Материалы

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ КЕЛБЕТІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Абуталипова Асемгуль Багитбаевна, Қостанай облысы «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің №1 Құсмұрын ЖББМ» КММ директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары, жетекші мектеп координаторы

 

Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі.

 М.Жұмабаев

 

Әлбетте, мұғалімге қашан да ерекше құрмет пен сыйластықтың көрсетілуі сонау тарих беттерінен де белгілі. «Алаш» деп ұрандатқан қазақ ұлтының көне, ежелгі дәуірінен бастап ұстаз, мұғалімдік қызметі «пір» тұтумен пара-пар болғаны еді. Мәселен, Күлтегіннің Білгені құрметтеп, пір тұтуы, Яссауидің Арыстанбапты құрметтеуі, ұстаз деп көруінің өзі де «мұғалім», «ұстаз» деген ұлы есімнің соншалықты қадір мен қасиетке лайық екендігін білдіртеді. Заман өте келе, өмір сүру қағидатына өзгерістер еніп, өркениет пен мәдениет өзгеріске ұшыраса да «ұстазға» деген құрмет пен сыйластық өзгермеуде. Әлбетте, кей кездерде мұғалімге қатысты көптеген сыни пікір мен көзқарас түрді деңгейде, түрлі бағытта топтастырылып, қалыптасып жататын кездері болып жатады.

 

Қазіргі таңдағы ХХІ ғасырда ұстаздың келбеті мен келешегіне келетін болсақ, біршама ой мен пікірді ой саралауынан өткізуге болады. Бұқарадан «ХХІ ғасырдағы ұстаздың келбеті қандай болуы керек?» деген сауал қоятын болсақ, түрлі тұлғадан біршама әр түрлі бағыттағы жауаптар келетіні сөзсіз. Бірінші ретте әр мұғалімге қатысты пікірлердің ішінде жағымды және оңды пікірлер болуы әбден мүмкін. Себебі бұқарада интеллекті төмен тұлғалардан гөрі интеллекті деңгейі жоғары, орта деңгейдегі тұлғалардың басым екендігі аян. Қазіргі таңдағы мұғалімдердің келбетін саралағанның өзінде факторларға бөліп тастауға болады:

-моральдік-психологиялық келбеті;

-физиологиялық келбеті;

-академиялық-интеллектуалдық келбеті. Әлбетте, әзірге осы факторларға тоқталуды жөні көрудемін.

Алдымен, бірінші және барлық фактордан жоғары тұратыны – моральдік-психологиялық фактор. Шынтуайтына келгенде, бұл фактор барша тіршілік иесіне тиесілі болғандықтан, бірнеше ғасырлар бұрын Аристотельдің өзімен толыққанды түрде зерделеніп, зерттеліп, дәлелімен барша әлемге тарағандығы соншалық, Аристотельдің әлемдегі бірінші ұстаз ретінде танылуының бірден-бір себебі болып табылуының дәлелі болары анық. Бұған Аристотельдің «Барлық парасат адамның болмысындағы интеллектіге байланысты... » деген пайымадуының өзі жеткілікті секілді. Егер де ана сүтімен, яғни генмен берілген интеллекті болмаса, ол интеллекті мектепте мұғалімдер арқылы қалыптаспаса, өмір сүре келе үлкен мәселелерден сабақ алу арқылы қалыптаспаса, парасатты әрекеттер мен сөздерді, ойды ондай тұлғадан күту – сауатсыздық. Әлбетте, бұндай кемшілік ұстаз мамандығын таңдаған тұлға бойында кездеспейді емес, кейбір санаттарына кездеседі, әлбетте бұндай мұғалімдердің кәсіби өтілі ұзаққа бармайды. Абай атамыздың «Өзіңнен өзің есеп ал...» дегені бар емес пе еді, сол секілді парасатты әрекет жасамайтын тұлғалар өздерінің моральдік болмысын әрекеттері арқылы сараламайтын болса, үлкен қауіп екендігі мәлім. Себебі өзімізді тексеріп, өзімізді саралап, бағамдап, өзімізден есеп алу арқылы ғана өз әрекетімізге сыни пікірді шынайы тұрғыда Әуезов секілді беретін болсақ, өзімізбен адал болсақ, әлбетте қоршаған ортаға да адалдықпен, шынайылықпен сыятын, жағатын боламыз. Абай атамыздың «ортаға біліміңмен емес, мінезіңмен сыясың» дегені тағы да бар емес пе?! Болмаса, қажылыққа барып келіп, дін мен ғылымды қатар ұстаған арысымыз Шәкәрімнің «Өзгемен емес, өзіңмен алыс, Өзгемен емес, өзіңмен жарыс...» деген сөздері де бізге күнделікті өмірде дәйек болары айқын.

Екінші факторы – физиологиялық. Әлбетте, моральдік тұрғыда сараланған пікір өміршең, қолжетімді, айтарлықтай қиын да емес. Әлбетте, моральдік тұрғыдан ұстаздың барлық болмысы жағымды және оңды бағаға ие болса, онда физиологиялық болмысы да мықты болмақ. Себебі адамның физиологиясы психологиясымен тікелей байланысты. Ол үнемі жарқын, ол үнемі ашық, оның жүзінде нұр, оның келбеті жайдарлы, жарқын болмақ. Ендеше бұл фактор да қиын емес-ті. Үшінші фактор ретінде академиялық-интеллектуалдық факторды белгілеген едім. Үнемі өзімен-өзі жұмыс жасайтын тұлға әрқашан да өсу мен дамуды қажет етеді. Шынайы және табиғатынан мұғалімдікке арналған тұлғалардың үнемі білікті арттыруға және  танымын кеңейтуге уақыт өте келе иммунитеті қалыптасады. Бұл ретте үнемі білгің, танығың, арттырғың келіп тұратыны сөзсіз.  Әлбетте, осындай факторлардағы мұғалім келбеті ұстаздың келешегіне де үлкен әсер ететіндігі айқын. Өзін ұстаз ретінде көрсете білген және де сол дәрежеден түспей, үнемі алға жылжу мен ілгерілеуді қажет етіп, мақсатқа діттейтін тұлғаның болашағы да жарқын, келешегі айқын болмақ.

Қашан да рухани болмыс пен адамгершілікті мінез тарихта қалмағы бар-тын. Аталмыш ойымды түйіндей келе, қазіргі ғасырдағы ұстаз келешегі мен келбетін тарих дәйектеріне жақындастыру әрбір мұғалім мамандығын таңдаған тұлғалардың қолында екендігін айтқым келеді. Өте қолжетімді, өлшемді, жеңіл және де үлкен материалдық ресурсты қажет етпейтіндігі айқын.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж