Материалы

Мнемотехника әдістерін мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста қолдану

Суеншова Жанаргул Кайырбаевна

БҚО Қаратөбе ауданы «Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» тәрбиешісі

 

Баланың ақыл-ой тәрбиесінің маңызды жағдайы болып табылатын мектепке дейінгі жас сөйлеудің әдемі, нақты, сауатты негіздерінің қалыптасуының өте қолайлы кезеңі.

Балалардың ақпаратпен аса қаныққанын ескерсек, қазіргі уақытта оқу үдерісін олар үшін қызықты, дамытушы түрінде ұйымдастыру қажет. Балалардың оқуын дұрыс ұйымдастыру – өте күрделі іс болғандықтан, оқытудың ең тиімдісі баланың мүмкіндіктерінен аспайтын дамуының озықтығы болу керектігін есте сақтау керек. Сондықтан көпшілік мақұлдаған әдістер, принциптермен қатар тиімділігі айқын шығармашылық, өзіндік әдістемелерді қолдану әбден дәлелденген. Мысалы, мнемотехника.

 

Мнемоника (гр. 'τα μνημονιχα' - есте сақтау өнері) – табиғи ассоциациялар жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы.

Мнемоника таңбалары сақталып қалған не топталған бірнеше зат арқылы, солардың суреттерінен көрінуі мүмкін. Мысалы,садақаға —соғыстың, соғыс жариялаудың мнемоника таңбасы. Қазақстанның таулы аудандарында танбалы тастар көп, солардың бетіндегі қолына найза, садақ ұстаған адамдар мен әр түрлі аң суреттері ерте замандағы аң аулау көрінісін еске түсірегін мнемоникалык таңбалар болып табылады.

Ал қосымша ассоциацияларды жасау арқылы естің көлемін ұлғайтуды және есте сақтауды жеңілдететін әртүрлі тәсілдер жүйесін мнемотехника деп атайды. Ол грек тіліндегі «mnemonikon» сөзін аударғанда – есте сақтау дегенді білдіреді. Бұл сөзді  Пифагор Самосский (ж.э.дейінгі 6 ғ.) тапқан деп айтады. Есте сақтау өнері ежелгі грек әйел құдайы Мнемозина – тоғыз муза анасының  есіміне байланысты қойылған.Мнемотехника бойынша бірінші сақталған жұмыстар ж.э.дейінгі 86-83 жылдарымен даталанған және Цицерон мен Квинтилианның қаламына ие («Мнемотехника тарихы» айдарын қарауға болады).

Мнемотехника – бұл көру бейнесінің қисындасуына айналған ақпаратты миға дәйекті жазуға мүмкіндік беретін  ішкі жазу жүйесі. Мнемотехника мидағы есте сақтаудың табиғи механизмдерін қолданады және ақпаратты есте сақтау мен еске түсіру үдерісін толық бақылауға мүмкіндік береді. 

Елестетіңіздерші сіз жазбайсыз, оқи алмайсыз, ал сіздің күнделікті қолданатын ақпараттың көлемі үлкен болғандықтан миыңыз оны әзер дегенде өңдейді. Сіз бұл психологиялық триллердің сценарийі деп айтарсыз, ал шындығына келсек бұл мектеп жасына дейінгі баланың өмірі. Оған қазіргі таңда көмектесе алатын, ақпаратты жүйелеп есте сақтауға көмектесетін көрнекі құралдар мен тәсілдер - мнемотехника әдістері.

Осындай құралдың көрнекі мысалы болып балабақшадағы сүлгі ілетін ілгіштер мен шкафтардағы суреттерді айтуға болады. Бала шкафының бетіне салынған алманы есіңде сақтап, орамалының да осындай жеміс бейнеленген ілгіште ілінгенін түсінеді. Балабақшаларда көрнекілік суреттер – әрекеттер алгритмі кеңінен қолданылады.

Әртүрлі бейнелі суреттерді жинай отырып, балаға суреттерді топтастырып, қандай белгілеріне қарай топтастырғаны туралы түсіндірме алуға болады. Солай, баланың есі дамығанымен қатар, логикалық ойлау дамиды. Әрі қарай, бала суреттерді дұрыс жинап топтастырып үйренген соң, заттардың атауларын баспа әріптермен жазып қоюға болады. Осылай, баланы оқуға дайындайтын құрал шығарасыз. Әріптерді орналасуы мен заттардың атауларын есте сақтай отырып, еш қиындықсыз ойнай отырып оқуға үйренеді.

Әр адам ақпаратты кодтауды және кодсыздандыруды әрқашан іске асырады. Ауызекі сөз жазбаша сөзге, ал жазба сөз ауызекі сөзге айналдырылады. Жол жүру ережелері жол жүру тәртібінің белгілеріне, дыбыстар әріптерге, музыка нотаға айналады. Ақпарат ымдармен кодталады және қандай да болсын адам ым тілін түсінеді.

Мнемотехникада қандайда болсын есте сақталатын ақпарат ми тіліне кодталады. Ми тілі – бұл көру бейнелері. Мнемотехникада, көру бейнелері үйреншікті мағынасын жояды, олар тек қана есте сақтаудың құралы ретінде қарастырылады. Бейнелер арасындағы байланыс жақсы сақталу үшін ыңғайлы болуы және кейбір талаптарды қанағаттандыру керек.

Мнемотехниканың көптеген тәсілдері әрекет етеді, алайда мектеп жасына дейінгі балаларға қолайлысы: топтастыру, классификация, тірек пунктті табу, кестелеу, материалды құрылымдау.

Топтастыруда – материал бөліктерге бөлінеді. Сонымен қатар материалды нақты белгіленген бөліктер класстарға бөлуге болады. Басқа сөзбен айтқанда ақпаратты классификациялау. Мысалы, жануарлар мен өсімдіктерді, тірі және өлі объектілерді айыру және т.б. Бұл тәсіл сонымен қатар классификация деп аталады. Осы тәсілдердің жақсылығы есте сақтауға қажет материал қанша бөлік немесе классқа бөлінсе сонша рет жадыға түсетін жүктеме азаяды.

Қандай да болсын ақпарат есте сақтау үшін тірек болатын бірдемені сақтайды. Бұл тәсіл тірек пунктті табу деп аталады. Мысалы, әңгіме,ертігінің мәтінін есте сақтау үшін бірнеше тірек пункттерін қолдану керек. Бұл есте сақтаудың жоспары немесе мнемикалық жоспар. Көп жағдайда балалар материалдың негізгі материалы кесте түрінде жасалса оны есте тез сақтайды. Бұл тәсіл кестелеу деп аталады. Жекелеген ақпаратты есте сақтау жеңіл. Қандай да болсын байланысты табу кезінде, делдал есте сақталғанға өзінікін де қоса отырады. Бұл тәсіл материалдытолықтыру деп аталады.

Құрылымдауда материалдың ішкі байланыстары құрылып ол тұтастай қабылдана бастайды. Бұл тәсіл материалдың реттелуіне бағытталғансоң қандайда болсын ақпаратты жақсы есте сақтауға және жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі жас – естің бейнелі формалары мен негізгі құралдарының дамыған кезеңі, бұл жаста бала сенсорлық эталондарды, әртүрлі белгілер мен символдарды, көрнекілік үлгілерді игереді.

Әр жас кезеңдеріне қарата берілетін сөздік қордың, сөз ішіндегі, тіркес аралығындағы дыбыстардың дұрыс айтылуын біліп қана қоймай, оларды өзара байланыста алып, грамматикалық құрылымын тиімді әдіс-тәсілдермен қабылдатуда білікті болу үйретушіге тілдік мақсатты толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жұмысты ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшіліктері мен жеке ерекшеліктерін, әрқайсысының зейін, қабылдау, еске сақтау, ойлау, қиялдау ерекшеліктерін, сезім, ерік, пен жеке дарындылық қасиеттерін жақсы біліп алу керек. Қай жастағы бала болмасын зейіні тұрақсыз, олардың кейбірінің сабақ үстінде әсерленуі күшті, ой бөлісу қабілеті тіпті жоқ десе де болады, сондықтан қазақ тілінің жекелеген сөздеріне қатысты тірек-сызбаларды дұрыс іріктеу, олардың әрбірін мәніне қарата балаларға ажырата қолдануды әдетке айналдыру тиісті нәтижеге қол жеткізеді. Әңгіме оқығанда, тақпақ жаттағанда әрдайым қолданылып келген сызбаларды баланың өздері танып, зейінін тұрақтандыруы, олардың тіл үйренуге деген құлшыныстарын арттыра түседі.

Естиярлар мен ересек балалар топтарында тірек-сызбалармен қатар үйретіліп отырған шығарма сөздеріне, персонаждарына қатысты бояуы қанық тартымды салынған суреттер беріледі. Ал мектепалды даярлық тобында тақпақ мәтіні жартылай сурет арқылы, жартылай сөз арқылы, күрделендіре отырып, сөз сызбаларын ұсынуға болады.

Мектеп жасына дейінгі баланың есі еріксіз сипатқа ие, яғни баланың өмірлік тәжірибесіне жақын заттар, құбылыстар, уақиғалар оның есінде жақсы сақталады. Жас қосылған сайын ес ерікті болады, бала өзіне керек мәліметтерді есте сақтау және жаңғырту үдерістерін  үлкендердің көмегімен басқарады. Есті жақсарту үшін балаларды есте сақтау мен еске түсіру тәсілдерімен таныстыру керек. Мнемотехника осыған ықпал етеді.

Мнемотехниканымектеп жасына дейінгі балалардың оқытуында қолдану, келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

‒                       жүйелі сөзді дамыту;

‒                       абстрактты символдарды бейнеге айналдыру (ақпаратты қайта кодтау);

‒                       қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

‒                       ойлау, зейін, бейнелі ойлау негізгі психикалық процесстерін дамыту, оқытудың уақытын қысқартатын мнемокестелермен жұмыс жасау тәсілдерін игеру.

Заттық мнемокестелер бойынша түсі, көлемі, дәмі, дыбысы, температурасы және т.б. нышандар бойынша салыстыруды құру үлгісі жасалады. Тілді дамыту үдерісінде мнемотехниканы қолдану екі аспектіге ие:

‒                       танымның белгілі әдісі болып қызмет етеді;

‒                       жаңа құбылыстарды талдау үшін бағдарлама болып табылады.

Мнемотехниканың тәселдері төмендегі кестеде келтірілген.

 

 

Фантазияны және шығармашылық тілдік әрекетті ынталандыру үшін бастапқы кезеңде балаларда белгілеу-символикалық функцияларды  қалыптастыру керек. Шартты алмастырушы ретінде әр-түрлі сипаттағы бейнелер (символдар) болуы мүмкін:

‒                       геометриялық пішіндер;

‒                       заттың бейнелемелік бейнелері (шартты белгілер, силуэттер, пиктограммалар, сұлбалар);

‒                       жоспарлар және шартты белгілер;

‒                       қарама-қарсы жиектеме т.б.

Қандай да болсын жұмыс сияқты мнемотехника қарапайымнан күрделіге құрылады. Жұмысты қарапайым мнемотекшелерден бастап дәйекті түрде мнеможолақтарға ауысып (2Х2 кішігірім 4 текше), соңынан –мнемокестелерге көшу керек.

Балаларда ерте жастан белгілі дағдылар мен біліктерді жинақтау үшін оқу үдерісіне мнемокестелер (схемалар) енгізіледі.

Мнемокесте бұл белгілі ақпарат салынған кесте. Мнемокестелерде нені бейнелеуге болады? Мнемокестелерде іс жүзінде барлығын бейнелеуге болады – яғни кейбір істердің, табиғат құбылыстарының, ертегі кейіпкерлерінің графикалық суретін, не керек дегеннің барлығын салуға болады.

Алайда салғандарыңыздың барлығы балаларға түсінікті болу, олардың көрнекті ассоциацияларын туындату керек. Кіші және орта мектепке дейінгі жастағы балалар үшін түрлі-түсті мнемокестелер қолдануы ұсынылады, өйткені бұл жаста әлідесенсорлық эталондар қалыптасуда.

Балабақшада мнемотехника әдісін қолдану шынымен де жақсы нәтиже береді. Мнемокестелерді қолдану балаларға көрген ақпараттарын жақсы қабылдауға және қайтадан өңдеуге, кодтауға қойылған оқу міндеттерімен сәйкес оны сақтау және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Әдістің мәні – заттың бейнесін қолдану емес, оның символын жанама түрде есте сақтау үшін.Бұл балалармен сөздерді табу мен есте сақтауды жеңілдетеді. Кестелерді жасау үшін сурет салу қабілеттілігнің керегі жоқ, әр педагог таңдалған әңгімені заттың немесе объектінің символикалық бейнесін салуға мүмкіндігі бар

Жұмыс бірнеше бөліктен тұрады

1.Кестелерді қарау және онда бейнеленген символдарды талдау. 

2.Символдарды бейнеге өзгерту. 

3.Материалды жаңғырту(қайта айту, мәтінді жаттау, әңгіме құрастыру).

Мнемокестелердің көмегімен әңгімелеуге үйретуде ең бастысы –кодталған сөздерден, сөйлемдерден уақытылыаулақ кету. Балаға есіне түсірусіз әңгімені құрастыруға мүмкіндік беру, яғни біз бірте-бірте монологтық сөйлеуге үйретуге жақындауымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. URL:https://kk.wikipedia.org/wiki/Мнемоника#cite_note-s1-1.Уикипедия – ашық энциклопедиясы.  
  2. Большева, Т.В. Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники. - Спб.,2005. - 71с.
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж