ПДТ БАЛАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Болганбаева Рысгул Ныгыметоллакызы

Қарағанды қаласы, «Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған

мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

 

Қазіргі қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер білім жүйесін реформалауды, оның дамуына жаңа амалдар енгізуді, соның ішінде, оның әдіснамалық және тұжырымды негіздері мен педагогикалық ғылымның парадигмасын қайта қарастыруды талап етеді. Қазіргі кезде Республикамызда білім беру ісінде демократияландыру мен ізгілендіру жаңартудың негізгі принциптері ретінде анықталған орта білім жүйесін дамытудің тұжырымдамасы мен стратегиясы, Заңның негіздері және орта білімнің бекітілген жалпы міндетті стандарттары бар. Осы стандарт бойынша білім беру кезінде әр түрлі деңгейдегі, қабылдау қабілеттері әр түрлі оқушыларға кез боламыз.

 

Балалардың ақыл-ой дамуындағы жеңіл ауытқулар «психикалық дамудың артта қалуы» деген терминмен сипатталады. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен, туылу кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар болып табылады. Сонымен қатар дамудың тоқтап қалуы жоғары жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы соматикалық жағдайлармен, бас мидың жарақаттануымен, эндокриндік жүйенің бұзылуымен байланысты болуы ықтимал. Дамудың артта қалуының негізгі ерекшелігі баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Бұл балаларға тән ерекшелік- зейіні мен жұмыс қабілеттілігінің төмен болуы. Кейбір балаларда іс-әрекеттің басында зейіндері жоғары күшті болады да, ал кейін ол төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді еске сақтаудың төмендеуі, есте сақтау беріктілігінің жетілмеуі, интеллектуалдық белсенділіктің төмендеуі ­­­– осы категориядағы балаларға тән ерекшелік. Ойлау әрекетіне келетін болсақ, көрнекі – амалды ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көрініс  береді.Көпшілік жағдайда нақтылы – бейнелі ойлау бұзылады, яғни бейне, образдардың жеткіліксіз түрде болуы. Қарапайым есептер көрнекі материалдарға негізделсе де, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, олар да қиындық туғызады.

Балалардың белсенді сөздігі айтарлықтай тарылған, түсінігі толық дәл емес. Танымдық белсенділігі жеткіліксіз, ол баланың тез шаршауымен, тежелгіштігімен сипатталады.ПДТ балалардың ерікті зейіні әлсіз болғандықтан психикасы дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттеріне тез бейімделіп кетуіне кедергі болып қала береді.Зейін белсенділігінің төмендеуі, психика дамуы тежелген балалардың жүйкелік-психикалық жағдайларымен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар сыртқы жағдайлардың оқушылардың көңіл-күйінің тепе-теңдігін бұзып, мазасыздануынан зейін шоғырлануын төмендетеді. Психикалық дамуы тежелеген балалардың әрекетсіздігі оқу тапсырмаларына зейіннің шоғырлануына кедергі келтіріп, олардың ашушаңдануынан, сабақ оқудан мүлдем бас тартуына әкеледі.Мұндай балаларда өз-өзіне сенімсіздікті тудырады. Салыстыру, жалпылау, абстракциялау және жіктеу сияқты қасиеттердің жеткіліксіздігінен арнайы педагогикалық көмексіз, мектеп бағдарламасын игере алмайды және осының әсерінен үлгермеуші оқушылар қатарына қосылады. Үлгерімнің төмендеуі көбіне дыбыстық және мағыналық сөздерді сараптай алмауынан, кітап оқуды нашар игеріп, жазба сөзді игеруі қиынға түседі. Сондықтан арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру ПДТ балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына көп ықпал етеді.

Психикалық дамуы тежелген балалар мектепке алғаш келген кездерінде өздеріне тән ерекшеліктері байқалады. Олар мектептегі оқу процестеріне көбіне мүлдем дайындықсыз күйде болады. Бағдарламалық материалдарды игеруге қажетті білімдері де, дағдылары да болмайды. Оларға мектеп талабына сай ережелерге бағыну қиындыққа түседі. Осының салдарынан өз әрекеттерін бағдарлай, басқару әрекеттері болмайды. Жаңа ортадағы қиындықтар сонымен қатар олардың жүйке әрекеттеріне де біраз залалын тигізеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың көбісінде тез қажу, жұмыс белсенділігінің бәсеңдеуі байқалады. Мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, түзете оқытуды талап етеді. Біздің мектеп-интернатта арнайы түзету сабағы ұйымдастырылып, оған арнайы сағат бөлінген. Түзету сабақтарын дұрыс әрі тиімді пайдалану арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады. Түзету сабақтарында әр оқушының қабілетіне қарай жеке жұмыстар ұйымдастырудың маңызы өте зор.

Жалпы психологиялық-педагогикалық түзете-дамыту жұмыстары бағдарламасының тиімділігі мына ержелерге сүйене отырып жоспарланған жағдайда тиімді болады:

-       түзету жұмысының мақсаты нақты ақауды түзетуге жоспарлануы қажет; түзету жұмыстарының міндеттері алдыға қойған мақсатқа нақты жеткізетін түрде;

-       балаға жүргізілетін түзету жұмыс формасы нақты айқындалған (жеке, топпен немесе аралас);

-       түзету жұмысында қолданылатын әдістер мен қолданылатын жабдықтары таңдалған; түзету бағдарламасының жүргізілетін уақыты белгіленген; түзету жұмыстарының жиілігі ( аптасына төрт рет);

-       әрбір түзету сабақтарының мазмұны; түзету жұмыстарына басқа да тұлғалардың қатысуы;

-       түзету жұмысының динамикасын бақылау, бағдарламаға қосымша немесе өзгертулерді ендіру.

Түзету шамаларын жүргізу аяқталғаннан кейін психологиялық-педагогикалық қорытынды жасалады, онда түзету бағдарламасының мақсаты, міндеттері, әдістері, жүргізілуі реттері айтылып, соңында алынған нәтижелердің тиімділігіне баға беріледі.

ПДТ бастауыш сынып оқушыларының зейін әрекеттерін арттыруда жүргізілетін түзету жұмыстарын жоспарлау кезінде педагог-дефоктолог психологпен бірлесе отырып жұмыс жасауы қажет. Зейін әрекеті тежелген балаларға оқу жылының басынан бастап түзету жұмыстары жүргізілгені дұрыс, бұл балалардың сабақ үлгерімдерінде жақсартуға септігін тигізеді. Түзету жұмыстарын жоспарлауда балалардың ерекшеліктері ескеріліп, ол балаларда қызығушылықты тудыруға ықпал етуі қажет. Сонда ғана ПДТ балалардың зейін әрекетінің дамытуға мүмкіндік болады.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net