Ұстаздық – ұлы міндет

Бупеев Балгаш Габитович, Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті

Абай атындағы ЖББОМ АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы

      

    Жүрек қалауымен ұстаз болып қызмет істегенімді өзіме үлкен бақыт деп есептеймін. Мен үшін ұстаздық жай ғана мамандық емес. Оқушы жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге дайындау қиын да қызықты жұмыс. Шәкірттерім үлкен өмірде өз орнын лайықты тауып жатса-бұл мен үшін асқақ арманның орындалғаны. Осындайда «Ұстаз ұлық емес- үлкен қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан еске аламын.

 

        Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы  ізденесің,оқисың және ең алдыңғы қатарда жүру үшін тырысасың .Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін.Менің өмірімде өз алдыма үлгі қойып алатын ұстаздар баршылық болды. Атап айтқанда,өзім оқыған мектептің ұлағатты ұстаздары менің жүрегімде мәңгі сақталып қалды. Осы ұстаздардың ұлағатты өмірі менің қызметімнің алдында тұратын бағдары сияқты.

        Ұстаз ретінде мен тек жалаң білім берумен шектелмеймін.Басты өмірлік кәсіби ұстанымым-оқушыларға сапалы білім мен қатар саналы тәрбие беру,жігерлі де қайратты рухани жетілген ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру.Басты осы ұстанымымды алтын қазыққа байлап келемін.

         Менің ұғымымда ,біріншіден ,ұстаз міндеті шәкірттерге білім беруден тереңірек жатыр.Алдымыздағы әрбір оқушы өзінің қасиеттерімен қайталанбайтын ерекше тұлға.Осы тұлғаның жан дүниесіне жол таба білу-ұстаздардың айнымас борышы .

         Екіншіден,мұғалім шын мәнінде баланы жақсы көру керек,оған рухани қуат беру керек.Шыдамдылық пен мейірімділікпен қателіктерін кешіріп,оның пікірімен санасып отырғанда ғана ұстаз өз мәртебесін көтере алады.

         Үшіншіден,балаға үнемі қолдау көрсету-үлкен мәнді гуманистік ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар:баланы жақсы көру,оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру,баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.

         Төртінші,әр оқушының мінез- құлқын зерттей отырып,оның өз шамасына қарай тәрбиелеу,ғибратты әңгімелер айту.

         Бесінші,алға қойған мақсаттарға кедергі келтіретін себептердің алдын алып балаға өз күшіне сенетіндей тәрбие бағдарын жедел өзгерту. Бұл жағдайда баланың белсенділігіне сүйену тамаша нәтиже береді.

         Ұстаздың ауыр да асыл еңбегінің мұраты сонда ғана ақталады.Көп жылғы тәжірбиемде осы жоғарыдағы талаптарды ескеріп отырамын.Қол жеткен нәтижелерім соның нәтижесі деп білемін.

 

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net