Кең ауқымды дағдылардың бірі – зерттеу жұмысын жүргізу

Үміт Майбасова

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ

Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру

 кафедрасының аға оқытушысы

 Бүгінгі оқушылардың бала табиғатына тән құбылыс зерттеушілік пен ізденушілік екені, биік танымдық қабілеті, әлемдегі тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғынуға талпынысы ерте жасынан туындайтыны, көптеген психологиялық зерттеулердің барысында айқындалуда. Абай Құнанбаевтің жетінші қара сөзі, яғни: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі – білсем екен демелік.

Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді» – деген ой түйіні мұның дәлелі. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ, әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Сондықтан, оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартында кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау мақсаты қойылды. Стандарттағы кең ауқымды дағдыларды жетілдіру үшін оқушының бойында ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекет пен қарым-қатынасты қалыптастыру қажет. Себебі, бастауыш мектептегі білім келесі сатыдағы оқытудың іргетасы.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының аясында бастауыш сынып мұғалімдері қолданылатын маңызды тәсілдердің бірі зерттеуге негізделген оқу. Зерттеуге негізделген оқу барысында оқушылар, қажет болған жағдайда, мұғалімнің көмегімен, идеяларды түсіндіру, талқылау, оларға қарсы шығу және өз ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа араласа отырып, белсенді рөл атқарады. Сонымен қатар терең білім алып, пәнді түсіну үшін жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Осындай тәсілді қолдану барысында оқушылар өздеріне сұрақ қояды, үйлестіруші, қолдау көрсетуші, ретінде әрекет ететін мұғалімнің көмегімен фактілерді жай ғана ұсынбай, тиісті сценарий әзірлеу арқылы мәселелерді зерделейді. Тақырыптарды зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасайды. Бұл анағұрлым терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Зерттеуге негізделген оқу бастауыш сыныптарда оқытылатын кез-келген пән үшін негіз бола алады. Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері бар.

Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, мұғалім көмекшіге ауысып, басты рөлге оқушы шығады. Білім мазмұнын жағарту аясындағы курстардың бағдарламасында зерттеуге негізделген оқудың төмендегідей негізгі үш тәсілі сипатталған:

-            құрылымдалған зерттеу;

-            мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін зерттеу;

-            ашық зерттеу.

Әр тәсілдің өзіндік сипаттамалары бар, алайда құрылымдалған зерттеу негізінен мұғалімнің қолдау көрсетуімен жүргізіледі. Сондықтан бұл тəсілді бастауыш сыныптар үшін немесе жаңа дағды немесе тұжырым таныстырылатын сабақтарда қолданған тиімді. Оқушылар өсіп, тəжірибесі толыға бастағанда, 3 сыныпта мұғалім жетекшілігімен жүретін зерттеуді пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасының аясында зерттеуге негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын ұстанатын мықты педагогикалық құралдардың болып табылады. Бағдарлама мазмұнында мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін зерттеу модельдерінің бірі «Әлеуметтік ықпалдастырылған зерттеу моделі» ұсынылған. Мұғалімлер курстарының мазмұнында зертеу моделінің жеті кезеңін қарастырды: зерттеуге дайындық, зерттеу, сұрыптау, алға ілгерілеу, байланыс орнату, шара қабылдау.

Бастауыш сынып мұғалімдері курстарда қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру кезінде зерттеу моделінің жеті кезеңін бір сабақ барысында қамтып, әр кезеңге сәйкес сұрақтар мен тапсырманы іріктеп дағдыланды. Оқушылардың зерттеу дағдыларын бастауыш сыныптан дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, мұғалімдер жаңартылған білім бағдарламасмын жүзеге асыруда баланың қабілетін, дарындылығын ашу және әрбір оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып, сабақ барысында баланың уәжін ояту мен дағдыларды дамыту тапсырмаларын іріктеп әзірлеудің өзі үлкен зерттеуге негізделген оқудың тәсілі екенін ұғынды. Бұл мұғалімнің оқулықтан тапсырманы орындатып қана қоймай, күнделкті сабаққа ізденушілікпен, зерттеушілікпен, шығармашылықпен қарау керектігін қажет етеді.

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net