Үштұғырлы тіл

 

Култасова Даржан Рзыкбековна

Қарағанды облысы білім басқармасының

Шахтинск қаласы білім бөлімінің

«№7 жалпы білім беретін мектебі»КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

         Тіл – халықтың ең басты қазынасы.  «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, бұл мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл қазақ, орыс және ағылшын халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту болып табылады. Атап айтатын болсақ, қазақ тілін дамыту керек, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз  қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

 

Қазіргі жаһандану заманында  білім саласында көп тілді меңгерту өзекті мәселелердің бірі болып, жан-жақты назар аударылуда. Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар-қазақ тілі-мемелекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деп баса айтқан болатын. Сонымен бірге Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - дегенді баса атап айтты.

         Қазіргі таңда әлемдегі дамыған елдердің қатарына ену үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алу болып тұрғаны баршамызға аян. Ақпараттық техниканың қарыштап дамыған заманында үш тілді үйрену меніңше қиындық тудырмайды. Біздің ата-бабаларымыздың өткен тарихына көз жүгіртіп қарасақ, әлемнің екінші ұстазы атанған, ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыз өмірінде 76 ұлттың тілін оқып білді десек, тарихта аты аталған әрі батыр, әрі дауылпаз ақын болған Махамбет Өтемісұлы мен қазақтың бір туар ұлы өзінің аз өмірінде бірнеше тілде оқып, үйреніп білді емес пе? Қазақтың ақыны Абай атамыз орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін де меңгерді.

          Қапы қалып жүрмелік-деп Абылай атамыз айтқандай, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтап, заман талабына сай үш тілде де еркін сөйлеп, меңгеріп, жаһандану кезінде еліміздің түкпір-түкпірімен еркін сөйлесе алатындай байланыста болса, еліміздің болашағын көркейтіп әлемге танытатыны қуантарлық жәйт. Бұл дана халқымыздың: «Жеті   жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деген   нақыл сөзіне сияр еді. Әлем деңгейінде жоғарғы дамыған елдердің қатарына ену үшін халқымыздың басты мақсаты осы тілдерді меңгерген сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал сауатты ұрпақ, ол өз тілінде еркін сөйлеп, оның қыры мен сырын терең меңгерген ұрпақ болып өсуі заман талабы. «Елу жылда ел жаңа…» демекші, еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемнің дамыған алдыңғы қатарлы елдерімен мәдениеті қарқындап келеді. Осындай оң нәтижеге қол жеткізуіміз ел мен елдер арасындағы, халық пен халықтар арасындағы ынтымақтастығымыз бен татуластығымыздың куәсі-тіл.

Қазақстанымыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойын алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының   Ассемблеясында айтқан болатын. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жолдауында Елбасымымыз «Тілдердің үш тұғырлығы-«Триединство языков» мәдени жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды ұсынғаны баршамызға аян. Бүгінде  осы үштілділікті қолдап, қолдану мақсатында біз, ұстаздар өз үлесімізді қосып, оқушыларымызға жаңа заман талабына сай білім беруге жұмыла кірісіп келеміз. Бұл үш тілде жас ұрпаққа білім берудің инновациялық тәсілдері олардың білім жолында еркін самғай отырып, жаһандық құпияларға үңілуіне және өзіне қажеттілік танытуына таптырмайтын ең басты мүмкіндік деп білемін. Сонда бір сөзбен айтсам, қазақ тілін дамытамыз, орыс тілін қолданамыз, ағылшын тілін үйренеміз деген тоқталымға келер едім. Ал қазіргі заманымызда кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналған аса қажеттіліктердің бірі. Сол себептен де үштілді меңгертудің басты мақсаты тіл үйренушілердің коммуникативті құзырлығын қалыптастыру болып отыр. Біз осы тілдерді үйрену арқылы басқа ұлттардың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білеміз. Сондықтан да қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер мен еліміздегі білім беру салаларының жаһандық білім беру кеңістігіне шығуы – білім саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға қазіргі заман талабына сай  өзгеріс енгізу болып отырғандығында. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушының жеке ерекше қабілетін, дарыны мен талантын ашу және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Елбасы Жолдауында «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешімді бірлесе отырып қабылдауға тиіспіз, баланың орыс, ағылшын тілдерін, интернет тілдерін жетік меңгеруі-ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп атап көрсеткен бағытымен мектепке дейінгі ауқымда үш тілді қатар оқыту қолға алынғаны мәлім. Мұның мақсаты: тілді дұрыс меңгерту, ауызекі сөйлей білуге үйрету боп табылады. Демек, біз осы мемлекетіміздің дүниежүзілік деңгейге жетіп, 50 елдің қатарына иық тіресе теңесіп сөйлесе алуымыз осы үш тілді біліп, танытқанымыз деп білемін. Қазіргі заманда басты мақсаттардың бірі өскелең ұрпаққа жан-жақты, жаһандану құндылықтарға бейімделуге және көрші елдер мәдениетінің  өкілердерімен   жете үштілділікті  үйрене отырып, өзара әрекет жасауларына шеберлік қалыптастыру болып отыр.  Көп тілді білген адамның көп нәрсеге қол жеткізіп, басқа адамдармен салыстырғанда еліміздің кез келген жерінде еркін жұмыс жасау мүмкіндіктер ие болатындығы және қай елмен де байланыста болсаң да    алдыңнан жол ашық екені осының куәсі. Осыған мына бір ғұлама сөзі пара-пар:  «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз». Әр түрлі үш тілділікті үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты-әр түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушының тілін дамыту және тілге деген сүйіспеншілік, қызығушылық қабілеттерін жетілдіру мақсаты көзделіп отыр. Соның нәтижесінде сабақтың сапасы да артатынын күнделікті өз тәжірибемізден байқап, нәтижесін көріп жүрмін. Нәтижеде әр оқушы өзін тұлға деп сезіне алады, ой-пікір қалыптастыра алады. Сол себептен де қазіргі таңда заманауи талапқа сай мына жаһандану әлемінде болашақта жас ұрпақты дамытудың бірден бір көзі осы көптілділік болып отыр. Сол арқылы оқушының жан-жақты білім алуы үшін де жаңа инновациялық тұрғыдан көшбасшы боп бағыттаушы мұғалімнің өзі де жаңа форматтағы жаңашылдықпен қаруланған және бірнеше тіл білетін маман болуы шарт. Сонда ғана біз жас ұрпақты білім көгіне шығара аламыз.

    Тіл – халықтың ең негізгі байлығы.  Ана тіліміз – қазақ халқының жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі - әр адамға ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан балаға жетіп отырған мирас, ұлы күш.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж