Отбасы тәрбиесі – қоғам негізінің бастауы

Конысбаева Жанерке Серикжановна

Қарағанды қаласы «№ 22 мектеп-интернаты» КММ тәрбиеші

 

Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу-азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы. В.А.Сухомлинский

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған қол жеткізудің негізгі жолы әлемдік білім кеңестігінен орын алу болып табылады. Ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұру, нәтиже мен сапаға бағыттау, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу қажеттілігін міндеттейді.

Осыған орай орта мектептердегі оқу – тәрбие үрдісін жетілдіру, демократиялық принциптерге негізделген инновациялық технологияларды енгізу, педагогикалық процеске ата-аналарды, қоғамды кеңінен тарту- шұғыл шешімдерді қажет ететін, білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін айқындау және шешу жолдарын құрайтын өзекті мәселелер жиынтығы болып табылады. Қазір біздің өмір сүріп отырған қоғамдағы білім саласының басты мақсаты – әр оқушы өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашылық білімді тұлға қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар БҰҰ-ң бала құқығы туралы Конвенция, ҚР  Конституциясы, ҚР «Білім беру туралы», ҚР «Бала құқығын қорғау туралы», «Неке және отбасы туралы» т.б. Заңдарға сүйене отырып кеңінен насихаттау көзделген. ҚР «Баланың құқықтары туралы» Заңының 20-бабында «Баланың міндеті » көрсетілген. Онда әр бір бала ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ҚР мемлекеттік нысандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауға, табиғатты сақтауға, оны қорғауға міндетті екенін көрсетілген. ҚР Білім туралы заңының 49-бабында ата-аналардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Оның бір бөлігінде «Білім беру ұйымдарының өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға міндетті» делінген. ҚР Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата- ананың табиғи парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан -2050» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы» заңында  жоғары және орта білім тұжырымдамасында әр бір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Отбасы – баланың  ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым- қатынас орнатуында іс жүзінде дағдыланады.

Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық жаңғырулар әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Отбасы асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосу себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуда. Осы заманның тағы бір ерекшелігі: толық емес отбасылар көбейіп, ата, әке, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т.б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан олар бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Ата- ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қауіпті күшке ие, көзге көрінбейтін ықпал, әсер дегенді бала ақылымен пайымдай алмаса да сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса бірде қайталайды. Ата-ананың ықпалы өзінен-өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал бір көргеннен тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол есте мәңгі қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде деру дамып формула сияқты санада қалқып шығып, іс-әрекетке айналады.

Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез-құлқы ғана емес, ондағы қоршаған заттарда әсер етеді. Үйде кітап көп болса отбасы иелері әкесі мен шешесінің ұстағаны қағаз, қалам, оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көргенінің қаншалықты әсерлі болатыны ғылыми- педагогикалық әдістерде дәлелденіп отыр. Соның бірқатар ата-ананың балаға ықпал ету әдістері:

    Ықпал ету арқылы баланың психикасын тежеу

    Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту

    Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту

    Ықпал ету арқылы теріс әрекеттерге итермелеу.

Ықпал ету арқылы тежеу: ата-ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау, үстемдік пиғылын көрсету, беделі мен басыну, санаспау. Нәтижесі: тартыншақ, қорқақ, қулық, ырықсыз, өтірік,жігерсіз, жалтақ.

Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту: нандыру, сендіру, иландыру, ақыл-кеңес, іс-әрекетін қуаттау, нұсқау, қолдау, орынды көтермелеу, дәлелдеу, дұрыс бағалау, әділ ескерту, баламен санасу, пікірлес болу. Нәтижесі: өзіне деген сенімі артады.

Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту: Орынды мақтау, мадақтау, көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру, керекті деңгейде қажетін өтеу. Нәтижесі: көңілі көтеріңкі болады, өзіне деген батырлық сенімі, өмірге құштарлығы биік, қабілеттері ашылады.

Теріс әрекетке түрткі болатын әдістер: баланың ырқына көну, еркелету, балаға мән бермеу, бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, зекіп ұрысу, орынсыз кінәлау, алдау, мазақ ету, нашар үлгі көрсету.

Нәтижесі: қырсық, өзімшіл, жалқау, рақымсыз, ұқыпсыз, ынтасыз, озбыр, бірбеткей, қатыгез.

 Осыған орай, оқушыларымыздың жанұясымен жұмыс жүргізе отырып дұрыс бағыт-бағдар беруіміз қажет. Ол үшін әрбір білім ошақтарында әлеуметтік педагогтың консультациясы, тақырыптық ата-аналар жиналысы, мектепшілік ақпараттық ата-аналар жиналысы, ата-аналарға арналған кеңестер, нұсқаулар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуы қажет. 

Ата- аналармен жұмысты ең алдымен әр түрлі әдістерді қолдана отырып отбасын мұқият зерттеу керек, бақылау, баланың үйіне бару, мінездеме, сұхбаттасу, сауалнама, баланың шығармашылық жұмысы т.б. Бұл әдістер бір- бірін толықтырып отырады. Қазіргі таңда өмірбаянды талдау (анализдеу) әдісі кеңінен қолданылады. Ол үшін оқушылар мына тақырыпта шығарма жазады: «Менің өткен шағым, бүгінім, және ертеңім», «Мен және менің жанұям»,«Менің шежірем», «Менің жанұямның портреті». Бұл әдіс бойынша оқушының отбасында қандай проблемалары бар екендігін анықтап, оны шешу жолдарын көруге болады.

Оқушыға келесі сабақта қосымша үйге ата-ана мен бірге орындайтын тапсырма беруге болады. Бұл жерде тек оқушының ғана емес ата- ананың жан- жақтылығы ескеріледі. Мақсаты: Проблемалық тақырыпты шешуге ата-ананы да қатыстыру, оның ізденушілігін, білімділігін зерттеу, әлеуметтік педагогтың берген бағытымен жұмыс жасауға қалыптастыру. Сонда ата- ана өз баласының басқалардан төмен болып қалмас үшін қолынан келген көмегін аямауға тырысады. Ата- ананың жауапкершілігі арта түседі.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net