ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Дюсембекова Раушан Сапарбековна

Аягөз қаласы, «К.Бозтаев атындағы жылпы білім беру мектебі»,

информатика пән мұғалімі

 

Оқыту  барысында  шәкірттердің  танымдық  қызығушылығы 

мен  ізденімпаздығын  арттырудың  маңызы  зор.

Сократ.

 

Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.


Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.

Бүгінгі таңда, үздіксіз техникалық прогресс жағдайында, қазіргі заманғы уақыт талабына сай шеберлігі мен дағдылары бар кадрлар қажет. Бұндай шеберлік пен дағдыларға жаңа жабдықтармен жұмыс жасау, инженерлік-техникалық мақсаттарды жүзеге асыру кіреді. Инженерлі-техникалық кадрларды дайындаудың маңызы шарты- оқушыларды оқыту жүйесіне инженерлік-техникалық білім беруді енгізу болып табылады.

Инженерлік қызмет, қажетті білім, білік және дағдымен қатар, қойылған міндеттерді түсінуге және оларды шешу тәсілдерін іздестіруге, «инженерлік» ойлауды талап етеді.

Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін үдеріс

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген:«Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан мұғалім тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде ,сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Ойлау арқылы адам әлемді, оның алуан түрлілігін, қасиеттері мен қарым-қатынастарын таниды. Ойлау, психиканың бір бөлігі бола тұрып, іс-шараларды алдын алу міндетін орындайды. Осылайша ойлаудың көмегімен адам болмысты, шындықты танып қана қоймай, оны жасай да алады.

Инженерлік ойлау жақсы дамыған қиялға сүйену қажет және әртүрлі ойлау түрлерін: логикалық, шығармашылық, көркемді-бейнелік, тәжірибелік, теориялық, техникалық, кеңістіктік және т.б. қамтиды.

Инженерлік ойлау – бұл мәселені толығымен жан-жақтан көре алатын, оның бөліктері арасындағы байланысты көруге арналған жүйелі техникалық шығармашылық ойлау.

Инженерлік-техникалық ойлау техникалық міндеттерді шешуге бағытталған болғандықтан, зерттелген іскерлікті қалыптастыру деңгейін бағалау үшін Блум таксономиясын пайдалану жөн болып табылады, өйткені бұл таксономия инженерлік-техникалық ойлаудың қалыптастыруының диагностикалық мақсаттарын нақтылайды.

Қиындықтар дәрежесі бойынша танымдық сипаттағы қызметті Блум алты санатқа бөледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу және бағалау.

Білуге тиіс: өңдірісті дамытуда техниканың ролі, негізгі техникалық терминдерді мен ұғымдарды, негізгі механизмдердің құрылымы мен жұмыс істеу принципті, жобалау мен құрастырудың негізін, ақпаратты іздеу және өңдеудің заманауи әдістерді.

Түсіну: өңдірісті дамытуда техниканың мәні, техникалық құрылғылардың мәні мен жұмыс істеу принципті, техникалық міндеттін негізі, орындалатын техникалық қызметтін мәні.

Қолдану: нақты жағдайларда техникалық бөлімдерін, белгісіздік жағдайларында бөлшектер мен еңбек құралдарын, техникалық ақпаратты тез әрі сапалы өңдеу.

Талдау: техникалық объектілер мен процесстер, техникалық объектінің құрамы, құрылымы мен жұмыс істеу принципі, техникалық жобалар мен құжаттаманы, техникалық құрылымдардың мақсаты, құрылатын объектінің прототиптері.

Синтездеу. Алынған деректердің негізінде жаңа идеяларды генерациялау, жаңа бейнелерді құрып оларды өзгерту, техникалық нысандардың басқа да қасиеттерін мен мақсаттарын айқындау.

Бағалау: техникалық міндеттердің оптималды шешімін табу, жаңа идеялар, алынған нәтиже.

Негізгі мектеп оқушыларымен жұмыс істеу ерекшелігі – таным әдістеріне назар аударуды күшейту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, жобалау-зерттеу қызметіне қызығушылығын дамыту, ғылым, техника, өңдірісте пайда болған жаңалықтарды оқыту, адамның түрлі салалардағы жаңа технологияларды зерттеу.

Қазіргі заманғы таным әдістеріне және оларды зерттеуге, оқу үдерісінің тәжірибелік бағыттылығы мен жобалау – зерттеу қызметтерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу қажет.

Инженерлік ойлауды сипаттайтын төмендегідей параметрлері бар:

  1. қайшылықтарды анықтау және оларды шешу;
  2. модельді құру;
  3. ойлауды тиімді ұйымдастыру;
  4. өзіндік ақыл-ой белсенділігін бақылау;
  5. ойлаудың жүйелілігі;
  6. идеяларды генерациялау;
  7. ойлаудың практикалық бағыттылығы;
  8. мәселені шешу жолдарының нақтылығы;
  9. өнертабысқа, жаңашылдыққа бейімділігі.

Инженерлі-техникалық кадрларды даярлаудың маңызы шарты – инженерлік-техникалық оқытуды оқушыларға білім беру жүйесіне енгізу болып табылады. Осыған мысал ретінде робот техникасы пәнің қарастыруға болады.

Робот техникасы кәсіптік бағдарлауды ерте жүргізуіне мүмкіндік береді. Робот техникасы ғылыми білімінің техникалық саласына қатысты, оны оқытуда ерекше ойлау нысандарын дамуына әсер тигізеді.

Робот техникасы сабақтары айқын байқалатын алдын-ала кәсіптік бейімдеу қызметін атқарып ғана қоймай оны дамытады. Осыған байланысты жоғары мектеп  оқушыларына ғана емес, орта буындағы оқушыларға пропедевтикалық кезеңінің уақытын ұлғайтуға, бәсекеге қабілетті инженерлік бағыттағы кадрларды дайындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы психологиялық факторлық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушылырының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктеріне сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білу шарт. Әрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы әр-түрлі болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тәрбие-тәлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы әр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның қалыптасуы барысында маңызы зор.  

Бүгінгі таңда жаңа талап, жаңа заманға сай оқушыларға тәлім-тәрбие мен білім берудің басым бағыттарында дарындылықты айқындау, ақыл-ой, интеллектуалдық шығармашылығын дамытуға баса назар аударылуда. Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады. Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата- аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау.
5-10 сынып оқушыларының инженерлік ойлауды қалыптастыру үшін, робот техникасы негіздерін оқытуда келесі ұстанымдарды негізделу қажет:

- инженерлік ойлау туралы түсініктерін нақтылануы, қалыптастыру кезеңдері мен алғышарттары бөлінгені, іс-әрекеттік тәсілдерді ойлауды зерттелгенде қолдануды;

- «Робот техникасы» курсының мақсаттары кеңейтіліп, оқушылардың инженерлік ойлау дағдыларын қалыптастыруы;

- іздестіру әдістерін, өз бетінше және топпен жұмысты айтарлықтай үлесін қамтитын оқыту әдістері мен тәсілдерін пайдалануы;

- оқушылардың инженерлік ойлау қабілеттерін деңгейін қалыптасыун тексеру.

Инженерлік ойлаудың келесі әдістері бар: сенсорлық, бейнелі-модельдік, алгоритмдік, логикалы-теориялық.

Сенсорлық – дайын негізінде құрылған ( мұғалім немесе басқа оқушылардың көмегімен), оқушы модельдерді түсініп, модель құрылымының негізгі блоктарды, модель қозғалысының ұйымдастыру принциптерді, іске асыру шарттарына байланысты модельдің ең жақсысын таңдау, дайын роботтың құрылымын оңтайландыру.

Бейнелі-модельдік - өз моделін жобалау кезеңінде ең жақсы шешімін іздеу, модельдің ішкі тиімділігін бағалау, жинаған конструкциясының тиімділігін талқылау, қарсыластардың іс-қимылдарына, алдынғы тәжірибелерге байланысты модельдің құрылымын таңдау. 

Алгоритмдік – мақсаттарды шешуге арналған ең қолайлы алгоритмін іздеу, жаңа мақсаттарды шешуге арналған әрекеттерді бейімдеу, басқа алгоритмдерде қатені таба білу, уақыттың тапшылығына байланысты бағдарламалық кодын бейімдеу.

Логикалық-теориялық – қолда бар ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты таңдау, мақсаттарды шешуге бағытталған оқушылардың ұжымдық жұмысы, табылған ақпаратпен, тәжірибемен алмасу, өз қателіктері мен қарсыластардың қателіктерін талдап, білім, білік және дағды негізге ала отырып жұмыс істеу, тиімді шешімдерді талқылау.

Инженерлік ойлауды қалыптастырудың келесі кезеңдері белгілі:

- пропедевтикалық (ғылыми-түсінік негіздерін қалыптастыру, инженерлік қызмет пен робот техникасының негіздерін айқындау (конструктормен, бағдарламалау ортасымен танысу);

- репродуктивті (аппараттық және бағдарламалық деңгейлерде бастапқы модельдер мен алгоритмдерді іске асыру);

- өнімді (бір міндеттерді орындауда бірнеше конструкторлық және алгоритмдік шешімдерін интегралдау, топпен жұмыс істегенде міндеттерін бөлу, жарыстық әрекеттің практикалық тәжірибесі);

- шығармашылық (қосымша материалды игеру бойынша өзіндік жұмысы, бағдарламалық және аппараттық бағыттағы шешімдерді жетілдіру).

Соңғы онжылдықта техника мен конструкциялау саласында балалардың білімі маңызды болып табылады, өйткені үздіксіз білім беруді реформалауы еңбек нарығында білімді инженерлердің, техниктердің, конструкторлардың елеулі тапшылығына әкеліп соқты.

Баланың қызығушылығын тауып қана қоймай, оны қалыптастырып дамуында «Робот техникасы» сабақтарының маңызы зор. Осы міндеттерді орындау үшін кіші жастағы балалар үшін «Робот техникасы» сабақтары өте қажетті және пәрменді құралы болып табылады, бірақ ең алдымен мұғалімге оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, инженерлік ойлаудың деңгейін анықтау қажет.

Оқушылардың инженерлік ойлау көрсеткішін анықтау үшін Беннет тестін қолдануға болады. Бұл тест техникалық түсіну тесттеріне жатады. Оның көмегімен оқушының сызбаларды түсінуге, техникалық құрылғылардың схемалары мен олардың жұмысын талдай алуға, қарапайым физико-техникалық міндеттерін шешуге болады. Тест 70 сурет-тапсырмалардан тұрады, әрқайсысында үш жауап нұсқасы бар. Барлық тапсырмалар инженерлік ойлаудың түрлі бағытын ашу үшін қолданылады. Тестілеу қорытындысы бойынша қызығушылығы мол оқушыларды анықтауға болады, олар одан әрі түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысуға лайықты болады.

Робот техникасын оқыту бағдарламасы аясында келесі негізгі құралдарды қолдануға болады:

-               баспалық (теориялық білімдерін тексеруге арналған карточкалар, әр сабақта пайдаланылатын модельдерді құрастыру бойынша нұсқаулықтар);

-               электронды білім ресурстары (мультимедиялық презентациялар, электронды нұсқаулар),

-               дыбысты-бейнелік (слайдттар, слайд-фильмдер, білім беру бейнефильмдер),

-               көрнекіліктік (плакаттар, магнитті тақталар),

-               демонстрациялық (макеттер, стендтер, демонстрациялық модельдер).

Оқыту мақсаттарына қол жеткізуді бақылау үшін тәжірибелік жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар пайдаланылады.

Білімді меңгеру, білім және дағдыларын орынды пайдаланудың деңгейін анықтау үшін, нақты тақырыптарды зерделеу кезіндегі қиындықтардың болуы немесе болмауын анықтауда диагностикалық карталарды пайдалануға болады.

Осылайша, робот техникасы ғылыми білімінің техникалық саласына қатысты, яғни, оны оқыту инженерлік ойлаудың дамуына әсер етеді, робот техникасы сабақтары кәсіптік бейімдеу қызметін атқарады.

Робот техникасы сабақтарында оқушылардың келесі қабілеттерді жетілдіруге болады:

-           мақсаттарды қою және шешу;

-           нәтижелерді белгілеу;

-           қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдарын анықтау;

-           -алгоритмдерді түсіну, орындау және құрастыру;

-           өзіне және басқаларға сыни көзбен қарау;

-           топпен жұмыс істеу;

-           өз іс-әрекеттерін басқалармен келісіп орындау;

-           бірлескен қызметті жоспарлай білу.

Осы қасиеттердің барлығы инженерлік ойлаудың негізі болып табылады және оқушыларға болашақта техникалық мамандықтарды толығымен меңгертіп, қарапайым орындаушылық қызметтен жаңашыл, өнертапқыш, бәсекеге қабілетті тұлға болуына ықпал етеді.

Қорыта келе, робот техникасы оқушылардың инженерлік ойлауды қалыптастырудың қазіргі заманғы тиімді технологиясы болуы және орта мектеп жасындағы балалардың дарынды дамуына ықпал етеді.

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net