СУРЕТ САЛУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ТЕХНИКАЛАРЫН ҚОЛДАНУ

                       Кикымова Айгуль Ахметжанқызы, тәрбиеші

                       Төлендина Алуа Ақпанбаевна, тәрбиеші

                    Қарағанды қаласы «Айгерім» бөбекжайы» КМҚК

 

          Сурет салу – негізгі атқаратын міндеті болмысты образды түрде бейнелеу болып табалатын бейнелеу қызметінің түрлері. Сурет салу қызметі – мектеп жасына дейінгі балалар үшін ең қызықты нәрселердің бірі: ол баланы терең толғанысқа түсіреді, жағымды сезім тудырады.

 

          Әдетте балалар өздерін толғандыратынды, өздеріне ұнайтынды, өздерін қызықтыратынды беру мүмкіндігін ала отырып сурет салуды, мүсіндеуді, қиып алуды және желімдеуді, конструкциялауды ұнатады. Екінші кіші топтан бастап сурет салуға және мүсіндеуге аптасына бір рет оқу қызметі бөлінеді. Бірте-бірте олардың саны өсе береді және ересек топтарда, мүсіндеуден, аппликациядан аптасына бір рет сабақ өткізіледі.

Сурет салу қызметі мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеуде, ақыл- ой тәрбиесін беруде үлкен маңызға ие болады. Балалар сурет салғанда, мүсіндегенде, аппликацияда өздеріне таныс жайыттарды қайта жаңғыртады. Балалардың көпшілігі суреттерді және де басқа да жұмыстарды түсініктері бойынша немесе естеріне қалғаны бойынша жасайды. Мұндайдаң түсініктердің болуы қиялдың дамыуны азық болады. Бұл түсініктер бейнелеу объектілерін ойын үсітінде, серуендерде, арнайы ұйымдастырылған бақылауларда және т.б. тікелей танып білу процесінде пайда болады. Балалар көп нәрселер туралы әңгімелерден, көркем әдебиеттен біледі. Өз қызметінде заттардың қасиеті мен  сапасы туралы балалардың түсініктері нақтылана түседі. Бұған көру, сезу, қол қимылы қатысады. Балалардың ақыл-ойының дамуында қоршаған ортадағы заттардың әр түрлі формалары және кеңістіктегі жайы, әр түрлі көлемдері бояу реңктерінің сан алуандығы туралы түсініктерінің негізінде біртіндеп ұлғайып отыратын білімдер қорының үлкен маңызы бар.

        Сурет сала отырып, балалар түрлі материалдарды (қағаз, бояу, балшық, бор т.б.) біледі, олардың қасиеттерімен, әсерлеу мүмкіншілігімен танысады, олармен жұмыс істеу дағдыларына ие болады. Балалар сондай-ақ адамдардың қызметіндегі кейбір құралдармен (қарындаш, қылқалам, қайшы) жұмыс істеу тәжірибесін үйретеді. Ал осы әрекеттерді меңгеру балалардың ақыл-ойының дамуына септігін тигізетіні анық.

Біздер өз жұмысымыздың барысында сурет салу қызметін үйрену талдау синтездеу, салыстыру, жалпылау сияқты ойды қажет ететін опрерацияларды қалыптастырмайынша сурет салу мүмкін емес екендігін анықтадық. Бақылаулар процесінде, бейнелеу алдында заттарды және олардың бөлшектерін зерттеу кезінде балалардың заттардың және оның бөлшектерінің формасын, көлемін, заттағы бөлшектерінің орналасуын, түр-түсін бөліп ала білуге үйретеді. Формасы жағынан әр түрлі заттарды бейнелеу оларды салыстыруды және айырмашылығын анықтауды талап етеді [1.158].

       Сонымен қатар балалар заттарды, оқиғаларды салстыруды олардағы ортақ нәрсені бөліп алуды, заттарды ұқсастығы бойынша біріктіруді үйретеді. Сонымен қоршаған ортадағы заттарды формасы жағынан бірнеше торптарға біріктіруге болады (дөңгелек формалы, тік бұрышты және т.б. заттар). Формасы жағынан заттардың ұқсастығы негізінде суреттегі, мүсіндеудегі, сурет салу әдістерінің ортақтығы пайда болады. Мысалы: алманы, жемісті, жаңғақты немесе балапанды жасау үшін (дөңгелек формалы немесе бөлшеуіштері дөңгелек формалы заттар) бастапқы кесегін айналма қозғалыспен илеу керек.

Тәрбиешінің басшылығымен балалар заттарды талдау қабілетіне бірте-бірте ие болады. Талдау қабілеті неғұрлым жалпылама және қара дүрсін айырудан неғұрлым нәзік айыруға дейін дамиды.

        Заттарды және олардың қасиеттерін ықпалды жолмен танып білу сана сезімге ұялайды. Қайсыбір форманың, көлемінің түр-түсінің сапасының жекелеген белігілі бір заттарды белгілерде ғана айналып қоймай, сонымен бірге көптеген заттарға тән белігелр ретінде балалардың түсініктеріне жинақталып қорытылады. Олар кез-келген заттардан оларды таниды және атын атайды [2.128].

       Мекетепке дейінгі мекемедегі екінші кішілер тобында сурет салу оқу қызметі арқылы балалардың тілі анағұрлым жақсы дамитындығын түсіндім: формалардың, түр-түстердің және олардың реңктерінің кеңістік белгілерінің аттарын үйрену сөздік қорының баюына септігін тигізеді; заттар мен құбылыстарды зерттеу кезінде, сондай-ақ иллюстрацияларды, суретшілердің картиналарының репродукцияларды көру кезінде өз пікірін айтуы сөз байланысының қалыптасуына жағымды ықпал етеді. Сондай-ақ баланың жас ерекшелілігін ескере отырып тапсырмаларды,оның орындару ретін түсіндіріп,балалардың белсенді араласқанын қадағалаймын.

        Сабақтың соңында жұмысты талдау процесінда балалар өздерінің суреттері туралы әңгімелеп,өзге балалардың жұмастары туралы пікірлерін айтады. Балабақшамыздың музыка жетектекшісі де біздің ұйымдастырылған оқу қызметімізге ат салысады. Заттардың эстетикалық сипаттамасы үшін бейнелі салыстыруларды, өлең текстерін пайдалану балаларды бейнелі, мәнерлі сөйлеудің дамуына жәрдемдеседі. Сабақ өткізу үстінде жеке адамның талаптылық, бастама көтеру. Ақыл-ой белсенділігі және дербестік сияқты қасиеттерінің қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасалады.

Заттар мен құбылыстар жөнінде түсініктер заттардың қасиеттер мен сапалары, олардың формасы түр-түсі кеңістіктегі жайы туралы білімді қажетті түрде талап етеді. Балалар осы қасиеттерді анықтайды және айтады. Заттарды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады, яғни ақыл-ойымен әрекет жасайды. [2.136]

Біздер сурет салу творчествосын негіздей отырып жүргіземіз. Себебі, бала өзі үшін ғана емес айналадағылары үшін де сурет салып мүсіндейді. Ол өз суретінің әлденені әңгімелегенін, оның бейнелегендерін жұрттың танығанын қалайды. Балаларды олардың суреттеріне жасаған мүсіндеріне үлкендерінің, құрдастырының қатынасы өте толғандырады. Олар жолдастарының ескертпелеріне, педагогтің бағасына көңіл қояды.

        Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салу мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру.

 Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:

 -Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоциональдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Алға қойған бағытымыз:

Сурет салу оқы қызметі арқылы, балаларды жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу.

Сурет салу әдістері: Саусақпен сурет салу, далаппен сурет салу, нүктелер арқылы сурет салу, құммен сурет салу, бастыру әдісі, көкөністер бастырмасы.

«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді. Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, көкөністер, жүн, қарындаштың терісі, бөлігі, паролон, алақан, жіп;

Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала өз бетінше бастыру құралдарын іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының кез келген әп түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғашқы шарты болып табылады.

      «Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар, даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан және қызылшадан түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы: шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау, картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу, штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен су бояу жағу, қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру; Штамптар көмегімен мата кілем үлгілерінің оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәнді композициялар құрастыруға болады.

     Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану маңызды.

«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу- алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, поролонды қолдануға болады.

Қолдану ержесі :

-бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;

-әр саусақты бір түсті бояуға батыру, қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.

        Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады.Үлкен ақ қағазға (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыу арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады [3.78]. «Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер ақылы сурет салу (нүктелі сурет) дәстүден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекелеген нүктелер ақылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады.

 Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері әр түрлі болу мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозайка сияқты болады. Педогог контур нуктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нуктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.

«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.

Қолдану ережесі:

 - ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады,

-Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз,

-Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз. Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар,

-балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын бейнелеу іс- әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;

   -  бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер туындыларын ажырата білу;

- өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;

 -бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары жайында (түс, сызықтар, көлем, кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді;

-сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін игерту;

-ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен салыстыра, ажырата білу;

- көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түріне деген қызығушылығын арттыру;

Балабақшада тұрақты түрде диагностикалық зерттеу жүргізу балалардың жеке ерекшеліктерінің бар екенін көрсетеді. Балалардың сабақ барысында тақырыпты қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әртүрлі болып келеді. Көбінесе үлгерімі жақсы балалар тақырыпты түсініп, іс жүзінде қолданса, кейбір балалар тәрбиеші көмегін қажет етеді.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.Комарова Т.С. «Обучение детей техническим навыкам и умениям» М. Просвещение 2019г 2. Косминская В. Б. Хомзова Н. Б. «Методика руководство изобразительной деятельности» М. Просвещение 2020г

3.Никитин А. В. «Нетрадиционные техники рисования в детском саду. Издательство «Каро» 2019г

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж