МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Сураганова Баглан Женесовна

Қарағанды қаласы, №58 ЖББОМ

 

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ата-анамен қоғам арасындағы тығыз байланыс үлкен роль атқаратыны белгілі. Жас бүлдіршіннің дамуына тікелей әсер ететін осы мәселе қоғамның қай кезінде де өз маңызын жоғалтқан емес.

 

Бұл әсіресе еліміздің жаңару кезеңінде зор маңызға ие болып отыр. Өйткені жас ұрпақтың бойына рухани адамгершілік ұлттық патриотизм ,ұлттық сана мен дәстүр имандылық құндылықтарын сіңіре білу ең алдымен балабақшаларымызда атқарылатын жұмыстардың пәрменділігіне байланысты болуда. «Ұяда не көрсең-ұшқанда соны ілерсің», демекші кішкентай бүлдіршіндер жүрегіне халқымыздың ең асыл құндылықтарын ұялата білу міндетінде балабакша мен ата-ана арасындағы байланыстың ерекше қызмет атқаратыны даусыз.

Қазіргі заманда қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгілі ,өнегелі тәрбие беру – қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Тәрбиешінің алдындағы басты мақсат –сапалы білім мен саналы тәрбие беру,тұлғанын заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Сол мақсатқа жету үшін балабақшадан шығатын тәрбиеленушіге бүгін берген білім мен тәрбиенің пайдасы, жаңалығы туралы айтуға боларлық оқу- тәрбие процесін қалай ұйымдастыруға болады?

Баланы тәрбиелеу,дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Қазіргі кезде бала тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата –аналарға кеңес түріндегі психологиялық –педагогикалық көмек беру өзекті болып отыр. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындап, инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру.

Ата аналармен бірлесе отырып, баланың тұлғасын дамытуға біріңғай білім мен тәрбие беру кеңістігін қалыптастыру. Отбасымен бірігіп балалардың өмірін қорғау денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау. Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасында эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету ушін ата- анасына көмектесу. Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрді сақтауын ескере отырып ,балаларды әлеуметтік ортаға қарым –қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау. Баланың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, оның жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына ықпал ету. Жұмысты ұйымдастыруда педагогикалық іс-әрекеттердің белгілі тәсілдерін қолдану және жаңашылдықты іздеу. Ата –аналардың жеке қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін ескере отырып,дидактикалық материалдар таңдап іріктеу Ата-аналардың арасында психологиялық ағарту жұмысын жүргізу.

Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың «Тәрбиедегі мақсат –баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» - деп айтуы бала тәрбиесінде ата-ана, балабақша, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Кейбір сәттерде отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен балабақшаның өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарын тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ ,балабақша отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық үйлесімін табуы тиіс.

Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасы мен өз ара қарым-қатынасының барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты – балалар, ата-аналар,педагогтар арасындағы сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру қажеттілігіне тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өз ара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады; педагогикалық және психологиялық сауаттылығын жетілдіру;іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу әр түрлі үйірмелер) балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау; әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмектесу.

Ата-аналар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу арқылы өз балаларының оларға тән емес орталығын, басқалармен қалай араласатынын, білім деңгейін,құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады.

Балалабақшаның жылдық жоспарына сәйкес ата-аналарымен ұйымдастырылған балабақша ішілік семинар–кеңестер, акциялар, тренингтер, байқаулар, пікір-талас, дөңгелек үстел, ашық есік күндерін өткізу. Оның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу.

Отбасы және мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту ұйымдары – баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты бала тұлғасын, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен ата-ана арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы. Осы екі арнадағы тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана еңбегіміз жемісті болмақ. Біздің мақсатымыз XXI ғасыр талабына сай жаңашыл , шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты жеке тұлға тәрбиелеу.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. «Отбасы және балабақша» журналы. 2013 ж.
  2. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту». 2013 ж.
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net