Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінің сапасын бағалау негізінде балалардың коммуникативтік-тілдік дағдыларын дамытатын заттық-кеңістік дамыту ортасын жобалау

 Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

№34 негізгі орта мектеп КММ

 мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі

Бегжанова Гулнаш Советовна

        Қазіргі мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік-тілдік әрекетке қызушылықтары мен ынта-ықыластарын қалыптастыру арқылы олардың белсенділігін арттыру маңызды.

 

Мектеп жасына дейінгі балаларға оқу қызметін меңгерту, олардың коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру білім саласының басты бағыттарының бірі болып саналады.Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінің сапасын бағалау негізінде балалардың коммуникативтік-тілдік  дағдыларын дамытатын заттық-кеңістік дамыту ортасын  құру маңызды.Тәрбиеші білім беру салаларындағы тақырыптарды байланыстыра отырып,орталықтарда

әртүрлі инновациялық технологияларды пайдаланып ,балалардың ауызша байланыстырып сөйлеуін, шығармашылығын,сөйлеу әрекетін дамытуды ,тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді, белсенді сөздікті байытуды , тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, мазмұндауды қамтиды. Баланың коммуникативтік-тілдік дағдыларын дамыту үшін-тәрбиеші ең бірінші баланың қызығушылығын ояту керек, себебі қызығушылықпен жасалған ойын түрлері балаға тиімді әсер беріп, оң нәтижеге әкеледі.Әдіс-тәсілдерді сабақтың мазмұнына сай таңдау тәрбиешінің шеберлігіне,тәжірибелігіне тікелей байланысты. Мысалы: «Жеті лақ» ертегісінде балалар оқу орталықтарында ертегілердің мазмұнымен танысса,шығармашылық орталықтарында сол ертегі мазмұнына сурет салады,таным орталығында тәрбиеші лақтарды  қасқырдан құтқару үшін сандарды тура және кері санатса (басқа да тапсырмаларды орындатады), денсаулық саласында «Қасқыр қақпан»ойынын ойнатады .Ертегіні баяндау кезінде, баланың сөйлеу дағдысы,сөз байлығы дамып, өз ойын жеткізе алады.Салынған ертегісінің мазмұнын түсіндіре отырып,қалай салғанын, қандай бояумен бояғанын түсіндіре отырып,тәрбиешімен тілдік қатынасқа түседі.математикада тура ,кері санай отырып тез сөйлеуге,шапшаңдыққа үйренеді.Әлеуметтік салада бала қасқыр мен лақты сипаттап айтады.         Қайда өмір сүреді,немен қоректенеді,түсі қандай?-деген сұрақтарға жауап береді,бала мен тәрбиеші арасында диалог құрылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінің сапасын бағалау негізінде балалардың коммуникативтік-тілдік  дағдыларын дамытатын заттық-кеңістік дамытуда ойынның алатын орны ерекше.

Балалардың қызыға ойнайтын «Зуылдақ» әдісі баланың тез –тез сөйлеуін,логикасын дамытып,сөздік қорын молайтады.

Тәрбиеші бұл ойында ортақ тақырып айтады ,балалар сол тақырыпқа сөздер айтады. Соңынан тәрбиеші сол сөздерге сөлем құрастыруды немесе бір,екі жол өлең құрастыруды ұсынады.Яғни, тәрбиеші ортақ сөз: «жеміс» десе, балалар: алма,алмұрт,банан тағы басқа сөздерді айтады. Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруды қажет етеді. Коммуникативтік құзіреттілік түрлі қатынасты қалыптастыру арқылы дамиды: тілдік қарым-қатынас, диалог, топтық.
 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмыстарының бірі, қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп,өмірімен байланыстыру.

Сонымен қатар ұлттық салт-дәст.рге (камзол, тақия, текемет, сырмақ, ат әбзелдері, бесік, домбыра) байланысты сөздерді меңгерту.

 

 

 

 

 

 

Ертегі,әңгімені, өлең-тақпақтар мен жаңылтпаштардысондай ақ мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту олардың сөздік қорын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, баланың ақыл ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Дыбыстарды ашық, таза, дұрыс айтып, бір-бірінен ажырата білу.  Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындарды мақсатына, шартына байланысты орындай білу.
   Балалармен қандай тақырыпта әңгіме құрастырсақ та, алдымен белгілі мақсат қоямыз.Сол мақсатқа жетуде балаларға адамгершілік, патриоттық, еңбексүйгіштік, экологиялық,т.б. көзделеді.Әрине, ол үшін жылдық мақсатты басшылыққа алу керек.Қорыта айтқанда, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың коммуникативтік-тілдік дағдыларын дамытатын заттық-кеңістік дамыту ортасын қалыптастыра отырып белгілі бір жетістікке қол жеткізе аламыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж