ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС, ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА

Қази Айгул Тишбекқызы

№8 мектеп жанындағы шағын орталық

 

«Бүгінгі күн-кешегінің жемісі,ертеңгінің болмысы»-дейді дана халқымыз. Қай елдің болсын ертеңі-білімді жастардың қолында. Ал,білімді жастарды тәрбиелеп, білім беретін ол әрине – ұстаз.

    Болашаққа сеніммен аяқ басуға бағыт беретін жол сілтеуші ұстаздардың еңбегін қалай айтсақта жарасады. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Ендеше Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы-мектеп болса, басты тұлға ол-ұстаз. Баланың адам болып қалыптасуына ата-аналармен бірге ұстаздардың да еңбегі зор. Ендеше өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың еңбегі ерекше.

  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай осы жолда жүрген ұстаздар қауымы білім беруде ғана емес сонымен қатар баланың бойындағы ерекше талабын көре біліп, өмірге өз жолын таба алатын тұлға етіп шығарады.

   Мен үш бала тәрбиелеп отырған анамын. Екі балам мектеп қабырғасында  оқиды. Алды биыл 9-шы сынып бітірді. Балаларымның  жақсы оқып, түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болғаны   ұстаздар еңбегінің жемісі. Осы білім беру жолында жүрген №8 ЖББОМ мектеп ұстаздарына алғысымды білдіремін. Сіздерге білімді ұрпақ, саналы тұлға  тәрбилелеу жолында табыс тілеймін. Шәкіртінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы сіздерге мың алғыс!

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net