БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

 Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, оқу–тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату- бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.

Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде қарастырылуда.

Қазіргі уақытта біздің қоғамымыз дамудың жаңа ақпараттық кезеңіне қадам басып келеді, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық салаларына кеңінен еніп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттандыру жағдайында меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп келеді. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. Сондықтан да білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты болып саналады.

Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды, ол жас ұрпақтың шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану-жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі делінген. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білуі- бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі- жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу мен жазуды меңгеру қажеттілігі сияқты қажетті шартқа айналуы қажет.

Елбасымыз «Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп атап көрсеткеніндей жас ұрпаққа білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемді қолдану маңызды. Осыған сай ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді және бұл әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Соның бірі- электрондық оқыту жүйесі. Бұл жүйеде оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер оқытушы мен оқушы арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (көрме, графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Оқыту процесiн электрондық жүйеде ұйымдастыру электрондық пошта көмегiмен мұғалім мен оқушы арасында оқу материалдарын жiберу және мұғалімге оқушылар өздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк береді. Бұл мұғалім мен оқушының жұмысын жеңiлдетедi. Енді оқушы берілген тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Мұғалім материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Сондай-ақ жоғары мектепте оқушының өзіндік жұмыстарын да электрондық пошта арқылы қабылдауға болады. Оқушылар өздерінің тақырыбы бойынша дайындаған рефераттарын, слайдтарын, тест тапсырмалары мен көрнекіліктерін және т.б. материалдарын электрондық пошта арқылы мұғалімге жібереді. Мұғалім дайын жұмысты тексеріп, қатесі болса, ескертуімен оқушының электрондық поштасына жібереді.

Өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, кросвордтар немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Электрондық оқытудың жетістігі - мұғалім өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Электрондық жүйе бойынша телеконференция өткізуге болады, бұл оқу тақырыптары бойынша оқушылар арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалімнің басқаруымен өткiзiледi. Оқытушы пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.

Сонымен оқытудың электрондық жүйесі– мұғалімнің оқушымен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Берикбаев Мақсат Саламатович

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қарағанды облысы,

Бұқаржырау ауданы Сарытау жалпы орта мектебі

{jcomments on}

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж