Домбыра – қазақтың ең ардақты ұлттық қазынасының бірі

 

 

Тлеубеков Сұлтан Ерланұлы,

ән домбыра мұғалімі

Қарағанды облысы

«№1 балаларөнермектебі» КМҚК

 

Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Онсыз бірде-бір шара өтпейді. Көшпенділер заманында да, қазіргі заманда да солай. Шертпелі, екі ішекті аспап түрлі мамандық иелерінің, діні мен ұлты басқа жандардың басын қосады. Домбыраның күмбірлеген дыбысы терең ой-толғауларды сөзден артық жеткізе алады.

 

Домбыра қазақтың 7 ұлттық қазынасының бірі десек те болады. 2007 жылы отандық ғалымдар мемлекет пен халықтың рухани дамуына, соның ішінде қалыптасуына ықпал еткен 7 ерекше мәдени құбылысты анықтаған. Бұл тізімге домбыра, Тамғалы шатқалында тасқа салынған суреттер, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Маңғыстаудағы жерасты мешіттер, қазақтың киіз үйі, «Бәйтерек» монументі, Есікте табылған «Алтын адам» кірді. 2010 жылы домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, домбыраның 4 мың жылдық тарихы бар. 80-ші жылдардың соңында ғалымдар Алматы облысындағы Майтөбе шоқысында тастардан тапқан суреттерде би билеп жүрген адамдар мен домбыраға қатты ұқсайтын музыкалық аспап бейнеленген. Неолит дәуіріне жатқызылған бұл бірегей олжа Алматыда Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде сақтаулы тұр.

Халық арасында домбыра туралы тараған аңыз-әңгімелер көп.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жазылғандай, ұлттық жаңғыру – бұл ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. «Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», - делінген мақалада.

Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуанышта да, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Олар домбыраның сыңғырлаған үнімен халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Ал домбырада ойнау өнері мен күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып отырған.

Бұл ретте күйлердің екіге бөлінетінін айта кеткеніміз жөн. Тактикасы мен орындау техникасына қарай шертпе және төкпе күйлер болады. Батыс Қазақстанда қалыптасқан Төкпе драмалық оқиғаларды, жауынгерлік, күшті бейнелерді жеткізеді. Шығыс, Оңтүстік және Орталық Қазақстанға тән Шертпе күйлер әлдеқайда еркін болады, олар өзіндік импровизациямен ерекшеленеді, адамның терең сезімдерін жеткізіп, әйелдің нәзік бейнесін сипаттайды.

Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен ықпалын тигізген ұлы домбырашылардың бірі – Құрманғазы. Оның «Сарыарқа» мен «Адай» секілді мәңгі өлмес туындыларын қазіргі кезде де баршаға белгілі. Керемет музыкант әрі композитор жазған 60-қа жуық күй осы күнге дейін сақталған.

Таланты мен домбырада ойнау шеберлігінің арқасында оның танымал шәкірті Дина Нұрпейісованың да есімі қазақ музыкасының жылнамасына алтын әріптермен жазылған. Дина домбырада ойнауды әкесінен үйренген, 9 жасында кішкентай домбырашы бүкіл елге танымал болады. Жас шебердің өнеріне Құрманғазы да өз бағасын берген екен. Кейін ұстазына айналған ол Динаның күйші ретінде қалыптасуына үлкен ықпалын тигізген. Дина Нұрпейісованың белгілі шығармалары «Бұлбұл», «Әсем қоңыр», «1916 жыл» және т.б. Соңғы концертін Дина 91 жасында қойған.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж