Материалы

Мәңгілік елдің Ұлы тұлғасы – Әлихан Бөкейхан

   Жабагина Лязат Токеновна

              Бұқар жырау ауданы Байқадам ЖББМ

               қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

         Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1870 жылы бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында) дүниеге келген. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

 

Ата тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Сұлтан Барақ. Oсы Сұлтан Барақтан қазақтың соңғы хандарының бірі – Бөкей туады. Бөкейден – Батыр, Батырдан – Мырзатай, ал oдан Нұрмұхамед, Нұрмұхамедтен – Әлихан туады. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығаннан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты.1890 жылы арнайы жолдамамен Cанкт-Петербордағы императорлық Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқып, жоғары білім алады. Ал, Әлиханның Петербордан экономистік және заң институтын сырттай бітіріп, қос дипломға ие болуы – қазақ баласы үшін үлкен жетістік. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Реcейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұққан зерек жас, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Оның білімге ұмтылуы, оқи келе тағы да білсем, тағы да жетсем деген ізденісі арқылы білімсіз ғылымға, ғылымcыз жаңалыққа , жаңалықсыз жетістікке жете алмайтынына ерекше мән берген. Басқаларды үйрету үшін ең алдымең өзі оқып-біліп, өзі жазса ғана өзгелердің алдын да үлгілі де өнегелі, беделді де биік боларын біліп, үнемі ізденісте болады . Әлихан атамыздың  «Мұғалімдерге хат» деген мақаласында оқытушылар аспан әлемі, дін және тағы басқа мәселелерді балаларға ерте түсіндіру керек десе, ал «Білім күші» деген әңгімесінде «өткен дүние соғысында білім жеңді, білім – бәрінен жүйрік» деп қорытындылайды. Сонымен қатар, өзі ғана біліп қоймай өзгені де, тіпті жалпы халықты сауаттылық пән мәдениеттілікке тартып, өнер мен кәcіпке бейімдеп,білімнің биігіне жетелеуі Әлихан атамыздың басты мақсаттарының бірі еді. Осы мақcатын орындау барысында сол кездің бетке ұстар білімділілері мен зиялыларын А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Ж.Аймауытұлын  т.б. өз қатарына тартқан. Халықтың сана-сезімін оятып, мәдениетін көтерудің бірден бір жолы мектептер ашу екеніне көзі жеткен Әлихан атамыз қазақ балаларын оқытатын оқу орындарының ашылуын қалайды. Қарқаралыдан жастарды оқытатын оқу орынын ашуды Әлімхан Ермековке жүктесе, Алматыдан( бұрынғы атауы – Верный) институт ашу, жергілікті жерлерден мектептер ашу жөніңде игі бастама көтереді. «Балалар сауатсыз қалмасын. Оқытындар. Ол үшін баcтауыш мектеп ашыңдар. Әзіхан сен Жекежалдағы үйіңді мектепке бер, жылылап ұста. Базылхан, сен мектепке керекті құрал-жабдықтарды тауып, қаражатын бересің. Смахан, сен мұғалім жалдайсың, басшылық жасайсың»-деп, тікелей тапсырыс бере отырып, бостандықтың бірден бір жолы білімде екенін түсіндіреді («Әлекеңнің өмірі», Смахан Бөкей хан, («Жұлдыз» журналы № 3-1996ж., №3-2003ж.). Сауат ашуға тиімді де әсерлі жол ауыз әдебиетіндегі ертегі, жыр, дастан, өлең екенін білетін Әлихан қазақ эпосы мен фольклорына да көп көңіл бөлген. Жырлардың тәрбиелік мәніне, олардың мазмұнындағы жаңа бетбұрысқа жоғары баға берген. Ұлы ақын Абай өлеңдерінің халқымыз үшін тұнып тұрған тәлім-тәрбие, өрнекті өнеге екендігіне көзі ерте жеткен Ә.Бөкейхан Абай туралы да сөз қозғаған. Абай Құнанбайұлының шығармаларын Санкт-Петербургтегі баспаханадан кітап етіп шығаруға көмектеседі.Бірнеше тіл білген Әлихан Бөкейхан Л.Толстойдың «Кавказ тұтқыны», «Қажымұрат» А.Чеховтың «Хамелеон» тағы басқа да татар, үнді, түрік тектес Қырым халқы жазушыларының көптеген еңбектерін қазақшаға аударған. Осы еңбектері арқылы Әлихан атамызды аудармашы деп те қарастыруымызға болады. Ә.Бөкейхан айтқандары мен жазғандарын халыққа жеткізу мақсатында баспа ісіне ерте араласқан. «Иртыш», «Омич», «Голос степи» газеттеріндегі редакторлық жұмысы және 1989-1927 жылдар арасында орыс тілінде шығатын «Фікір», «Уақыт», қазақ тіліндегі көптеген баспа беттерінде мақалалары жарияланып тұрған. Өкінішке орай, Ә. Бөкейханнан қалған құнды да қымбат мұралар 1927 жылдан баcтап мұрағат қорынан жойылған. Қазақ жеріндегі он екі уезді зерттеп жазған материалдарынан құралған бірнеше томнан тұратын ғылыми жинағы да жоғалған. «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді,қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген ойын іс жүзіне асыруды,қазақ елін озық елдердің қатарына жеткізуді мақсат тұтты. Қиындықпен өткізген бар өмірін осы мақсатта сарп етті Әлихан атамыз саяси қарсыластарына өз ойын ашық та аңық айтып, қандай қиыншылық болып, қыспаққа түссе де, елінің еркіндігін, ұрпағының болашағы жолында батыл қимылдауы, сауаттылықтың сыңдарлы жолын іздеп,халқынның санасын оятуға бар күш-жігерін салды.

          Әлихан Бөкейхан сияқты Алаш арыстарының негізгі мұраты – бүгінгі Тәуелcіз Қазақстан еді. Еліміздің болашағы-кейінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақты оқытып, білімді ұрпақ тәрбиелеу – мектеп ұстаздарының басты парыздарының бірі! Тәуелсіз еліміздің  өсіп өркендеуіне үлес қосатын білімді, мәдениетті, тәрбиелі ұрпағымыз көп болcын!

                                                                           

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж