Материалы

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ БАРЫСЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ

Альмагамбетова Інкар Акановна  

Қарағанды қаласы, «104 мектеп-гимназиясы» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістің бірі–қашықтықтан оқыту форматы. Даму жолындағы мемлекет болғандықтан, оқытудың бұл технологиясын қолданудың өзі жетістік деп айтуға болады. Себебі бәсекеге қабілетті, кәсіби маман жаңа білім алу жолдарын меңгеріп, іске асыра білуі тиіс деп ойлаймын. Алдымен, қашықтықтан оқыту жүйесі дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек. Қашықтықтан оқыту – оқушы мен ұстаздың жанама немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. «Онлайн» режиміндегі оқу сабақтары білім алушы мен педагог арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті үдерісін қарастырады. Қашықтықтан оқыта отырып, оқушының алған білімінің нәтижесін бағалау немесе күнделікті оқушы қандай деңгейде білімге қол жеткізіп жатыр деген сауалда әрбір адамзатты толғандырады. Осы тұрғыда критериалды бағалаудың қашықтықтан оқытудағы тиімділігі және жолдары деген ойға тоқталып өтсем.

 

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдынала белгіленген критерийлердің (Р.Ю.Глейзер енгізген) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше деуге әбден болады. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды қамтиды. Күнделікті сабақтың өн бойында жүретін бағалау қалыптастырушы бағалау. Бұл бағалаудың түрі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін байқатады, оқудағы қиындықтарды 6 анықтауға, оқу бағдарламасындағы белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Бағалау – білім беру үрдісіндегі қажет басты құрама бөліктердің бірі. Бұл үрдісте оқытушы оқушының ағымдағы және қорытынды үлгерімі туралы ақпаратты жинақтайды және талдайды. Бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері және құралдары білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына (мектептің әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар) түсінікті болуы керек. [1.7]

Бүгінгі таңда еліміздің барлық мектептері білім берудің жаңартылған бағдарламасына көшкені мәлім. Мысалы 2016-2017 оқу жылдарында 1-сыныптар, 2017-2018 оқу жылында 1,2,5,7 – сыныптар, 2018-2019 оқу жылында 1,2,3,5,6,7,8-сыныптар жаңартылған білім мазмұны негізінде оқытылуда. Білім берудің жаңартылған бағдарламасына сәйкес білім алушының өзі емес, оның білімі және сабақ барысындағы жұмысы бағаланады. Бұл бағалау критериалды бағалау жүйесі негізінде жүзеге асады. Критериалды бағалау жүйесі – оқушының білім деңгейін бағалау. Критериалды бағалау жүйесінің екі түрі бар: 1) қалыптастырушы бағалау; 2) жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз – білім алушының әр сабақ соңындағы білім деңгейінің ауызша немесе жазбаша түрде бағалануы. Оқу бағдарламасына сәйкес сабақ беру және оқыту бөлігі ретіндегі мұғалімдердің жүргізетін ағымдағы бағалауы. [2.10

]Бұл бағалау түрі педагогтың шеберлігіне байланысты әр түрлі көрініс табуы мүмкін. Мысалы ашық немесе жабық тест түрінде, сұрақ-жауап түрінде тіпті дискурс түрінде болады. Ал жиынтық бағалау дегеніміздің өзі екі түрлі көрініс табады. Бірі – бөлім бойынша, екіншісі – тоқсан бойынша. Демек, оқушы қалыптастырушы бағалау арқылы әр сабақтағы немесе әр тақырыптағы білім деңгейін бағаласа, жиынтық бағалау арқылы өтілген әр бөлімге немесе тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарға байланысты өзінің білім деңгейін бағдарлай алады. Бұл бағалау жүйесінің басты ерекшелігі: білім алушыға алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; оқушының көздеген мақсаты мен нәтижесінің анық әрі айқындылығы; жеке тұлғаның емес, тұлғаның жұмыс нәтижесіне деген бағаның әділдігі; оқушыға өзін және өзгені бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Критериалды бағалау жүйесінің бірқатар ерекшеліктеріне сай оның білім берудегі артықшылықтары мен мұғалімге, ата-анаға деген тиімділігіне тоқталып өтсек: критериалды бағалаудың негізгі артықшылықтары: ü Оқушы емес, оның сабақ барысындағы жұмысы бағаланады; ü Оқушының жұмысын бағалау әр тапсырмаға сай ұсынылған дескрипторға негізделеді. ü Оқу мақсаттары мен бағалау критерийі оқушыларға алдын-ала белгілі; ü Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі, яғни сабақ мақсаты айқын; ü Оқушыға өзінің білім деңгейі анық көрініп тұрады; ü Нақты критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді; ü Мектептердегі білім берудің сапасы артады. Критериалды бағалаудың мұғалімдерге тиімділігі: ü Әр сабақ соңындағы күтілетін нәтижеге байланысты нақты критерийлерді құрастыруға; ü Өз жұмысын саралауға, талдауға байланысты жоспар құруға; ü Өзінің оқытып отырған пәнінің білім сапасын көтеруге; ü Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға; ü Білім беру мен бағалаудың, кері байланыстың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып, оқушы траекториясын құрастыруға; 7 ü Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді Ал білім алушыларға: ü Күтілетін нәтижені анықтау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; ü Кері байланыс жасауға; ü Сабақ соңында өзінің және достарының білім деңгейін бағалауға; ü Ауызша және жазбаша рефлексия жасауға; ü Сабақ тақырыбына сай өз ойларын еркін жеткізе білуге, сын тұрғысынан ойлай білуге зор ықпалын тигізеді. Ең бастысы ата- аналарға: ü Баласының білім деңгейін, сабақ барысындағы белсенділігін анықтауға; ü Білім беру саласындағы баласының оқу процесін бақылауға; ü Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалау білім беру үрдісінде зор маңызға ие.

Өйткені қазір оқушылардың білімділігі басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін, оқушы бойындағы ішкі және сыртқы уәжін көтеру , бағалаудың түрлі тәсілдері арқылы оқушының оқу-білімге, ізденімпаздыққа деген құлшынысын арттырып, жігерлендіруге байланысты мақсаттар қойылған. Құзыреттіліктерді қалыптастыруға негізделген жаңадан қалыптасқан білім беру парадигмасы, жаңадан пайда болған білім стандарттары оқушылардың жетістіктерін бағалаудың бірыңғай критериалды технологиясын жасауға және қолдауға келіп тоқтайды. [1.11] Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған. Қорытындылай келе, жалпы бағалау үдерісінің кезеңдерін еске түсірсек. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етіледі:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
  • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
  • оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу;
  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
  • кері байланыс ұсыну;
  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж