Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш

Тусупова Гаухар Хамитовна

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

Қ.Смайылов атындағы №43 орта ЖББ мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Мухаметжанова Дина Танатовна

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

Қ.Смайылов атындағы №43 орта ЖББ мектебінің

Ағылшын пәні мұғалімі

      Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтын біртуар перзенті Шоқан уәлиханов айтқандай еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде. . Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек . «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп халқының болашағы үшін білімнің даңғыл жолын салған Ыбырай Алтынсарин бекерден бекер айтпаған.

Әрбір мұғалім өзін мектептің жүрегімін деп есептеп, мектептің жанын кіргізердей дәрежеде болуы тиіс. Өз ісіне аса ықыласпен ден қоя отырып, құзырлы мұғалім ретінде баланың жүрегіне білім нәрін себе білуі керек. Сындарлы оқыту туралы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір – көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым – түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай – ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну .
Білімді және тәрбиелі , дүниетанымы кең , ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу үшіні - сындарлы оқыту теориясын сабақ үдерісінің негізгі көзіне айналдыру қажет. Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат - мұғалімдер тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Жаңа әдіс –тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады . Ол үшін жергілікті және облыстық білім беру ұйымдары педагог кадрлардың ізденісі бағытындағы тәжірибе алмасу шараларының формаларын жетілдіріп отыруы қажет. Ұстаздар қауымының республикалық және өңірлік тәжірибе алмасуы үнемі болуы шарт.
      Алдымызда тұрған міндеттеріміз мынадай :
оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастыру
оқушының шығармашылық таланттарын жан –жақты ашып көрсету 
оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту 
сабақ үдерісінде АКТ –ны тиімді пайдалану
тарих сабағында оқушының белсенділігін арттыру
оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
оқушылардың ғылыми білім, іскерлік дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Ұлы данышпан Әбу Насыр әл Фараби « Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз »деп атап
көрсеткендей ,оқушы жүрегінен жол табам деген ұстаз мына қағидаттарды естен шығармауы тиіс : 
оқыту мазмұны мен әдіс икемділігінің маңыздылығы қағидаты
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейіне сай оқу мазмұны мен әдісін таңдау болып табылады .

       Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.  Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен әрекеттік технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын іске асыруы арқылы сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен шығармашылық қатынасын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. Мұғалім әріптестерімен бастауыш сыныпта оқыту бойынша желілік кәсіби қауымдастық шеңберінде, коучинг және менторинг процестерінде кәсіби ынтымақтастық орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет.

Қолданыстағы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларының оқыту мақсаттарына табысты қол жеткізудегі түрлі әдістер, технологиялар мен стратегияларды қолдану жөнінде мұғалім үшін ұсыныстар берілген «Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері» бөлімі қосылған.

Сондықтан да қазіргі таңда әр ұстаздың  алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін  қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының  жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді. Қазіргі таңда  білім мен техниканың даму деңгейі әр оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Сондықтан білім беру барысында көптеген технологиялар қолданылады. Соның ішінде ең көп таралғаны  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Бұл технологияның  ұтымды жері-  баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тек қана тыңдаушы болса, қазір бала-  ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетті орындауға  бағыттаушы,  ұйымдастырушы. Педагог- «білім көзі» емес, ол – оқушының шығармашылық жұмысы мен еңбегінің бастамашысы, ұйытқысы, оқушыны білім алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы, оқушының үйрену процесіндегі серігі әрі үлгі тұтар тұлғасы. Мұғалім орасан зор көлемді ақпарат әлемінде оқушыға өзіндік көзқарас, түсінік пен құндылықтарды қалыптастыруда  жанашыр көмекші іспеттес.

Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу және оқытуда стереотиптерді жоюға, өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Ол үшін он-лайн және оф-лайн режимдерінде әріптестерімен белсенді қарымқатынас және тәжірибе алмасу, талқылау және ынтымақтастық орнатуда, ортақ проблемалар мен инновацияларды енгізуде мұғалімдердің кәсіби желілік қауымдастығын пайдалану ұсынылады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мектеп жұмысы мен оқушылардың жетістіктерін көрсетуде маңызды рөл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. Әрине алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен істеген жұмыстарды саралап, қорытындылап, бағалау керек.

Әр сабақта әдістерді түрлендіру арқылы оқушылардың қызығушылықтары арта түседі. Өз сабақтарымда үнемі «Өрмекшінің торы» ойынын, «Қапшықтағы фасоль», «Шынжыр», «Сыдырма», «Стикердегі 10 сұрақ», «Джигсо», «Ыстық орындық», «Бес саусақ» әдістерін  қолдану барысында оқушылардың оқуға, өз білімдерін саралауға, талдауға қызығушылықтары артады.

«Өрмекшінің торы» немесе «Шырмауық» - дәстүрден тыс әдістердің бірі. Оқушылардың тақырыпты қай деңгейде меңгергендігі не болмаса үйге берілген тапсырманы сұрау үшін сыныптағы оқушылар түгелдей шеңбер болып тұрады. Мұғалім қолына бір бума тоқыма жібін алады. Жіптің ұшын қолына ұстап, үй тапсырмасынан бір анықтама немесе ереже айтқан оқушының қолына жіпті бір рет орайды. Келесі жауап берген оқушы да жіптен ұстайды. Осылайша жауап берген әр оқушы қолына жіпті бір рет орай береді. Мұғалімнің қолындағы жіп азайған сайын, шеңбер болып тұрған оқушылардың қолындағы жіп те өрмекші торы секілді шиеленісе береді. Белгіленген мерзімнен кейін әр оқушының қолындағы жіп орауын санау арқылы ол оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білеміз. Бұл әдісті сабақтың басында үй жұмысын сұрағанда немесе бекіту бөлімінде пайдаланған тиімді. Мысалы дүниетану сабағында «Пайдалы қазбалардың түрлері» тақырыбын өткен кезде: пайдалы қазбалар неше түрге бөлінеді, жанғыш пайдалы қазбаларды ата, құм, әктас пайдалы қазбаладың қандай түріне жатады?, жылу беретін пайдалы қазбаны ата, кенді пайдалы қазба дегеніміз не? деген сауалдарды қою арқылы оқушының қаншалықты бүгінгі сабақты меңгергенін білуге мүмкіндік бар.

Қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек технологияларды кеңінен пайдалануға бейім екені баршамызға аян. Сондықтан оқушы қызығушылығын сабақтың тиімділігін арттыру үшін және жалпы болашақ қоғамға бейім құзыретті  өкілдерді тәрбиелеу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді  қолданғанымыз жөн. «Сұранысқа сәйкес ұсыныс болуы тиіс» дегендей, заманның сұранысына қарай, талабына сай мұғалімдер де жұмыстануы тиіс.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net