БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Блялова Алуа Аманжоловна

Қарағанды қаласы, №66 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі  

 

Кейінгі жылдарда қазіргі мектептерде көп дүние өзгерді. Бұл өзгеріс білім беру саласында қызмет етіп жүрген педагогтар мен әдіскерлердің назарынан тыс қала алмайды. Бүгінгі таңда көптеген педагогтар мен әдіскерлер жоба тәсілінің қолданылуын қажетті деп есептейді, көбінесе бұл орта буын мен жоғарғы мектепке қатысты.

Осы тұста айтылған жоба тәсілі бастауыш мектепке қажет пе деген сұрақ туындайды. Бірінші сынып оқушысына қарап заманауи қоғам тұлғасын көре аламыз. Зерделей қараған жағдайда нақты осы жас буынның бойынан уақытымыздың жаңаша ағымдарын байқау мүмкіндігіне ие боламыз. Болашақ оқушыларымыздың қандай да бір бөлігін еркін, зияткерлік тұрғыда анағұрлым дамыған, оқуға тілек білдірген ынтасы жоғары балалар құрайды.

Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі.

Білім кеңістігінде жобалық әрекет оқытудың (тәрбиенің) құралы ретінде орын алады. Жобалық тәсілдер негізіне оқушылардың танымдық дағдыларын, алған білімдерін өз бетімен құра білу шеберліктерін дамыту, ақпарат кеңістігіне орнығу, сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру жатады. Заманауи білім беруде түрлендіру объектісі, мақсаттық бағыты және нәтижелері жағынан айырмашылыққа ие жобалаудың үш түрі басым:

–                   әлеуметтік-педагогикалық жобалау. Бұл түрі әлеуметтік ортаның өзгеруіне немесе әлеуметтік мәселелерді педагогикалық құралдар арқылы шешуге бағытталады;

–                   психологиялық-педагогикалық жобалау. Жобалаудың бұл түрінің мақсаты адамды және білім беру үрдісі кеңістігіндегі тұлғааралық қарым-қатынастарды қайта өзгерту;

–                   білімдік жобалау. Білімдік жобалау білім сапасын және білім беру жүйесіндегі инновациялық өзгерістерді жобалауға бағытталады.

Гуманистік педагогикада жобалау үрдісіндегі баланың рөлі туралы мәселе аса маңызды. Ол тапсырыс беруші, жоба әрекетінің белсенді қатысушысы, сонымен қатар әрекеттің және оның нәтижелерінің сарапшысы да бола алады.

Дайын жобалар қойылған талапқа сәйкес рәсімделуі тиіс (бейнефильм, альбом, компьютерлік газет, альманах).

Жобалық оқытудың мақсаты тиісті деңгейде жүзеге асқан жағдайда оқушы төмендегі әрекеттерге қол жеткізе алады:

–       өзіне қажетті білімді өз бетімен түрлі ақпарат көздерінен ала алады;

–       алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалана біледі;

–       топтасып жұмыс жасау нәтижесінде коммуникативтік дағдыларға ие болады;

–       оқушы бойында зерттеу дағдылары (проблеманы анықтай білу, ақпарат жинақтау, бақылау, эксперименттер жүргізу, талдау, гипотеза құру, жалпылау) дамиды;

–       жүйелі ойлау қабілеті жетіледі.

Бастауыш мектеп оқушысының жасы – баланың ой-санасының дамуы үшін анағұрлым жағымды кезең болып табылады. Нақты осы кезеңде баланың бойында өзіне және өзін қоршаған дүниеге деген саналы көзқарасы қалыптасады. Жобалық әрекет тұлғаның өзіндік дамуымен байланысты болып келетін келесі шеберлік түрлеріне әсер етеді:

–       зерттеулік (тың ойларды ортаға салу және қандай да бір проблемадан шығудың түрлі жолдарын таңдай білу шеберлігі);

–       бағалау (оқушы өз әрекетінің нәтижесін бағалай алады және оны басқалардың жұмыс нәтижелерімен салыстыра біледі);

–       ақпараттық (қажетті ақпаратты іздеуді өз бетімен жүзеге асыру, жетіспеген мәліметтерді анықтау шеберлігі);

–       тұсаукесерлік (балалар жобалық жұмыстарын өздерінің сыныптастары алдында қорғай алады, қойылған сұрақтарға жауап бере біледі; шама-шарқынша әртістік қабілеттерге ие);

–       рефлексиялық («Мен нені үйрендім?», «Менің нені үйренуім керек?» сұрақтарына жауап бере білуі).

Жоғарыда айтылғандардың барлығын, әрине, бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру қажет. Бастауыш мектеп оқушысының жобалау әрекетіне дайын екендігінің бір айғағы оның ойлау қабілетінің дамуы.

Оқушылардың жобалау әрекеті арасында олардың оң уәжін туғызған жұмыстардың басым көпшілігі экологиялық тақырыптарға байланысты болып келеді. Экологиялық тақырып оқу және оқыту үдерісінде, сабақтан тыс уақытта аса өзекті болып отыр. Бұған биологиялық және зоологиялық мұражайларға, өлкетану мұражайына, хайуанаттар бағына саяхат жасаулары, қоршаған орта мен табиғатқа қатысты мәселелер мен мәліметтер жайындағы білімдері бойынша өткізілген викториналар да енеді.

Жобалық әдіс бастауыш мектеп оқушыларын өзіндік дамуға ынталандырады, болашақ әрекет жоспарын өңдеуге және оны тақырыппен, жоба міндеттерімен сәйкестендіруге жағдай туғызады, оқушылардың бойында түрлі ақпарат көздерінен нақты бір тақырыпқа материал іздеу қажеттілігін дамытады, табылған материалдың өз жұмысы үшін маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді.

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net