Педагогтың ақпараттық технологияларды жетік меңгеруі мен қолдану – заман талабы

«Өрлеудің» 25 даму инновацияларын жүзеге асыру аясында 2016 жылдың 25 сәуірінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтымен «Білім берудің үздік тәжірибелері» облыстық вебинар топтамаларынан «Үздік АКТ-тәжірибелері» атты облыстық вебинар өткізілді.

 

Осы өткізілген вебинардың мақсаты – Қарағанды облысының білім беру жүйесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда үздік тәжірибелерін тарату және жалпылау болды.

Балқаш қаласының №5 ОМ, Қарағанды қаласының №9, №45 гимназияларының, облыстық тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының педагогтары оқу үдерісінде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолданудың практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар барысында оқу үдерісін ұйымдастырудың,  оқу контентінің электрондық формаларын қолданумен оқытудың электрондық ортасын құру мен оқулықтардың электрондық формаларын және ерекше оқытуды қажет ететін балалардың оқу әрекетін ұйымдастыруда қашықтық технологияларының мүмкіндіктерін қолданудың технологиялары мен әдістемелері қарастырылды.

Осыған байланысты, Қарағанды қаласының №9 гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі С.Д. Тарасенконың Intel компаниясымен жасалған «1 оқушы: 1компьютер» білім беру моделін енгізу бойынша тәжірибесі көрсетілді. Модельді енгізудің негізгі мақсаты білім сапасын арттыру, оқушылардың оқу материалын меңгеруін, АКТ-ға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуді жақсарту, оқу үдерісіне АКТ кіріктіру, оқу үдерісіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу, өмір бойы үздіксіз білім алуға мектеп оқушыларын дайындау үшін жағдай жасау болып табылады.

Осы модельді тиімді жүзеге асыру бастауыш мектеп оқушыларының назарын   дамытуға, көру жадына,  ұғынуына, оқу техникасына оң әсер ететін арнайы нетбуктарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану арқылы жүзеге асырылады.  Сабақта орындалған тапсырмалардың саны артады, бала компьютерлік ортада компьютерлік дағдыларын, білімін пайдалану және дағдыларын жылдам қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін ойын түрлерімен  айналыса отырып, оларды жандандыру мен ынталандыруға жеткізетін тапсырмалардың көлемін елеместен орындайды, оқыту дараландыру, міндеттерді дұрыс орындау үшін лездік реакция нәтижесінде оқушыларда дидактикалық қиындықтар саны азаяды, ал сабақта орындалған тапсырмалардың көлемі артады, қатемен жұмысқа көзделген бақылау тез арада жүзеге асады.

Сондай-ақ информатика мұғалімі О.С. Волынская осы гимназияның педагогтарымен дайындалған информатиканы ерте жастан үйретуге оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу бойынша, халықаралық тәжірибе жалпыланған 1-4 сыныптарға арналған жұмыс дәптерін көрсетті.   Осы дәптерлер бастауыш мектеп оқушыларының оқу тиімділігін және оларда ойлаудың әртүрлерін, есте сақтауын, назарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Жұмыс дәптерінің мазмұны өзіне курстың әр тақырыбы бойынша ақпараттық кешенді: қысқаша теориялық мәліметтерді, типтік тапсырмаларды шешу үшін алгоритмді және оқушылардың өздік жұмысы үшін жаттығуларды: типтік, дамытылатын және шығармашылық тапсырмалар мен жаттығуларды, әр тақырып бойынша жалпылау мен қорытындылауды:  ескертуді, түйіндемені, тұжырымды, бақылау сұрақтарын, қосымша әдебиеттер тізімін қосады.

Қарағанды қаласының №45 гимназиясының физика мұғалімі П.А. Григоренко сандық білім беру ресурстарының әртүрлі формаларын қолдану жүйесі туралы айтты.  Физика сабағында сандық білім беру ресурстарын қолдану оқушының қызығушылығын пәнге және оқу процесіне, керекті ақпаратты табу бойынша өздік жұмыс дағдыларын дамытуға, математикалық ақпараттың үлкен көлемін іріктеуде уақытын үнемдеуге, оқушының сәтсіздік жағдайында   қайшылықты алып тастауға, оқытушының уақытын үнемдеуге қызығушылығын жандандыру сияқты келесі мақсаттарға жетуге көмектеседі.

Оқу үдерісін тиімді ету үшін оның сапасын арттыру, оны неғұрлым әсерлі әрі пайдалы етуі мүмкін, сондықтан да осындай технологияларды, формалар мен құралдарды іріктеу мен қолдану қажет.  Осы міндеттерді шешу үшін электрондық оқулықтар әзірлеу керек. Балқаш қаласының №5 ОМ информатика және технология пәні мұғалімі Х. Мұрат өзінің Adobe Muse CC 2014 бағдарламаcында электронды оқулықты әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Ол вебинарға қатысушыларды  құрылғының ерекшеліктеріне байланысты,  электрондық ресурстарды дамытуға керемет еркіндік пен жылдамдықты, сондай-ақ масштабтың динамикалық өзгеруімен баспа веб-сайттарды қамтамасыз ететін Adobe Muse CC 2014 бағдарламасының  мүмкіндіктерімен таныстырса, ал Қарағанды қаласының тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі С.Х. Зейнуллина география сабағында (R.BOT 100) андроидын қолданумен ерекше білім алуды қажет ететін балалар үшін қашықтықтан білім беру технологияларының мүмкіндіктерін қолдануды көрсетті.  R.BОТ 100 – бұл  интернет арқылы робот болған жерде оператордың қашықтан қатысуын қамтамасыз етуге  мүмкіндік беретін бірінші робот. Қашықтан үйде оқыту кезінде Android пайдалану өзектілігі айқын. R.BOT технологиясы ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін, оларға  толық жұмыс істеуге, оқуға, демалуға, басқа адамдармен араласуға ешқандай шектеулерді сезбейтіндей мүмкіндік беретін, кедергісіз орта қалыптастырады. Ол бұрын өмір сүруге жиі оқшаулау және басқалардан толығымен тәуелділіктен қорғалмаған топтардың санатына жатқызылған ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қоғамдағы әлеуметтік бейімдеу мен ықпалдастыруды қамтамасыз етеді. Қашықтықтан қатысу роботтарын орнату география сабағында оқыту нәтижесін бағалауға, бақылауға,  білім алушылармен саралап, жеке және жедел жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Құрдастарымен араласуға және мектепте, сыныпта талқылауға қатысуға мүмкіндік береді. Ерекше оқытуды қажет ететін балалар үшін бәсекеге қабілетті ортада өз қабілеттері мен жетістіктерін, күшті және әлсіз жақтарын түсінуін, өзінің артықшылықтарын көре білуін, өзін сыйлауын, жетістікке сенуін бірдей бағалау керек. Бұл  олардың әрқайсысына өз әлеуеттерін толық ашуға және қоғамға пайда келтіретін оның толық құқылы мүшесі болуға көмектеседі.

Қарағанды облысы мұғалімдерінің оқыту мен үйрету тәжірибесіндегі АКТ-технологияларды қолдану бойынша практикалық тәжірибесін трансляциялау, аймақ педагогтарының одан әрі кәсіби дамуы үшін үлгі болып табылады.

 

Салтанат Ташетова

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша

ПҚ БАИ басқару және білім сапасы кафедрасының

аға оқытушысы, т.ғ.магистрі

{jcomments on}

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж