Бастауыш сынып оқушыларының бірлескен жұмысы

Адамова Ж.Ш.

мектепке дейінгі тәрбие мен

бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы

  Мектепке келгенге дейін бала дамуының жетекші әрекеті ойын болып табылады.  Мектепке дейінгі тәрбиеленушілер іс жүзінде   ойын әрекеті бойынша құрдастары мен серіктестерінің ортасында болады. Ол үдеріс ата-аналары мен тәрбиешілердің назарынан тыс қалмайды. Одан әрі баланың өмірінде маңызды өзгерістер болады:ол мектеп оқушысы атанады. Мектеп табалдырығын қуанышпен аттайды – жаңалыққа ұмтылады.

 

Ендеше, мектепте не болады?  Балаларды ыңғайлы, заманауи партаға отырғызады, бір-бірімен сөйлесуге тыйым салады, сабақтағы өзаракөмекті «сыбырлап айту және көшіріп жазу» деп атайды. Сөйтіп, жұмыстың дәл осы кезеңінде олардың қалыпты дамуының маңызды факторы болып табылатын   құрдастардың ортасынан айырылады. Шынында, балалар қалай оқиды, бір-бірімен ынтымақтаса отырып қатар оқи ма немесе  бірге оқи ма? 

Генетикалық тұрғыда ересектерге бірінші болып жүгінетін жеке  адам емес,  бірлесе жұмыс істейтін балалар тобы болып табылатыны эксперимент арқылы дәлелденген.  Бірлескен  оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы.  Бірлескен жұмысты ұйымдастырудың ережелері қандай?

Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері   оқушылар   достарымен  бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.

Топ мүшелерінің саны қандай болуы керек?

Топтағы оқушылардың саны оқушылардың, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімнің арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты барынша қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы теңгерімді айқындаудың маңызы бар. Мысалы,   шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут, әсіресе бастауыш сыныпта) барысында тиімді жұмыс істей алады. Үлкен топтар оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. 

4-6 оқушыдан тұратын топ топтық жұмыстың көптеген түрлері үшін және бір оқушының топтағы үстемдігін бәсеңдету үшін тиімді.Топ мүшелерінің кейбіреулері үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді.Тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі ықтимал. 

 

 

Жұптар жоғары деңгейдегі (мысалы, шешім қабылдау, проблемаларды шешу) бірлескен ойлы тапсырмаларды орындау және құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді болуы мүмкін.

7-10 оқушыдан тұратын үлкен топтар мәселені талқылау барысындағы мақсат көптеген көзқарастарды алу болған жағдайда тиімді болуы мүмкін.   

Топ көп болған сайын, ондағы жұмысты, рөлдер мен өзара қарым-қатынасты жоспарлау және ұйымдастыру, әңгімеге араласу  соншалықты қиындай түседі.

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.

Топтық жұмыс баланың мектепке келген күнінен бастап енгізіледі, бірінші сынып оқушысына алдымен, өзінің қасындағы жұбымен жұмыс істеу қызықты болады. Бұл олардың танымдық әрекетін  белсендіру мен өзара бақылау, өзара көмек сияқты сапалардың қалыптасуына көмектеседі.

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net