Материалы

ДЕҢГЕЙЛІК МЕҢГЕРУДЕ ДИАЛОГТЫҚ СӨЙЛЕУ МӘСЕЛЕСІ

Сулейменова Айсулу Багитжановна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

  «Қостанай қаласы білім бөлімінің №22 жалпы білім беретін мектебі» КММ

 

Қазақ тілі бір ұлт пен екінші ұлттың арасында түсінісу, сөйлесу құралы болуы үшін қазақша сөйлеуді қалыптастыру керек. Қазақ тілі екінші тіл ретінде осындай мақсатты жүзеге асыру үшін меңгеріледі. Сол себепті де оқушылар тілді қарым-қатынас қатынас құрады ретінде қолдану үшін үйренеді. Тіл меңгеру осы мақсатқа негізделіп жүргізіледі.

Қазақ тілі екінші тіл ретінде деңгейлік меңгеруде өзге ұлт өкілдерінің  қазақша сөйлеуін қалыптастыру, қазақ тілі терең меңгерту мәселесі ең алдымен ауызекі сөйлеу тілінің табиғатың танытып үйретуден басталады. Оқушылар өзге тілді сыныптарда қазақ тілін коммуникативтік мақсатта меңгеру ісі соңғы жылдарда өзекті бола бастағаны белгілі. Қазақ тілі іс жүзінде қолданылу аясы да,ең алдымен,сол тілді меңгеру жүйесіне қатысты жасалған бағдарламаға тікелей байланысты болып келеді. Бағдарлама  бүкіл тіл меңгеру үдерісіне ғана емес, әрбір тіл  үйренуші үшін де қажетті құрал болып саналады. Бағдарлама тіл меңерудің негізгі мақсатына жетудегі жетекші құрал болып табылады. Жалпы бағдарламада шетел азаматтарына арналған қазақ  тілін көп деңгейлік меңгерудегі жүйесінің моделі беріледі.

 

2001 жылы Еуропалық елдер достастығымен бірінші рет шет тілдерін деңгейлік оқыту бойынша жалпы мәселе көтеріледі. Бүгінгі күнде қазіргі тілдерді меңгерудің біркелкі кеңістігін қалыптастыру мақсатымен Еуропалық Кеңес жобасының швейцариялық үлгісі бойынша жасалған «Еуропалық тілдік портфельде» тіл меңгерудің алты деңгейі қарастырылған .Еуропалық елдерде тілді үйретудің 6  деңгейіне бағыт алды.Бұл кез келген шет тілін меңгерушілерге арналған бағдарлама /1/

Қазақ  тілін меңгеру саласы бойынша қазіргі әдістемеші ғалымдар үш деңгейлік меңгеру әдістемесі ұсынуда. Мұнда әрбір деңгейдің өз мақсаты мен міндетін саралаумен байланысты.Ғалым Қ.Қадащева қазақ тілін деңгейлік игеруге ұсынған бағдарламасында сатылап  меңгерудің үш деңгейін (1-қарапайым деңгей; 2-орта деңгей; 3-жоғарғы деңгей) нақты көрсетеді (2,755-80 б).

Қазақ  тілі шет тілі ретінде //Казахский и русский языки в программах атты бағдарламада қазақ тілі шет тілі ретінде де деңгейлік меңгерудің әрбір деңгейі нақты практикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Тілді алдымен элементарлық меңгеру бойынша  алып ,оның ішінде бастапқы  деңгей, негізгі деңгей,жалғастырушы деңгей қарастырылады,кейінен еркін меңгеруді, яғни жоғарғы денгейді қалыптастыру болып табылады. (3,3б).

Қазақ тілі екінші тіл ретінде деңгейлік меңгеруде оқушылар қазақ тілімен терең  танысып,тұрмыстық жағдайда белгілі бір тақырыптарды өзі туралы толық мәлімет беріп,өзге адамнан мәлімет ала алатындай дәрежеде тілдік ортаға бейімделуі тиіс. Сондай- ақ ,тіл меңгеруде лексикалық материалдар интенция түрінде беріліп,өзге тіліді аудиторияларда әр түрлі жағдайда қазақ тілінің ауызекі сөйлесу үлгілерін пайдалана білуге үйретеді.

Оқушының  қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеруі,оның коммуникативтік компетенциясының қалыптасуын қамтамасы етуге бағытталған көп деңгейлі,көп қырлы күрделі үдеріс. Қазақ тілі екінші тіл ретінде меңгеру үдеріс бойынша бірінші сабақтан бастап тіл үйренушінің әрбір үйренген жаңа сөзі оның белгілі бір сөйлеу интенциясының  жүзеге асуына,коммуникативтік қажеттілігінің орындалуына көмектеседі. Мұндағы тіл үйренушінің бағдарлама бойынша жүзеге асады. Әрбір жана сөз сөйлемде өзінің орны, қатынаста үйренушіге қызмет жасайды.

Өзге  тілді меңгеру үйренетін тілдің лингвистикалық ережелерін жинақтап беру емес, ол екінші тілдің сөйлеу құралдары мен әрекетін,тұлғаларын дұрыс пайдалана білу,сол  арқылы сөйлейтін дәрежеге жету.Демек сөзді,сөйлесуді негізгі ала отырып,одан кейін тілді үйретуге көшкен дұрыс.

Сөйлеуді меңгерту тілі оқушы айтайын деген ойын ауызша және жазбаша түрде екінші адамға түсінікті етіп жеткізуін қамтамасыз ету болса,ал сөйлеуді үйрету күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты іске асып отыруы керек.

            Сондықтан коммуникативтиік мәні бар фразаларды,сөйлемдерді меңгерген

оқушылар өзі материалдарын күнделікті қолданыста ойын, тілегін, ұсынысын, үмітін,күдігін, қуанышын, ренішін т.б. білдіру үшін қолдана алуы керек.

Алғашқы танысу сабақтарында өзге тілді аудиториядағы тіл үйренуші келесі фразаларды құрастыра бастайды:Мысалы:

1/-Танысайық.

2/ Бұл кім?Оның аты кім?

-Менің атым Дима.

-Ол менің досым.Оның аты Аскар.

-Сенің атың кім?

-Менің атым Бақытжан

-Халдарың қалай?

-Жаман емес.Рахмет.

-Өте жақсы,мен  қуаныштымын!

-Сау болындар.

-Мен де.

Міне,осы сында қысқа диалогтар құрастыра отырып,ілеспе түрде грамматикадан хабар беріп, осы лексикалық бірліктерден жасалған тіркестерді көбейте түскен дұрыс болды.Мысалы:Сенің жасың нешеде? Досың қайда тұрады? Сен қай мектепте оқисын? Құрбын қандай адам?Отбасымен қалай турасындар ?т.б.

Осындай сұрақтарды оқушылар  бір біріне қойып,жауап алысып, бірінің қателерін байқап, оны  кезінде жөндесе,өздерінің тілді игере бастағанын байқап,тілге деген құштарлықтары қалыптаса бастайды. Оқушылар екі,үш сөзден тұратын шағын фразаларды тезірек үйреніп,оны қатынас кезінде еркін қолдана алады.

Оқушылар тілді тез арада меңгеру үшін диалогтық сөйлесу барысында әр түрлі ситуациялар ұйымдастырып,тілдік жеңіл фразалардан бастап,әрбір деңгейге байланысты күрделі сөйлемдерді көшіп отыру керек.Сонымен қатар ,қазақ тілі екінші тіл ретінде меңгерген кезде әр түрлі ситуацияларда,жағдайларда қандай тілдік қатыснас жасау керектігі ғана емес,елтанымдық бағыт бойынша қазақ елінің мәдениетінен,өнерінен,әдебиетінен мәлімет беру керек.

Бастапқы деңгейдегі диалогтық сөйлеуді дамытудың сапалы жолдарының бірі сабақта бір қалыптаған диалогтарды қолдану болып табылады. Белгілі болғандай,бір қалыптағы диалогтар бір үлгідегі ситуациялық жағдайда қызмет көрсетеді.

Тіл үйрету барысында тілдік материалдар негізіндегі рөлдің анық белгіленуімен,тұрмыстық тақырыптағы  жағын- диалогтарды қолдануға болады.Жағын-диалогтарды  айту үшін оны жаттау ұсынылады. Шағын –диалогтарды айту үшін оны жаттау ұсынылады.

Міне,мысалы, «Танысу», «Менің отбасым», «Бұл мектеп пе?» «Қайда тұрасын?»,

«Ауа-райы», «Туған қала»,  т.б. сияқты тақырыптар бойынша қарапайым жағын – диалогтарды қолдануға болады.

Оқушы сөйлеудің ауызша түрлерін меңгеріп, оны қазақ тілінде сқйлеушілермен еркін және тиімді қарым қатынас жасау барысында қолдана алу қабілетін дамытады және тіл жүйесі туралы білімін терендете отырып,тілді үйренуді әрі қарай жалғастырып, үйренгендерін еркін қолдана білу деңгейіне дейін жетеді.

Оқушылар жоғары деңгей қазақ тілі меңгерген деңгейін көрсетеді.Бұл деңгей тіл жүйесінің негізгі категорияларымен аныстыруда қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, тұрмыстық,әлемуметтік,мәдени т.б. қоғамдық  ортада өзін-өзі ұстап,еркін сөйлесе алу дағдысын қалыптастырады.

Қазақ тілі терең  меңгеруге байланысты жүргізілетін барлық парктикалық жұмыстар –оқушыушыларды адамгершілікке,ізеттілікке тәрбиелеуге,сөздік қорын байытуға,мәнерлеп оқу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, шығармашылық ой-қабілетін дамытуға, өз ойын дұрыс, жүйелі түрде, дәлелдеп айта алатын деңгейге жеткізуге арналған.

            Қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерту барысында бүгіндері оқушыға алдымен сөйлесуді үйрету керек.Сондықтан алдымен сөзді,сөйлесуді негізгі ала отырып, содан соң тілді үйретуге көшкен жөн. Демек,тіл меңгеру жүйесі тілмен түсінуді қамтамасыз етуге бағытталған сөйлесімді үйретуге қатысты жүруі керек.

Тілдік коммуникативтік мақсатқа жетудің бір жолы диаогтық сөйлесу арқылы рөлдік қарым-қатынасты жүзеге асыру болып саналады.Өйткені диалогтық сөйлесу барысында рөлдік қарым-қатынасты жасау арқылы тіл үйренуші сөйлесім әрекеттерінің барлық түрлерін меңгереді. Тіл үйреніп жатқан оқушылар диалогты тәжірибеде қолданғанда міндетті түрде дұрыс пайдаланып,оның қыр-сырларына жеке  көңіл бөлуі қажет. Әйтпесе өзге тілдің тілдік  табиғатының ерекшеліктерін түсіну қиынға соғады.Оқушылар күнделікті өмірде кездесетін жағдайлары байланысты өз ойын,пікірін тұжырымдап,сол ойды сөзбен бейнелеп,сөйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдарын меңгерген кезде ерін сөйлеу денгейне жетеді.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж