Педагогтың ақпараттық технологияларды жетік меңгеруі мен қолдану – заман талабы

 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу», – делінген.

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі  XXI ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғасыры. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан  жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады» – деп нақты айтылған.

Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты  оқытушының осы сабаққа деген қызығушылығын тудыра білуінен басталады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – педагогтың  мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды.

Қазіргі таңда педагогтардың АКТ құзыреттілігін арттыруға жақсы жағдай жасалынған. Атап айтсақ, “Өрлеу” БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтында мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеруіне көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Соның ішінде біліктілікті арттыру курстары, вебинарлар тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. «Өрлеудің» 25 даму инновацияларын жүзеге асыру аясында 2016 жылдың 25 сәуірінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтымен «Білім берудің үздік тәжірибелері» облыстық вебинар топтамаларынан «Үздік АКТ-тәжірибелері» атты облыстық вебинар өткізілді. Осы өткізілген вебинардың мақсаты – Қарағанды облысының білім беру жүйесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда үздік тәжірибелерін тарату және жалпылау болды.

Аталған институттың аға оқытушылары мен қызметкерлері АҚШ, Австрия, Ұлыбритания, Франция, Германия, Корея, Сингапур, Финляндия сияқты әлемнің ең дамыған мемлекеттерінде біліктіліктерін арттырып келіп, өз тәжірибелерін ортаға салуда.

Біз жаңа мыңжылдыққа, ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл –   алдыңғы қатарлы елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер емес, ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді елдер тұратындығын білдіреді. Осыған байланысты, ұстаздардың алдында  «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» – деп  Елбасы көрсеткендей, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Қазіргі кезде ең бағалы тауар – ақпарат болып саналады. Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндікке қол жеткізсе, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдаланып терең білім алса, сол ел алдыңғы қатарлы болып саналмақ.

Қорытындылай келе, педагогтарды заман талабына сай оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану – білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.

 

Үсен Маженақов,

“Өрлеу” БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша

ПҚ БАИ академиялық бөлімінің жетекші маманы

{jcomments on}

 

 

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж