Материалы

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа жетелеу

Қарағанды облысы  Абай ауданы Сарепта селосы

Дзержинск жалпы білім беретін мектебінің

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Шерекбай Саван

 

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке
Көтерер білімді, білікті, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. "Біз тұрғызатын қоғам барды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек” – деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.  Қазіргі кезде өскелең ұрпаққа тәрбие беруде алға қойған негізгі мақсаттарының бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Баланы әдептілікке, сыпайылыққа, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке үйрету – ата-ананың, қоғамның, мектептің ең басты міндеттерінің бірі. Бала қоғамдық ортада өзін әдепті, сыпайы ұстай білуі керек. Балаға кіші күнінен бастап отансүйгіштікке, әдептілікке, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа үйрету – адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Өскелең ұрпақтың бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту, өзін де өзгелерді де қадірлеп, сыйлауға, кешірімді болуға, адамдарға қолынан келгенше көмек көрсетуге үйрету өзін-өзі тану пәнінің міндеттерінің бірі.

Осындай міндет жүктелген ұстаздар мен балалардың арақатынасында ешқандай шектеу болмауы керек. Олардың қарым-қатынасы достық негізде қалануы           керек.

Рухани-адамгершілік тәрбие – дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығы. Рухани–адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.

«Өзін-өзі тану» пәні сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. Оқушылар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады.
Өзін-өзі тану бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну.

Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы оқушының жан дүниесін байытып, рухани-адамгершілік білімді халықтық дәстүр арқылы жеткізу. Адамзат өз елінің, халқының мәдениетін сәби шағынан біліп өсуі маңызды. Сондықтан адамның бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу ең басты міндетіміз.

Оқушыларды қанаттандырып шығармашылыққа жетелеуде өзін-өзі тану пәнінің ықпалы зор. Өйткені бала осы пән арқылы өз қабілеті мен мүмкіншілігін сынап өзіне баға бере алады. Алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында еңбектенеді. Балалардың барлығы қабілетті, тек соның көзін аша білу қажет. Ол үшін ұстаз оқушы үшін сенімді серік, дос бола білуі керек. Талабы бар балаға бағыт-бағдар беріп өз жетістігін көрсетуіне мүмкіндік беруіміз қажет. Ұстаз-екінші анаң, демек оқушы үшін білім ұясындағы ең жақын жан. Оқушының бойындағы шығармашылық қабілетті дұрыс байқап, оны жігерлендіріп, алға ұмтылдыру арқылы оның бойындағы сенімділікті дамытуға болады. Оқушыларды сабақ үстінде ақ шығармашылыққа бағыттауға болады. Мысалы, тақырыпқа байланысты өлең жазу, суреттер салу, шағын әңгімелер құрау,ән айту, билеу, мәнерлеп оқу және актерлық шеберлік. Бұл аталғандардың барлығы да «өзін-өзі тану» пәнінде көрініс тауып келеді. Осы жұмыстарды сабақ үстінде ұйымдастыру арқылы баланың шығармашылық қабілетін оңай анықтауға болады.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің басты идеясын ұсынды.
Еліміздің туын асқақтатар, білім, білікті, жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол, тәрбиелі, әділ, инабатты, өнегелі ұрпақ тәрбилеу біздің алдымызда тұрған ең басты міндет. Осы мақсатта өркениетке ұмтылып отырған мемлекетіміздің даму болашағының негізі ретінде қажеттілігін айқындай түсетін, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін білім ордасының жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні.

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты- рухани-адамгершілік құндылықтарды негізе алатын , ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу. Тіпті Абай өз заманында былай деген екен: «Білім мен ақыл-ойды сақтайтын қойма- адамның мінезі. Білімді сақтайтын берік қойма болмаса, оқудан пайда болмас». Ал тәрбиенің негізі дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру.

Рухани-адамгершілік тәрбие баланы мейірімділікке, әдептілікке, отаншылдыққа, өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, табиғатты сүюге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге үйретеді. Осы қасиеттерді үйрететін пән мұғалімі балаларға жылы жүзбен қарайтын, мейірімді, адамгершілігі мол, балаларды баурап алатындай маман болуы керек. Сонда ғана бала жүрегі мейірге толып, осы пәнді сүйіп, өмірге деген қызығушылығын танытып, айналасындағылармен жан жылуын бөлісе алады. Міне осындай үйлесімділік болған жағдайда бізден үлгі алатын, жан-жағына мейіріммен қарайтын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азаматты тәрбиелей аламыз. Баланы жан-жақты дамытуға, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдайтын, жалпыадамзаттық құндылықтарға ие бола алатын ұрпақты тәрбиелеуге ат салысқанымыз артық болмас. Қазіргі кезде қоғамда жоғалып бара жатқан адамдар арасындағы сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік, татулық, бірлік, бірін-бірі кешіре білу, төзімділік сынды құнды қасиеттерімізді толықтай жоғалтып алмас үшін келешегімізді ойлайтын болсақ, жас ұрпаққа жақсы істер атқарып, үлгі көрсете білуіміз керек. Осыған түрткі болатын «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтарында қолданылатын тәсілдер: әңгімелесу, шаттық шеңбері, тыныштық сәті, өзіммен-өзім, мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат, түйіндеме, жағдаяттарды талдау,ойтолғау, шығармашылық жұмыс, сахналау, сергіту сәті, ойындар, тренингтер, бейнефильмдерден үзінді көрсету, жүректен жүрекке т.б оқушының өзін, өзгені, айналасын тануына, өз бойына жан-жақты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Әсіресе, оқушылар сабақ барысында еркін отырып, бір-бірімен еркін пікір алмасып, өз ойларын білдіріп, жағдаяттарды шеше білуге, бірін-бірі тыңдауға үйренеді. Мектебімізде «Өзін-өзі тану» пәні аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс –шаралар, ата-аналармен жұмыс өткізіліп тұрады. Мектеп оқушыларының бұл пәнге деген қызығушылықтары өте жоғары, барлық іс-шараларға белсенділікпен қатысады.

Тәрбие көзі болатын аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ұлылардың ұлағатты сөздері,ақын-жазушылардың еңбектері, түйінді сөздер, жаманнан жирену, жақсыдан үйрену «Өзін-өзі тану» пәннің өзегі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда баланың мінез-құлқын қалыптастырып, жеке тұлға ретінде терең тәрбие береді, жас ұрпаққа- адами жолды үйретеді, өзіне-өзі деген сенімділігін қалыптастырады, шығармашылыққа, өзіндік пікірінің, ойының болуына көмектеседі, өз ісіне баға бере алуға үйретеді, ең бастысы адамгершілігі мол, өз шешімін қабылдауға, өмірдің мәнін түсінуге көмектеседі.

Қорыта айтқанда, баланың қазіргі қоғамда өмір сүруі үшін адамгершілік қасиеттерді игеруі, оның бойына осы қасиеттерді дарытуы барысында «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік пәнінің алатын орны ерекше.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net