Материалы

Ағылшын тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының ерекшелігі

Жунусова Сымбат Қайроллақызы,

№ 104 мектеп-гимназиясының

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 

Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағдарланған білім мен ғылымды дамыту жӛніндегі жүйелі шаралар кешенін іске асыру жалғасуда. 2015 жылы Республика Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарына, оның ішінде 4-мақсатқа қол жеткізу бойынша өзіне міндеттемелер қабылдады. Бұл мақсат жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етуді және барлық адамдар үшін өмір бойы оқу мүмкіндігін кұптауды көздейді.

 

Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңартудың басты мақсаты - білім беру бағдарламасын жаңарту, педагогикалық қызметтің ең жоғары деңгейі ретінде критериалды бағалау жүйесін енгізу және жаһандық ақпараттық әлемде білім алушыларды тәрбиелеуді, оқытуды, жан-жақты дамытуды үнемі жетілдіру болып табылады.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларының келесі мазмұндық ерекшеліктері бар:

- тақырыптың мазмұнын жобалаудағы күрделілік принципі, яғни білім мен дағдыларды тігінен де, көлденеңінен де біртіндеп құру (тақырыптар мен сыныптар бойынша дағдылардың күрделенуі);

- таным заңдылықтарына негізделген және пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясы;

- білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқу курсы бойында педагогикалық мақсат қою, бұл пән ішіндегі байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;

- пәнаралық байланыстарды іске асыру кезінде және бір білім беру саласындағы пәндер арасында «ортақ тақырыптардың» болуы;

- бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт сұраныстарына сәйкестігі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;

- ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар нысанында оқу процесін технологияландыру.

Ал ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты - білім алушылар ағылшын тілін мәдениет диалогында қарым-қатынас құралы ретінде қолдануы болып табылады.  Яғни, білім алушыларды ағылшын немесе басқа да шет тілінде  мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға даярлауды, шетел тілін адами білімнің қызықтыратын салаларында өз бетімен білім алу құралы ретінде, басқа халықтардың мәдениетіне ену құралы ретінде пайдалануды көздейді.

Оқу бағдарламасының айрықша ерекшелігі оның тек пән бойынша білімді ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталғандығы. «Ағылшын тілі» оқу пәнін оқытудың міндеттері мен оқу мақсаттарының жүйесі білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы білім алу сияқты негізгі құндылықтарды қалыптастыруға негізделген.

«Ағылшын тілі» пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу бағдарламасының оқу мақсаттары педагогке сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, білім алушылардың жетістіктерін бағалауға, білім алушыларды келесі қадам жасауға бағыттауға, оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы хабардар етуге, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.

Ағылшын немесе кез келген шет тілін үйренудің басым мақсаттары:

- мектеп түлектерінің еңбек қызметінің түрлі салаларына кіруіне бағытталған коммуникативтік тұжырымдаманы қалыптастыру;

- өмірдің барлық жағдайларында қажетті дағдылар мен қабілеттерді игеру;

- білім алушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін, олардың танымдық қызығушылықтарын жан-жақты дамыту;

- білім алушылардың адамдарға және жалпы қоғамға оң көзқарасын тәрбиелеу;

- мектеп қабырғасында алған білімі мен іскерліктерін күнделікті өмірде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Жаңартылған білім беру мазмұны оқу бағдарламасының ағылшын тілі сабағы жалпыдидактикалық талаптарға жауап беру керек, яғни оқыту мен дамудың біртұтастығын ескере отырып құрылуы, оқу материалы мазмұнының сипаты және оны игеру тәсілдері бойынша ғылыми болуы, жас психологиясының эксперименттік деректеріне негізделуі тиіс.

 Бұл талаптар, олардың жалпы сипатына қарамастан, зерттелген пәндердің әрқайсысында өзіндік ұйғарымы бар. Тілдік материалдың ерекшеліктерін ескеру, ақпарат көздерін дұрыс таңдау және сабақтың әр кезеңі үшін оқыту әдістері, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру сияқты талаптар одан да үлкен ерекшелікке ие. Ағылшын тілі сабағын оқу жұмысының аяқталған бөлігі ретінде анықтауға болады, оның барысында мұғалімдер қолданатын оқыту құралдары мен әдістері негізінде жеке және топтық сипаттағы алдын ала жоспарланған жаттығуларды орындау арқылы белгілі бір практикалық, жалпы білім беру және білім беру мақсаттарына қол жеткізуге болады.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж