Қосымша білім беру жүйесін қалыптастыру жағдайында оқушыларды кәсіби бағдарлау

 

 

Сыздыкова Нургул Кокишевна,

домбыра мұғалімі«№3 Балалар музыка мектебі» КМҚК

 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламысының алтыншы бөлімінде көрсетілгендей сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігі айқындалады.

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

 

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі Осы аталған ерекшеліктерді басты назарға алып орталағымыз жұмыстануда. Соның ішінде мектептен тыс жұмыс орталығындағы тәрбиеленушілердің кәсіби бағдарлау  мәселесін қозғамақпын.

Мамандық таңдау мәселесі жоғары сынып оқушыларының алдында әрдайым маңызды болады, ал қазіргі уақытта бұл мәселе біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты өте өзекті болуда. Заманауи экономикалық және саяси жағдай адамның жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне өте жоғары талаптар қоюға мәжбүрлейді. Нарықтық қатынас еңбек мақсаттары мен сипаттарын түбегейлі өзгертеді: оның қарқындылығы өседі, шиеленісі күшейеді, жауапкершілікті, төзімділікті және жоғары кәсіби шеберлікті талап етеді. Көптеген жаңа кәсіптер туралы оқушыларда ақпарат жоқ, оған қоса дәстүрлі кәсіптер де елеулі өзгерістерге ұшырады. Адамға кәсіптің қажеттілігі және оның жеке ерекшеліктері, еңбек нарығының сұранымы сияқты факторларды ескере отырып, кәсіби таңдау жасау, мамандықты табысты игеру, еңбек қызметіне үйлесімді кіру, маманның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы маңызды шарты, сонымен бірге оның отбасының амандығы болып табылады. Қосымша білім саласы ел алдындағы экономикалық жауапкершіліктегі өзінің үлесін сезінуі керек. Кәсіби бағдарлау жұмысы оқушылар келешегінің қажеттілігі, экономикалық жүйемен білім жүйесін байланыстыратындықтан қосымша білім жүйесінің қызметінде маңызды орынға ие. Қоғамның саулығы үшін, қосымша білімнің әрбір түлегі өз қызығушылықтарына, икемділігіне толықтай қолданулар мүмкіндігін алуы, өз еңбегінен терең қанағат алуда және барынша көп пайда әкелетіндей қоғамдық өндіріс жүйесінде өз орнын іздеуде күшін, уақытын (қаражатын да) жоғалтпауы керек. Білімнің барлық сатыларын қамтитын кәсіби бағдардың кешенді жүйесін құруды қосатын, қосымша білімде сапалы жаңа білім үлгілерін әзірлеу қажеттілігі туындады. Дұрыс таңдалған кәсіп адамдың икемділігі мен қызығушылығына сәйкес келеді, қабілеттілігімен толықтай үйлесімде болады. Тек осындай жағдайда ғана мамандық қанағат пен қуаныш алып келеді. Білім алушылар кәсіптер туралы жан-жақты ақпараттарға, кәсіпті таңдау кезеңінде білікті кеңеске, кәсіптік қалыптасу барысында көмек пен қолдауға мұқтаж болды. Дәл осы жұмысты қосымша білім педагогтері яғни біз ұйымдастырып әрі қарай дамыту жолындамыз.

Осылайша қосымша білім беру ұйымдарында балаларды кәсіби бағдарлау концепциясын әзірлеуде жеке бас ықпалын іске асыру мәселесін өзектендіреді. Қосымша кәсіби білім беру – білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту үдерісі.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж