Материалы

БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Мырзабекова Б.К.

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,  Қарақұдық ауылы

«Амангелді орта мектебі» КММ – нің

қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі

 

Жаңартылған білім беру мазмұны талабына сай мұғалім белсенді оқу әдіс-тәсілдері арқылы білім беруді мақсат тұтады. Белсенді оқыту – өзара әрекеттесу, үйрену мен үйрету арқылы білімді меңгертуге және нақты нәтиже алуға бағытталған оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Белсенді оқыту мұғалім мен оқушының оңтайлы, тиімді қарым-қатынасына негізделіп, өзара әрекеттесуіне негізделеді.

 

Белсенді оқыту нәтижесінде оқушылар төмендегідей білім, білік, машықтарға үйреніп, дағдыланады:

- дүниетанымдық тұрғыдан терең ойлану, жеке қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігімен түсініп, ішінен қажеттісін таңдап алу;

- ақпаратты жан-жақты талдау;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

-оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік көзқарас ұстану;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- басқа да балама пікірлерді ескеру;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

- ұжымдық ортақ жұмысқа жұмыла білу;

- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу.

Бұл әдістер оқытудың нәтижелілігін, оқушылардың ізденісін, шығармашылық әрекеттерін жүзеге асырады. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытуға, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, өзге пікірді сыйлауға, онымен санасуға үйренеді.

Сонымен бірге бұл белсенді оқыту тәсілдері оқу үрдісіне бүкіл оқушылардың қатысуын талап етеді. Бірқатар белсенді әдістерді атап өтуге болады: Карусель, Аквариум, Аяқталмаған сөйлем, Миға шабуыл, Джигсо, Кубизм, 4 сөйлем, т.б.

Белсенді оқыту әдістерін мұғалімдер сыныптағы оқушылардың білімі мен деңгейіне, қабілетіне байланысты түрлендіріп қолдана алады. Оқушылар жұптасып, топтасып, жеке, сыныппен жұмыс істей алады. Ең бастысы, мұғалім жақсы ұйымдастырушы бола білуі керек. Аталған әдістерде оқушы мен оқушы немесе оқушы мен мұғалім үнемі сұқбаттасып отырады. Бұл оқушылардың тілін дамытуға, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, танымын кеңейтуге септігін тигізеді. Оқушылардың тілдік дағдысын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Белсенді әдіс-тәсілдер оқушыны өздігінен ізденуге, өзінің жетіспей жатқан жақтарын жетілдіруге, қатесін зерделеуге итермелейді. Оқушылардың барлығы өздері білетін, ойлайтын нәрселері туралы ойлауға, оны қарай дамытуға мүмкіндік алады.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net