Өнерге бетбұрыс. Даярлық тобына домбыра үйрету әдісі

Большакенова Назгүл Мақсұтқызы

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы,

Доскей ауылы балалар музыка мектебінің

домбыра ұстазы

 

 Өнер- адамзат баласының бүгіні мен болашағы, сонау есте жоқ ескі күндерінің арасын үзіліссіз байланыстыратын күн менн түннің арақатынасы сияқты мәңгі ажырамас егізі. Қазақтың ұлан ғайыр даласы қай кезеңде де өнерге кенде болмаған. Әрине, өнер ауқымы кең, әрі сан-салалы екені белгілі. Соның бірі –музыка.

Музыка жөнінде ертеде өткен ұлы адамдар:

 «Оның үнінде адамның әрекеті мен сезіміне әсер ететін құдіретті керемет күш жатыр» деген екен.  Абай «Құлақтан кіріп бойды алар , әсем ән мен тәтті күй» десе, Л.Н.Толстой «Жақсы музыка-көңіл күйдің, жан сезімнің шежіресі» –деген. Музыка жанрында қазағымның домбырасының алар орны ерекше.  Домбыра – қазақтың халық музыка аспабы.  Талай ғасырлар тарихы мен хикаяларын шанағына сақтап, алтын әуез, асыл ақық күйлерімізді қазағымыз түгілі бүкіл әлемге  тамсантып, таң қалдырып тұрған жоқ па!

Ұлттық дәстүр  мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына сіңіріп, оның жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың киелі қара домбырасының атқаратын ролі зор. «Әнге әуес, күйге құмар бала- жаны сұлу,өмірге ғашық болып өседі»- деген емес  пе Мұхтар Әуезов.

Музыка –баланың эмоциясына бірден әсер ететін өнердің түрі болғандықтан, баланы өнер саласында қызықтыру үшін, жас кезінен –ақ негізгі түрі –музыкаға бейімдеу қажет.  Музыка және  өнер мектептері -оқушының қабілетін дамыта отырып,олардың дарындылық қасиетінің көзін ашып,жан-жақты, барынша дамуына бағыт береді.

Тәуелсіздік алған елімізде қазіргі таңда дарынды, өнерлі, талантты балалар өте көп. Қазіргі заманауи технологияның дамыған кезеңінде жас ұрпақтың талпынысын қолдап, әрі қарай дамыту мақсатында  ата- аналар,  тіпті жас шамасының  кіші екеніне де қарамай , әр –түрлі дамыту орталықтарына , музыкалық білім беру мектептеріне балаларын беруге көңіл бөле бастады.

Сол өнердің  бір саласына жататын домбыра үйренуге келген оқушының сана-сезімі, өмірге деген көз қарасы,мінез құлқы, білімі, музыкалық қабілеті бірдей болып келмейді.  Әр оқушының жас ерекшілігіне , өзіндік қабылдауына байланысты мұғалім әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық әдістерді қолдану керек. Мамандық сабағының басқа пәндерден бір ерекшелігі, ол дербес сабақ. Жеке сабақтың пайдасы, оқушыны жан-жақты білуге мүмкіндік береді.Сабақ жемісті, әрі қызғылықты және оқушының көңіліне қонымды, түсінікті болу үшін,оқытушының сабақ өткізу әдісі оқушының ой-өрісіне,жас ерекшелігіне сай болуы керек.Демек, оқытушының сабақ беру әдісі әр түрлі болуы заңды.

Мен өз тәжірибемде кездескен, жас шамалары 5-6 жастағы даярлық тобының әлі толық әріп танымайтын оқушыларға  қолданған әдістеріммен бөліссем деймін.

Оң қолдың қойылымы  кезінде  қағысты сұқ саусақпен төмен,  бас бармақпен жоғары  ойнау барысында, қалған үш саусақты шашпай, алақанға қарай сәл ішкері иіліп тізбектей  орналастыру кезінде оқушылар көп жағдайда саусақтарын қатты қысып алады немесе шашыратып жібереді. Ондай жағдайдан шығу үшін ,үш саусақпен  балапан ұстап тұрсын деп саусақтарына кішірек нәрсе ұстатамын. 

Балапан өте нәзік, кішкентай, қатты қыссаң ол қысылып қалады,ал саусақтарды ашып ойнасаң балапан алақаннан түсіп қалады деп ойын түрінде түсіндірем.. Оқушы саусақтарын бос ұстауға тырысады, ұмытып бара жатса «балапанды» ұмытпа деп ескертіп отырамын. Қағысты ойнау барысында оң қолдың басы  дыбыс ойығынан  тиекке дейін кетіп қалады. Оң қолды  үлкен сағаға таяу ұстау үшін , домбыраның  бет қорғанын Қазақстан картасы, біз сол Қазақстанда тұрамыз, шекарадан аспаймыз деп түсіндіремін.

 Ал, сол қолдың қойылымы кезінде, сол қолдың  саусақтары ұшымен қалам немесе қарындашты ұстатып жаттығу жасатамын.

Жаттығуды жасау барысында қаламды саусақтын ұшымен шашыратпай тізілте ұстауға, саусақ буындарын бүгіп,бас бармақтың сұқ саусаққа қарама –қарсы тұруын, алақанды дөңгелете ұстауын қадағалаймын. Қаламды саусақтың ұшымен қозғалту арқылы  оқушыға саусақтын ұшын сезіне білуге үйрету. Бас бармақ екінші саусақтың көлеңкесі , екінші саусақ қайда жылжыса  бас бармақ бірге жылжиды деп түсіндіремін. Осы тәсілді домбыра пернесін басып үйрену кезінде қолданамын. Себебі көп жағдайда оқушылардың бас бармақтары екінші саусақтан қалып қояды немесе төмен түсіп кетеді  де ,алақан жағы мойынға тиіп тұрады. Ол домбыраның мойнындағы қолдың, саусақтың еркін қозғалысына кедергі болады.

 Оң қолдың білезік қоспасының қақпақ бетіндегі еркін қимылы мен сол қолдың саусақ түзілісі, перне басылымының сәнділігі мен орнықтылығына көңіл қою, домбыра тарту апараттарын қалыпқа келтіру, оны еркін игеріп кетудің кепілі.

 Сандық  жүйемен оқытататын әдісті оқушы әріпті толық  танымайтын жағдайда пайдалануға болады, себебі баланың домбыра аспабын тез игеруіне сандық жүйе көп үлесін қосады.  Ол үшін  домбыраның пернелеріне орналасқан ноталарды жаттау көп уақыт алатындықтан, пернелерге сандарды белгілеп қою қажет.  

Баланың алғашқы домбыра ұстауы мен отырысын еркін, табиғи қалыпқа түсірген соң, нота сауатына біртіндеп көшу керек.

Нотаның 5 сызыққа ораласуын жаттау кейбір оқушыға  қиынға  түседі. Осы кезде бес сызықты қолдың бес саусағы ретінде қабылдап, әр нотаны саусақтарға орналастыру арқылы жаттатамын. /бес саусақтың кескінін қиып алып пайдалануға болады/.

Сабақ беру әдісіне- тек үйге берген тапсырманы тексеріп,шығарманы талдау, орындау ғана жатпайды.  Оқушының ой-өрісінің өсуіне, тіл байлығының дамуы мен өз ойын жеткізе білуіне , орындаушылық шеберлігінің жетілуіне әсерін тигізетін-  шығарманың шығу тарихы, авторы жайлы әңгіме өткізіп, шығарма тақырыбына байланысты суреттер салу өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

Рухани жаңғыру заманында ұлттық өнерімізді, оның ішінде фольклорымызды  жас өспірімдердің бойына сіңіру арқылы адамның рухани дүниесін байыту, оны  қазіргі заманауи  бағытында сәнді де мәнді етіп тәрбиелеу –қазіргі кезеңдегі бірінші міндет болып табылады. Ендеше осы  жолда  келешек жас ұрпақты  сан салада тәрбиелеу жолында әр азамат өз үлесін қосатынына сенімдімін.

 

                                     

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net