«ҮШ ТІЛ – ҮШ МӘДЕНИЕТ» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҮШ ТІЛДІ ТӘРБИЕ БЕРУ

Байжұманова Меруерт Ерғазықызы

Шахтинск қаласы, «Снегурочка» сәбилер-балабақшасы КМҚК

 қазақ тілі мұғалімі

 

Үш тілде жетік сөйлесу – заман талабы. Қазақстан Республикасы Президенттігінің «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасындағы ең басты мақсат – қазақ тілінде қысым жасау емес, керісінше оның бәсекеге қабілетті орыс және ағылшын тілдері дәрежесіне дейін көтеру болып табылады. Сол себептен халық арасында орыс тілін білуді жоғалтпауымыз қажет, ал, ағылшын тілін –болашаққа бағытталған даму жолы деп қабылдауымыз қажет.

Себебі ағылшын тілі –әлем мойындаған халықаралық қатынас тілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Нaзaрбaeв білім жәнe ғылым caлacы қызмeткepлepiнің III cъeзіндe cөйлeгeн cөзiндe: «Aғылшын тiлiнiң қaжeттiлiгi әлeмгe тән қaжеттiлiк, бүгiнгi күн тaлaбы. Aл оpыc тiлiн жaқcы бiлу – бiздiң бaйлығымыз» дece, 2007 жылғы «Жaңa әлeмдeгi жaңa Қaзaқcтaн» aтты Жoлдayындa: «Қaзaқcтaн бүкiл әлeмдe хaлқы үш тiлдi пaйдaлaнaтын жoғaры бiлiмдieл рeтiндe тaнылуғa тиic. Бұлap: қaзaқ тiлi-мeмлeкеттiк тiл, opыс тiлi-ұлтapaлық қaтынac тiлi жәнeaғылшын тiлi-жaһaндық экoнoмикaғaoйдaғыдaй кipiгy тiлi» дeгeн бoлaтын.[1. 2 бет].

Үштілділік–ұлттық және рухани бірліктің ерекшеліктерімен айқындалған. Үш тілді білу Қазақстандық әр азаматының мектепке дейінгі жастан бастап үйренетін міндеті мен борышы, қоғамдық өмірге белсене қатысуы мен  бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын ынталылық көрсеткіші. [ 2. 4бет]. Қоғамда әр баланың бойында патриотизм меназаматтылықты тәрбиелеудің маңызды факторы сол мемлекеттің тіліне деген аса құрмет  болып табылады. Ғылымда бала тілді үйренуді қаншалықты ерте бастаса, соғұрлым тез меңгеретіндігі айқын көрсетілген. Қазіргі қоғамның негізгі мақсаты – тіл үйренушітұлғаларына ойлау қабілеттерін біртіндеп үш тілділендіру, сөйлеуге үйрету және тіл мәдениетін мақтауға тәрбиелеу.

Біздің балабақшада да осы саясат жүргізіліп отыр. Осы бағыт бойынша «Үш тіл-үш мәдениет» әлеуметтікжоба жұмыс жасайды. Жобаның мақсаты: туған тілдің базалық құндылығын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдердегі әлеуметтік қарым қатынасқа дайын мектепке дейінгі жастағы балалардың көптілді тұлғасын қалыптастыру.

  • Ø Жобаның жұмысы барысындағы басты міндеттер: Балалар мен олардың ата-аналарының және педагогтардың тілдік құзіреттіліктерін көтеруге арналған мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын басқару Моделін жобалау.
    • Ø Критериалды-диагностикалық материал құру.
    • Ø Тіл үйренуге деген қызығушылықты арттыру мен коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша нормативтік-құқықтық және әдістғмғлік базаны пысықтау.
    • Ø Балалар мен олардың ата-аналарының және педагогтардың тілдік құзіреттіліктерін көтеруге арналған мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын басқару Моделімен таныстыру.

Жобаның гепотизасы: Егер тілдерді үйренуге қызығулықтарын дамыту мен қолдау нормативтік-әдістемелік база құрылып, қолдау жасалса және әдістемелік ресурстармен қамтамасыз етілсе, бұл балалардың мектепке психологиялық дайындығы, мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативті, танымдық, әлеументтік білікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

         Жоба жұмысы үшбағытта жұргізіледі: балалармен, қызметкерлермен, ата-аналармен жұмыс.

Балалармен жұмыс кезінде балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоба тәсілінде ұйымдастылады. Өткізілетін тақырыпқа орай оқытудың техникалық құралдарын қолдану арқылы көптеген ойындар құрастырылады. Ойын – балаларға қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәсілдерін және заттармен іс-әрекет жасауды үйрететін, баланы тәрбиелеу мақсатында қолданылатын балалар әрекетінің бір түрі. Бала ойын ойнаған кезінде, өзіне кішігірім ұжымдық орта қалыптастырады. Мысалы: бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қасындағы құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынасқа түседі, тілдері дамиды. Ал мұның өзі оның тілінің дамуына әсер ететін маңызды фактор екені түсінікті. [3. 2бет]

Үйретілетін тілді түсінуі тіл үйретушінің  кең тараған  сөздер мен сөз тіркестерін күнделікті сабақтарында қаншалықты жиі қолдануына байланыстыболып табылады. Мысалы: «Сенің атың кім?», «Мынау не?»,«Тұр», «Отыр»,  «Жақсы», «Рахмет», сөздерін балалар күнделікті үш тілде естіп отырса, есінде жылдам сақталады.

Балық адамдармен сәлемдесуі, қоштаса білуі, аты- жөнін, заттарды атай білуі тіл үйрену сабақтарындағы балалардың алдына  қойылатын басты талап болуы қажет. Сабақта үйренген сөздер мен сөз тіркестерін күнделікті өмірде қолдана білулері қажет. Балаларға тілді түсіну үшін ым-ишиара арқылы түсіндірген тиімді болып саналады. Себебі, олар құр сөзден гөрі символды, қимылды, штрихтарды тез қабылдайды. Сонымен бірге олардың нені білдіретіндерін де тез жаттап алады. Мысалға мәтін құру кезінде мнемо кестелерді қолданған өте тиімді. Мысалы күз туралы мәтін құру керек болса, біздің мнемокесте құруға қажетті картинкалар: күз, жаңбыр, сарғайған жапырақ, жел, құстар,  жеміс-көкөністер. Осы сөздер бойынша мәтін құрастырып көрейік: Күз келді. Жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып түседі. Жел соғады. Құстар ұшып кетеді. Жеміс-көкөніс піседі.

Тіл үйрету сабақтарында алған білімдері сабақтан тыс уақыттарды күн тәртібі, жағдаяттық қойылымдарда қолданылып, нығайтылып отырылады. Мысалы балалар жуыну бөлмесінде өз қимыләрекеттерін қазақша айтып отырады. Кранды ашамын. Сабынды аламын. Қолымды жуамын. Кранды жабамын.сүлгіні аламын. Қолымды сүртемін.  Немесе серуенге киінген жағдайда қандай киім кигенін айтып беріпотырады. Мен кеудеше кидім.шалбар кидім. Қолғап кидім т.б.

Сонымен қатар, аптасына екі рет балаларға арналған үйірме сабақтары да жүргізіледі. Бұл балалардың бос уақытында тіл үйрену жұмыстарымен айналысып, тілге деген қызығушылықтарын арттыруға бірден бір сабептігін тигізеді. Осы бағдарлама аясында «Үш тіл-үш мәдениет» тақырыбында оқу құралы құрастырылып шығарылды. Үйірме сабақтарына қатысқан балаларға арналған үй тапсырмалары беріліп отырылады. Ол балалардың үйде де тілді үйренуін тоқтатпай ата-аналармен біргеқайталап, нығайтылып отырылады.  

Балалар білімдері жылына үш мәрте диагностикалық сараптамадан өткізіліп отырады. Осындай қарқынды жұмыстардың арқасында соңғы үш жылдағы көрсеткіш едәуір жоғарылады.

Балаларды тілдерді игеру кезінде қоршаған адамдардың да оқытылатын тілдерді білген жөн. Сол себептен мекеме қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тілді үйрену сағаттары ұйымдастырылған. Әр аптаның сейсенбі мен бейсенбі күндері мекеме қызметкерлері екі топқа бөлініп (бастаушы, жалғастырушы) сабақ өтеді. Сабақтарға қойылатын басты мақсат: тіл үйренушілердің тілдік дағдыларын дамыту, олардың грамматикалық, фонетикалық және лексикалық сөздік құрамына басты назар аудару. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Тәрбиешілерге көмек ретінде «Үш тіл –үш мәдениет» бағдарламасы аясында «Үш тілді сөздік» шығарылды. Сөздікте 300-ге жуық сөздермен бірге ойындар, сергіту сәттері, сөз тіркестері және де күнделікті қолданылатын сұрақтар мен жауаптар қоса берілген.

Жыл соңында тәрбиешілерге тестілеу жұмыстары жүргізіледі.

Қызметкерлерге арналған жұмыстарды атай кетсек, жылына 2-3 рет облыстық семинарлар өткізіліп отырылады. Семинар арысында балабақша жұмыстары мен қатар үштілділікке аса қатты мән беріледі. Сол себептен ұйымдастырылғаншаралардың 50%-ы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Биылғы жылды айта кетсек «Жас оқырман» әлеуметтік жоба аясында оқырмандық қабілетті дамыту семинары болып өтті. Бұл  семинарда «Үш тіл-үш мәдениет» дартс инетербелсенді зияткерлік ойынын ұйымдастырдық. Семинар қатысушылары орыс, қазақ, ағылшын әдебиетіне шолу жасап, бар білімдерін ортаға салды. Қойылған сұрақтар негізі: берілген шығармалардың авторларын табу және жазушылардың шығармаларын атап, олардың өмір сүрген кездеріне шолу жасау. Берілген тапсырмаларды барлығы ойдағыдай орындап шықты. Осындай жұмыстар одан әрі де жалғасын табады.    

Мектепке дейінгі жастағы балалардың қатынас ортасы отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдар болғандықтан, бала тәрбиесіне қатысты мәселер отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарға ортақ. Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алға қайған ортақ талаптары – саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Отбасы – баланың тұлғалық ерекшеліктерінің  негізі қаланатын алғашқы әлеуметтік орта. Отбасы – баланың өмір сүретін,  қамқорлыққа бөлену ортасы, қоғамдыққа өмірге бейімдеуші қарапайым білімдер мен біліктіліктермен қаруланатын, өзіне жақын адамдардың мейіріміне бөленетін орта.[4. 2бет]. Сол себептен баланы тәрбиелеуде отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасаған көп нәтижеге әкеледі. Осы бағыт барысында отбасы мүнелерінің қатысуымен

«Мықты отбасы – Мықты ұлт» тақырыбындағы семинарлар, ашық сабақтар, кеңестік кездесулер өткізіліп отырылады. Әлеуметтік жобалар аясында жоба апталықтары өткізіліп отырылады. Жобаның мақсаты ата-аналарды балалардың тіл меңгеру жұмыстарына жан-жақты жұмылдыру. «Үш тіл-үшмәдениет» әлеуметтік обасы аясында «Тіл үйрену сабақтарына асыға барамыз» атты семинар сабақтары жүргізілді. 1желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған мәнерлеп оқу сайысы жүргізілді.   Тілдер күніне арналған мерекелік шараларұйымдастырылып отырылады. Бұл шарадабалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақпақтар оқып, әндер айтты.

Осындай жұмыстарды атқару арқылы мектеп жасына дейінгі жастағы балаларға тіл үйрену жұмыстары нәтижелі көрсеткіштер көрсетуіне кәміл сенеміз.

 

                                        

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net