SMART EDUCATION: ЖАҢА БАҒЫТ, ЖАҢА КӨЗҚАРАС

 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген.

Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы және оларды тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Қазақстанда білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, заманауи білім беру, түрлі жаңа технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты – еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылуда:

-       оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;

-       «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;

-       педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

-       педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен колледж, жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;

-       мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа сапасына көшу. Қазіргі кезде әлемде мектепке дейінгі тәрбие мектепке дейінгі білім беруге ауысуда. Балаларды ерте жастан оқытуға көшу жүзеге асуда;

-       кадрлар даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру;

-       білім беру саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу;

-       Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту

Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады. Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазіргі заман талабы – көптілді оқыту және көптілді меңгерген маман дайындау. Бұл бағыт бойынша да жұмыстар басталып, жүргізілуде. Қазақ тілі – ұлтымыздың рухы, рухани байлығы. Тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше.

Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – ол бүгінгі күн талабы. Педагог кадрларының біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Сондықтан бүгінгі таңда педагогтардың алдында білім беруде түйінді құзыреттілікті меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Екінші жағынан, еліміздің халықаралық экономикалық қауымдастыққа енуі білім беру саласындағы өзгерістерге байланысты жаңа жағдайда жұмыс істеуге қабілетті педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз керек» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, заманауи технологияны тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – педагог кадрлардың басты міндетінің бірі болып отыр.

Біліктілік арттыру – «Өмір бойы білім алу» идеясының негізгі тетігі, тиімді жүйесі. Адамның өмір бойы білім алуы міндетті түрде институт тамамдап, диплом алу емес, өмір бойында біліктілік арттыру арқылы өзін-өзі жетілдіріп отыруы, тұлғалық қажеттіліктеріне сәйкес білім алуы. Бүгінгі күні біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан біліктілік арттыру аса өзекті. Себебі бұл маманның негізгі жұмысынан қол үзбей-ақ білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуды кеңінен алып қарастыратын болсақ, оның негізінде ХХІ ғасырдың жаңа парадигмасы, басымдығы ретінде танылған Smart education жатыр.

Smart education – бұл ортақ стандарт, келісім мен технология негізінде Интернет желісіндегі бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған оқу мекемелері мен профессорлық-оқытушылық құрамының бірлестігі. Яғни бұл контентті бірлесіп құру және пайдалану, бірлесіп оқыту деген сөз. Сондай-ақ, Smart education, немесе «жетелі оқыту», - бұл барлық әлемнің контентінің көмегімен еркін кіруге болатын интерактивті білім ортасындағы икемді оқыту. Smart education ұғымының мәні – білімнің кең көлемді қолжетімділігі. Өз кезегінде, «жетелі оқытудың» мақсаты – білім беру процесін электронды ортаға көшіру арқылы оқыту процесін тиімді ету. Мұндай тұрғы оқытушының білімін көшіріп алып, әрбір адамға қол жетімді етеді. Оқыту әр жерде және үнемі қол жетімді болады. Кітаптық контенттен белсенді контентке көшу «жетелі электронды оқытуға» көшудің тағы бір жағдайы болып табылады. Білімді электронды түрде берудің нәтижелілігі артады.

Көптеген дамыған елдерде стандарт болып табылатын Smart Education-ның негізгі идеясы қандай екен? Негізі «Кешегі күні» оқушы үшін жалғыз білім көзі болып мұғалім табылды, сонымен бірге оқушы өз білімін толықтыру үшін кітапханаға, яғни дәл сол мұғалім кеңес берген кітапқа жүгінді. «Бүгін» білім тек оқытушы мен оқушыға ғана емес, оқушылар арасында өзара беріледі. Бұл білімнің жаңа деңгейі болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда әр түрлі ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгендіктен, оқытушы оқушыға білім беру үшін әр түрлі мультимедиалық құралдарды қолданады.

Ал «ертеңгі күні» Интернет оқушы үшін ең басты білім көзіне айналады. Оқыту процесі білім объектілерінің кез келген бағытта оқытушыдан оқушыға, оқушыдан оқытушыға немесе оқушыдан оқушыға жылжуы болып табылады. Smart Education оқытушылардың контенттермен алмасуына мүмкіндік беретін әлеуметтік желілер мен интернет-қоғамдастықтардың дамуын талап етеді.

Web-технологиялар қарқынды түрде дамып келе жатырған қазіргі кезеңде кітапқа бағытталған дәстүрлі білім беру жүйесіне қарағанда Интернет ресурстарында орналасқан ақпараттан мол білім аламыз. Ал Smart Education білімді синхронды түрде жеткізеді, яғни сайтта жарияланған ақпаратты оқу материалына айналдырады.

Smart Education – бүкіл әлемнің оқытушыларының, оқушылардың және олардың білімдерінің бірігуі, яғни білім беру жүйесінің дамуының жаңа стратегиясы. Олай болса, еліміз Қазақстанның интеллектуалды дамуының кілті осыда деп ойлаймын.

«Smart» ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық сипатта да осы мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атайды. Ал педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады.

«Smart» жүйесі педагогтар қызметінде ең тиімдісі. Себебі бүгінгі жаһандану заманында күнділікті келіп жатқан ақпараттар легі ішінен ең қажеттісін сұрыптай алуға, өзіне қолдануға, нақты орындалатын, шынайысын таңдайды.

ХХІ ғасыр – технологиялар ғасыры. Мобильдік құрылғылар, Интернет желілері өмір сүрудің қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегі болып кірігіп кетті. Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты. Дамыған мемлекеттер технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттырып жатыр. Ақпараттық қоғамда адамның өзіндік ойлауы, әрекетке шығармашылық тұрғыдан қарап, ыңғайлы жол таба білуі маңызды болып табылады. Соның нәтижесінде интеллектуалды экономика қалыптасып, технологияның қарқынды дамуына мүмкіндік туады.

Бұл өзгерістер алдымен, білім саласына тікелей байланысты. Соған орай білім берудің жаңа философиясы қалыптасып, модернизация қарқынды жүріп келеді. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет — сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін smart оқыту ортасын дамыту.

Қорыта келе, қазіргі талаптың басты міндеті – педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Сондықтан қазіргі заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Сыздыкова Асемгуль Ибрагимовна

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ

Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты

Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы

{jcomments on}

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж