Материалы

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАША ОҚЫТУ

Шайхина Айсулу Елеубеккызы

Қызылтау негізгі орта мектебі

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі

Қарағанды облысы Шет ауданы

 

Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тəрбиелеудің соңғы əдіс-тəсілдерін, инновациялық-педагогикалық технологияларды игеруді талап етеді. Шығармашылық педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім, зерделі оқытушы болуын қажет етеді. Бүгінгі таңда қозғалып жатқан ең өзекті мəселелердің бірі білім беру жүйесінде жаңа электрондық технологияны енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, жетістіктері мен жеке тұлғаларды қалыптастыру жəне қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар жасау. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу əдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

 

Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сəйкес оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық ұстанымдарын анықтау жəне айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту əдістеріне, оқытудың формасына жəне құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың əдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр. Дəстүрлі əдістемелік жүйеде оқу үрдісіндегі бөліктер бірдей жəне бір уақытта қатысады. Ал классикалық оқу үрдісінде əдістемелік тəсілге байланысты оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі формалары, əдістері мен оқыту құралдары қолданылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта электрондық оқулықтың құрылысы сапалы жəне жаңа деңгейде болуы тиіс. Электронды оқулықтың ең қажет элементі аудиохабарлар болып табылады. Инновациялық білім беру құралдары, аудио-видеоқұралдары, компьютер, интерактивтік тақта, Интернет, компьютер мультимедиалық құралдар, электрондық оқулықтары мен оқу əдістемелік кешен, медиатека, инновациялық веб-сайт жəне т.б.

Қазақ тілін жаңаша оқыту барысында сабақта жан-жақты технологияларды ұтымды қолданып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқыту кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы əрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, əдістерін жəне құралдарын сəйкестендіріп таңдап алуды, нəтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету керек.

Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі əр түрлі суреттер, сұлба, тəсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалдық қорыту үрдісі ұтымды болады.

Кез келген оқыту технологиясы іс-əрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады. Тіл үйренушінің оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында, алдымен ұғымға сəйкес түсінікті болуын ескеру қажет, берілетін тапсырманың тəрбиелік мəніне көңіл бөлініп, сезімді, қызығушылықты оятатындай құрылуы керектігі ескерілуі қажет.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net