйқас тауып, өлең құрайтынын білмеппін. Сабақ барысында шығармашылық жұмыстар жиі берілді, тапсырмаларды орындау кезінде белсенділік танытып екі өлеңін оқып, жолдастарының ақындыққа деген қызығушылығын оятты.

         Мұғалім оқушыларды ынталандыра алатын ЖАДА (мұғалім – оқушы, оқушы –оқушы), көпіршелерді тұрғызуды дұрыс ұйымдастыра білу. Сонда ғана біз дарынды, талантты шәкірттерді болашаққа дайындаймыз. Шәкірттеріміздің  пәнді терең түсінуіне жағдай жасап, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана алуына ықпал жасау әр сабақ кезеңдерінде жүзеге асады. Сабақ барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауабын білмесе қайта түсіндіріп беретінмін. Сабақта бір- біріне сұрақ қою әдісін, оқушыға бағыттап түрткі сұрақ тәсілін, сұраққа жауап дұрыс болмаған сәттері басқаға бағыттау тәсілін пайдаландым. Сабақ барысында жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қоюмен шектелетінмін. Жеті модульдің идеясын ықпалдастыра отырып тапсырмалар дайындауда Мерсер көрсеткен әңгіменің үш түрін тиімді пайдаландым. Оқушылар зерттеушілік әңгіме, әңгіме – дебат, топтық әңгіме түрлерін де, тапсырмаға қарай пайдаланып жатты. «Серуенде» тақырыбына шағын әңгіме құра деген тапсырма барысында «Үйшік» пен «Мысық» тобы бір – бірінің сөзіне келіспей әңгіме – дебатқа түсті, «Кітап» тобы бірден Д. деген топ басшысымен келісіп, айтқанын мақұлдап  топтық әңгіме жазса, «Лимон» тобы зерттеушілік әңгіме түрін көрсетті. С. есімді оқушым «Біз орманға серуенге барғанда бір оқиғаға тап болдық»-десе, Е. «Ормандағы оқиға қалай өрбиді,қалай аяқталады?»  деп топ мүшелеріне түрткі сұрақ қойды. Осы сұрақтар желісімен әңгімелерін жүйелі құрастырған.

         Сабақты әрқашан кері байланыс арқылы қорытындылап, сауалдар жәшігіне сұрақтарын қалдырып отырды. «Қосу, алу,қызықты», « ББҮ», «Бес саусақ» әдістерін пайдаландым. Оқушылар бірінші сабақта еркін ойларын білдірмей, қысқа сөздермен ойларын білдірсе. Бірнеше сабақ барысында өз үйренгендерімен, қызықты және сәттсіз болған тапсырмаларымен бөлісуге қалыптасты. С. деген оқушым « қосу – сын есім мен зат есімінің байланысын, сөз таптарын білдім десе, алу – мен сын есімді сөйлем ішінен табуға қиналамын, қызықтыға – маған топта жұмыс істеген, қызықты тапсырмалар орындаған, серпілмелі сауалдар өте қатты ұнады деп жазып беріпті. Келесі сабақта оқушыларға жұптық жұмыс ұсындым «Біз бірінші» деген тапсырмасы берілген үш сөйлемнің ішінен сын есімді тауып,  дәлелдеу болды. Сонда С. деген оқушымды, А деңгейлі Д. деген оқушымен жұптастырдым, стикерлер тарату арқылы. Жұмыс барысында А.-ның ықпалымен С. сөйлем ішінен сын есімді дұрыс табуға жаттығып алып, дәледеп  айтып берді. Бір –бірін оқытудың маңыздылығын  түсіндім. М. деген оқушым «Білдім – сан есімді, Білгім келеді – сан есімнің түрлерін, Үйрендім – сөйлемнен сан есімдерді табуды» деп көрсетті.

Сабақ соңында тапсырмалардың нәтижелігі мен сәтсіз тұстарын ескеріп, тиімділігі неде? неліктен сәтсіз? деген сұраққа талдау жасау арқылы рефлексия жасап отырдым.Сабақ соңында жүргізген іс – әрекетінді талдау, келесі сабаққа дұрыс дайындалуына ықпал ететінін білдім. Әр әдістің тиімділігі оқушылардың қызығушылығын анықтап, сол тақырыпты меңгеруіне ықпал етті.Тиімді әдістерді келесі сабағымда қалай түрлендіріп қолдансам, тапсырманы оқушының деңгейіне қарай үйлестіріп қолдану керектігін іздестірдім. Сәтсіз болған тапсырмалар кездескен кезде бірден «Неліктен сәтсіз болды?» сауалына жауаптар қарастырдым. «Үш минуттық эссе» уақыт аздығы, сөйлемдер байланыспады, Болашақта қалай осы жұмысты ұйымдастырамын? Біріншіден эссенің тақырыбына байланысты түрткі Олай болса, мұғалім: Оқушылардың оқу екпінділігін дамытуына назар аударуы, оқыту ортасын құру, оқушылардың оқу үдерісіне белсене қатысуы, оқушыға дұрыс ақпарат беруім керек. Бірақ білім мен түсінікті оқушы сын тұрғысынан ойлай отырып өзі қалыптастырады, ал мұғалім- көмек көрсетуші жан.

         Қазіргі таңда сабақтар аясында оқушыларым қалай өзгерді? Еркін сөйлеу дағдылары қалыптасты, сыни ойлап,сабақта білген, түсінгендерін, ақпаратты талдап, жинақтап бағалауды сабақ барысында қолдана алады. Енжар, ұяң оқушыларым ашылып, топта жұмысқа араласты. Оқушылардың бойынан өзін–өзі реттей алу қабілеттерін байқауға болады. Тәжірибе кезінде болған іс–әрекеттерімізді ескере отырып, болашақта жұмысымды одан әрі жаңдандырмақшымын.

Тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өзіндік мақсаттарын, ішкі уәждерін қалыптастыруға жағдай жасау. Оқушылардың алаңдауы мен зерігуіне жол бермеу. Ең бастысы оқушыларға тәуекелге барудан қорықпау керектігі түсіндіріліп, «тұйыққа тірелу»-жаңаны білу жолындағы дұрыс қадам болатынын үйрету (МАН, 33-бет).Саналы оқушы метатану әдістерін игеруі керек. Метатану әдістерін игерген оқушы оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және соңында мұғалімнің қызметін өздері атқарады. Міне, бұлар - тәуелсіз оқушылар.

Сабақ барысында қолданылған жаңа әдіс – тәсілдер, тапсырмаларды орындауға тек бағыт - бағдар беру. Оқушылардың жұмысын бақылау. Тапсырма орындау кезінде оқушы жауабын күту, дәлелдер келтіріп, тұжырым жасауына мүмкіндік беру. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, тиімді оқыту ортасын құрып, оқушылардың топта жұмыс жасауын ұйымдастыруды жүзеге асыру қажет.Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012 жыл, баспасы: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ (үшінші басылым).
  2. «Бірінші бетпе-бет» таратпа материалдары
  3. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.2016ж
  4. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж

Бидәулет Алмагүл Бидәулетқызы

«№13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы –  заман талабына сай бағдарлама.    Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып ,алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады. Бағдарлама сауат ашу, қазақ тілі,ана тілі пәндерінен оқушының тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Математика,жаратылыстану сабақтарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім бірнеше рет қайталанып отырады. Яғни, сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net