СИҚЫРЛЫ ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ

                                       Кикымова Айгуль Ахметжановна – тәрбиеші

                                       Төлендина Алуа Ақпанбаевна - тәрбиеші

                                    Қарағанды қаласы «Айгерім» бөбекжайы» КМҚК

 

     Баланың ой-өрісін шыңдап, қиялына қанат бітіретін ғажайып құрал – ол ертегілер. Балабақша өмірі, ондағы сан қилы білім және тәрбие беру мақсаттарының бірегейі – балаларды қазақ халқының, әлем халықтарының ертегілермен таныстыру болып табылады. Сонымен бірге, жас ұрпақ бойына адамгершілік-рухани тәрбиені қалыптастыруда да ертегілер әлемінің маңызы аса зор. Ең алдымен ол ертегілердегі кейіпкерлердің өмірі, мінез-құлықтары арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың мінез-құлықтарынан, өзгелермен, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуін жетілдіруінен көрініс табады. Ертегілерді слайдтар арқылы түсінікті тілмен баяндай отырып, ондағы түрлі кейіпкерлерді бүлдіршіндердің өздерінің сомдап, сахналық көріністерге айналдыра алуына қол жеткізу қажет.

Сол кезде біз балалардың бойына адамгершілік-рухани байлықтың қайнарын сіңіріп, оларды нағыз азамат ретінде тәрбиелеп шығару үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен бір-біріне өзара көмек көрсете білулерін дамытуға жол аша аламыз. Өйткені мектепке дейінгі жастағы балалардың болашағына балабақшада жүргізілетін сан-салалы шаралардың ықпалымен жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Балаларды сиқырлы ертегілер әлеміне жетелей отырып, олардың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырамыз. Өйткені балаға бұл өмірдегі ең бір қызық оқиғалар осы ертегілерден табылады. Оның балабақша өміріне қызығушылығын арттыратын да осы ертегілер.

       Мысалы, балабақшада «Шалқан» ертегісін оқытудың мақсаты - ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйретумен бірге балаларға ұжымдық тәрбие бере отырып, бірігіп, ұжымдасып әрекет етсе, істің нәтижелі болатынын ұғындыру. Бірінші кезекте, суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету керек. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету аса маңызды. Сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту да естен шықпағаны абзал. Достыққа, қайырымдылыққа, өзара сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу осы ертегіні балалардың өздерін қатыстыра отырып сахналау арқылы, нәтижесін сұрақ-жауап әдісімен бекіту арқылы жүзеге асырылады.

     Құрал - жабдықтарына «Шалқан» ертегісіне арналған костюмдер, «Шалқан» муляжі, ертегі мазмұнына сәйкес сурет – таблицаларды алуға болады. «Шалқан» ертегісінің мазмұнын  толық меңгерген, ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген балалар ертегіні өз беттерімен сахналай алады.

       Ал «Бауырсақ» ертегісін өтерде сабақтың мақсаты - ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып, қиялы мен қабілетін жетілдіру болып табылады. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету қажет.

      Ертегі өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелейді. Ертегі мазмұнын балалардың қызығушылығын арттыра отырып, қойылымның кейіпкерлері: шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкіні балалардың өздеріне сахналату арқылы ашуға болады. Көрнекілікке тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштарды да орынды пайдаланған жөн. Балалар осындай үйлесімді әрекеттер арқылы ертегі әлеміне еніп кететіндей болуы тиіс.

       Қорытындысында неліктен аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? – деген тәрбиешінің сұрағына: -өйткені олар бауырсақты жеген жоқ, -деп өздері ойланып жауап беретін болады. – Ал түлкіні айлакер, қу деп ұғады. Осылайша ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді балалардың өздері танып алады. Сонымен бірге бауырсақтың неден жасалатаны, түр-түсі, пішіні қандай болатыны жөнінде де түсініктер алады.

       «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің үзіндісіне тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту - педагог шеберлігінің бір қыры болып табылады. Ертегіні түсіндіре отырып, сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып бүлдіршіндердің сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту басты орын алады. Алдымен, суретін көрсете отырып қасқыр туралы, оның жабайы жануар екені, қауіпті аңдар қатарына жататыны туралы түсінік беру қажет. Ал ешкі мен лақтың үй жануары екені, қандай қасиеттері бар екені туралы балалармен бірге ой бөлісу қажет. Сонымен бірге ертегі мазмұны балаларды батылдыққа, сергектікке, қиын кезе абыржымай өз беттерімен шешім қабылдай алуға да тәрбиелейді. Айтқан тапсырманы бұлжытпай орындауға, ұсақ-түйек нәрселерге көңіл бөле білуге, зеректікке тәрбиелеуде де аталған ертегінің маңызы аса зор. Ертегіні сахналатып, балаларға рөлдерді сомдатуда тіл байлығы мен ой ұшқырлығын дамыту басты мақсаттың бірі. Балалар ертегі мазмұнынан қызығу, ойлану, әрекет ету арқылы рухани-адамгершілік қағидаларын да ұғынатын болады. Айналасындағылардың бәрін ертегідей қабылдаған баланың бойында өшпес ізгілік қалыптасады. Мағжан Жұмабаев: «Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін, жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе. Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды.» — десе, атақты педагог Сухомлинский «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта — әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.», — дейді.

        Жер бетіндегі барлық халық ертегілерінің мазмұны мен мақсаты бір деуге болады. Оның себебі Ұлы Табиғат балалармен ертегі арқылы сөйлеседі, ертегі арқылы сырласады, ертегі арқылы өнеге, білім, тәрбие береді. Ертегілердің барлығы да бір-ақ тілде сөйлейді. Ертегі – баланы рухани- парасатқа тәриелеудің бірден-бір құралы.

         Ертегілер арқылы рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Ертегі балаға рухани ләззат беріп, қиялына қанат бітіреді, жас баланың рухының өсіп жетілуінің бірден-бір төте жолы. Бұл - балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық 949 949 педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ол бүлдіршіндердің адамгершілік санасын қалыптастырып, оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "100 нақты қадам – Ұлт жоспарының" негізгі бағыттарының бірі қазақстандық білім мазмұнын жаңарту, қазақстандық қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Сол себепті қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Ол үшін, әрине, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынастың пайда болуы алдыңғы орынға шығады. Ал балаға білім теңізінің қайнар бұлағы болып табылатын балабақшада бұл ретте әрбір педагогтың жаңаша жұмыс істеуі, батыл шығармашылық ізденісі, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыра білуі аса қажет. Бұл мақсатты орындауда мектепке дейінгі мекемелерде ертегілердің сиқырлы әлемін орнымен, молынан пайдалана білген абзал.

       Қазақстандағы білiм бeруді дaмытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында да өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етуге үлкен мән берілген. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі балабақшадағы педагогтердің біліктілік деңгейіне байланысты деп білемін.

       Мен өзім еңбек ететін балабақшада бүлдіршіндердің алған білімін бағалау мен оны бақылауға аса мән беремін. Көркем әдебиет бойынша қазақ халқының ертегілерімен бірге баланың ой ұшқырлығын дамытуға септігін тигізетін шетел ертегілерін де кеңінен пайдалануға тырысамын. Сабақтың қызықты да мазмұнды өтуі үшін ертегі кейіпкерлерін балалардың өздері сомдап, сахналық көріністерге айналдыра білуі қажет. Ертегі кейіпкерлерінің бойындағы мейірімділік, татулық қасиеттерін балалар бойына сіңіре білу – сабақтың басты мақсаты болуы тиіс. Ал ертегілерде кездесетін қатігездік, іштарлық, өзімшілдік сияқты теріс мінез-құлықтардан жирендіре білу – келешек саналы азаматты тәрбиелеп шығарудың бастамасы болып табылады. Сонымен бірге, балалардың ертегі-аңыздар бойынша ойын жинақтап, сауатты әңгімелей білуі және қандай тапсырманы болсын ұқыпты, жинақы орындауына көңіл бөлу керек. Ал тіл дамыту жұмысында ертегілер сюжетіндегі дидактикалық ойындарды жиі пайдалану – балалардың ойлау қабілеттерін дамытуда, сөздік қорын молайтуда таптырмас құрал болып табылады. Ойын барысын қоршаған орта құбылыстарымен байланыстырып отыру да аса маңызды. Сұрақ-жауап әдісі арқылы қатесіз, дұрыс сөйлей білуге дағдыландыру жұмысы жүргізіледі. Ең бастысы – баланың өз бетімен ойланып жауап беруіне, өз бетімен әрекет етуіне жол ашылады.

      Сонымен бірге табиғаттағы өзгерістерді түйсініп-түсінуі, жан-жануарларға қамқорлық жасауы, балалардың логикалық ойларын, зейінін, тіл байлығын дамыту білім беру мазмұнын арттыра түседі.

      Ал мұның бәрін еліміздің ертеңі – саналы да, ойлы, заман ағымына тез бейімделгіш жас ұрпақты тәрбиелеп шығаруда балаларға қазақстандық білім беру мазмұнының бір бұтағы деп қараймын.

     Қорыта айтқанда, Отанымыздың алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы оның болашақ азаматтарының тұлғалық-кәсіби әлеуетіне тікелей байланысты екенін естен шығармау керек.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1. «Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса», 2019ж.

2. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие 2020ж.

3. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 2019ж.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж