Материалы

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Рахыметжан Ахмарха

«Жаңаталап орта мектебі» КММ

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі

 

Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлт үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде, туыстас түркі халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ.

 

Латын әліпбиі барлық тілдерге ортақ. Өйткені латын тілі тек жазуда ғана қолданылады. Сондықтан оны ағылшын да, француз да, неміс те, италияндық та, өзбек пен түріктер де пайдаланады. Латын әліпбиі медицинада, ғылым мен техникада, компьютер тілі ретінде кеңінен қолданылады. Сондықтан латын графикасына негізделген қазақ жазуын жасау – заман талабы, уақыт сұранысы. Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда. Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білдіреді. Латын графикасының орфографиялық жұмыстар бағыты бойынша https://www.qazlatyn.kz сайтында қажет ақпараттар ұсынылған. Аталған сайттың басты мәзірінде жаңалықтар, жобалар, конвертер, Латын әліпбиі, кітапхана, байланыс орналасқан. «Латын әліпбиі» бетіндегі «Қазақ әліпбиі», «Емле ережелері» бойынша мәліметтер, емле ережелері кең көлемде ұсынылған.

Жаратылысынан жаны таза, намысқой, сөзге шебер, бір ауыз сөздің қадіріне жете білген ата-бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы қандай болуы керек?! Өз елінің баға жетпес мұрасы, төлқұжаты, ұлттық мәдениетінің коды – ана тілін, яғни қазақ тілін жетік білетін, оның сан түрлі қыры мен сырына бойлай алатын тілдің жанашыры, жазу-сызуға сауатты, жетік тұлғасы атануы – үлкен борыш. Сөйлеу мен жазуды айқындап, ойды кемеліне келтіріп, ортақ жетістікке айналуының негізгі көрсеткіші – жазу. Мәдениет те, әдебиет те – жазу арқылы дамитын ғылымның басты тетігі.

Әліпби ауыстыру – ана тілімізді басқа тілге (латын тіліне) алмастыру емес, тілімізді түлетіп, қоғам сұранысына сай ету, қолданыс аясын арттырып, осы заманғы ғылыми-техникалық тұрғыдан дамуға икемді тіл ету, тіліміз халықаралық сипат алады. Туыстас түркі тілдерімен қарым-қатынасты нығайту, заманауи техника тілін меңгеру үшін латын әліпбиін таңдауымыздың түпкілікті себебі – осы.

Тіл табиғатын сақтап, даму заңдылығын бірізді етіп, тілдің табиғи заңдылығына негіздеп, фонетикалық жүйесін реттеп, орфография қалыпқа келтіріледі. Мектеп қабырғасындағы кейбір теориялық ережелерді заңдастыру, қалыптастыру қажеті артады.

        Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру кезінде ең алдымен, ұлттық тілдің табиғатын, тазалығын сақтау, қазақтың дыбыстық жүйесін сол қалпында таңбалап бере алатын графиканы енгізу, ұлттық жазу мен тілдік қорды сақтап қалу. Жаңа әліпби бүгінде саны екі жүз миллионнан асатын түркі тектестердің басын қосатын фактор. Қазақ тілінің халықаралық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді, әлемдік ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді болады. Осының барлығы, елдігіміздің тұғырлы болуы мен ұлттық құндылықтарын сақтауға, рухани болмысының жандануы мен жаңғыруына тамаша жағдай туғызады.

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев 2017 жылы латын әрпіндегі қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынды, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындау жоспарланды. Осыған орай, бүгінгі таңда латын әліпбиіне көшудің қызу қарқынды жұмысы басталып та кетті. Республикалық, облыстық, қалалық, тіпті шағын аудандарда ұйымдастырушылық, ғылыми және өзге де түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Республика көлемінде өтіп жатқан конференциялар мен дөңгелек үстелдерде филолог ғалымдардың қатысуымен латын әліпбиіне көшудің тарихи, әлеуметтік, тілтанымдық негіздері жан-жақты талқылануда. Халықтың пікірін білу мақсатында түрлі зерттеулер жасалды. Латын графикасына оқытушылар мен оқулықтарды әзірлеу, оқу орындарында оқыту, сауаттылық деңгейін көтеру, қазақстандық білім беру саласы әлемдік білім беру мен заманауи кеңістіктегі артықшылықтарға жетіп, даму жылдамдығына ие болды. Осы игілікті жұмысқа атсалысу – біздің де, мектеп қабырғасындағы шәкіртті оқытып жүрген ұстаздардың да, алда тұрған міндеті.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net