RoboLand 2018: ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕГІ КЕЗДЕСУ

Мукушева С.Б., әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша басқарма бастығы

 2018 жылдың 29 наурызында «Өрлеу» АӨ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлеріРобототехника, бағдарламалау және «RoboLand 2018» инновациялық технологиялары IV халықаралық фестивалінің дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Шақыртылған спикерлер мен қонақтардың баяндамалары дөңгелек үстелдің басты тақырыбы – «Білімді сандық тасымалдау: болашақтың құзыреті» атауына қатысты болды.

 

Дөңгелек үстел модераторы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасарының жауапты атқарушысы Абишев Ж.А. Қарағанды облысында білім беруді сандық тасымалдауға көшірудің ерекшеліктері туралы сөз қозғады. ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Р.П. Қазақстан Республикасында сандық білім беруді дамытудағы мемлекеттік қолдауда қолға алынып жатқан шаралардың мәнін ашып көрсетті.

Ресейлік спикерлер (Мәскеу, Данков, Калининград, Мытищи, Коломны, Мурманск, Санкт-Петербург ққ.) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына бағдарламалау мен робототехника негіздерін енгізу, 4 Өнеркәсіп жағдайында жас ұрпақты ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық ортаға ықпалдастыру тәжірибелерімен бөлісті. Греция өкілі, Еуропалық одақ бойынша 2017 жылдың STEM-педагогі – Orfanakis Michalis орта білім беру жүйесіне қазіргі заманғы білімді енгізу үшін  STEM-ді қолдану мәселелерін ашып айтты.  

Дөңгелек үстел Халықаралық фестиваль жұмысын ашып берді. 30-31 наурыз күндері филиал оқытушылары, тыңдаушылар мен қызметкерлер «RoboLand 2018» семинары, оқыту курстары, таныстырылымдар мен шеберлік сыныптары және робототехника өнімдерінің көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net